А. Г. Исаева, Г. С. Еркенова, С. М. Исаева



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата26.12.2023
өлшемі1,03 Mb.
#144407
1   2   3   4
Байланысты:
ЖИТС-ПЕН-ҚОСАРЛАНҒАН-ТУБЕРКУЛЕЗДІ-ЕМДЕУ-ТАКТИКАСЫ

Негізгі аурудың асқынуы
: Созылмалы өкпе-жүрек жетіспеушілігі 2-3 саты. ТАЖ 3 саты. Кахексия 2 саты. Полиоргандық 
жетіспеушілік.
Қосымша диагнозы:
ЖИТС (В-20 3-4 сатысы). Созылмалы ВГ С. Опиоидты наркомания. Созылмалы алкоголизм. Созылмалы 
пиелонефрит. Созылмалы холецистит. Созылмалы панкреатит. 
Шағымдары:
қақырықты жөтел, жалпы әлсіздік, ентігу, кеудедегі ауру сезімі, дене қызуының жоғарлауы, дене салмағының 
төмендеуі. 
Anamnesis morbi
: Туберкулезге шалдыққанына 8 жыл болған. Екі жақты инфильтратты туберкулезі ТМБ+ диагнозымен бас 
бостандықтан айыратын мекемесінің емханасында емделген. Сол емдеу мекемесінде 3 жыл бойы екі жақты өкпенің фиброзды 
кавернозды туберкулезімен ем қабылдады. Өкпе туберкулезі диффузды өкпе эмфиземасы, жүрек және өкпе жетіспеушілігімен
асқынады. Бас бостандықтан айыратын мекемесінен босатылған соң 3 жыл бойы өкпе флюрографиясын жүргізбеген. Жоғарыда 
аталған шағымдары 6-8 ай бойы мазалаған, дәрігерге қаралмаған.
Anamnesis vitae: 
Қосымша науқаста ЖИТС (В-20 3-4 сатысы) анықталады. Созылмалы ВГ С. Опиоидты наркомания. Созылмалы 
алкоголизм. Созылмалы пиелонефрит. Созылмалы холецистит. Созылмалы панкреатит. 
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Соңғы 1,5 жылда саяжайда жалғыз өзі тұрады, тұрақты мекен жайы жоқ 
адам.
Клиникалық көрінісі: 
Жалпы жағдайы ауыр ауырлықта. Есі анық. Терісі таза емес, бозғылт. Перифериялық лимфа түйіндері 3 топта 1-2 дәрежеге 
ұлғайған, пальпацияда ауру сезімсіз. Дене температурасы 39 : C жоғарылаған (сурет 1). Өкпесінде тынысы екі жағынан қатаң 
тыныс, ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ-22 рет 1 мин. Жүрек тоны бәсеңдеген, ырғақты. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Пульсі минутына 
88 рет. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасынан 3 см ұлғайған, көкбауыр ұлғаймаған. Кіші және үлкен дәреті қалыпты, 
ауру сезімімен. 
Сурет 1 - Науқастың дене температурасының парағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет