А. Г. Ривин (1877-1944) Киев маңайындағы Корнин хуторында педагогикалық экперимент жүргізді. Бір жыл барысында ол жалғыз өзі 10-16 жастағы 40 баламен сабақ



бет2/2
Дата29.12.2023
өлшемі22,26 Kb.
#144875
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Ұжымдық оқыту

Ұжымдық технологиялар.
В.К.Дьяченко бойынша оқытудың топтық тəсілінің ұйымдастыру құрылымы қиыстырылған немесе құрастырылған болуы мүмкін, яғни өзіне əр түрлі формаларды қосады: топтық (біреуі көбін оқытады), жұптық, жекелей. Соның ішінде басымдық мағынаны да ұжымдық қатынас алады. Ұжымдық технологияларға мыналарды жатқызуға болады:
- Сыныптық-сабақтық ұйым.
- Дəрістік-семинарлық жүйе.
- Дидактикалық ойындар.
- Бригадалық-лабораториялық əдіс жəне т. б.
Дұрыс педагогикалық басқаруда бұл формалар ұжымның негізгі шарттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді: жалпы мақсатты түсінуге, міндеттерді мақсатқа сəйкес тарату, өзара байланыстылық жəне тексеру, бақылау. Ұжымдық оқытудың психолого-педагогикалық негіздемелері:
- Іс-əрекет принципін жүзеге асыру.
- Оқу мен білім алу мотивацияларын қалыптастыру;
- Білімнің жалпыға бірдей, жалпы қамтитын тексеріс, бақылау;
- Оқу ұжымындағы психологиялық ахуал;
- Тəрбиелеу мен білім берудің бірлігі;
- Субъект-субъект қатынасын жүзеге асыру.
Ұжымдық оқытудың мəні - педагог пен оқушылар жəне оқушылар арасында өзара əрекет жүреді, академиялық білім оқушыларға басты өмірлік құндылықтарды айқындап алуға көмектеседі.
Ұжымдық оқытудың артықшылығы:
- Өмірдің ең басты əдет-дағдыларын үйретеді.
- Əрекетті, əсерлі қарым-қатынас.
- Тыңдай білу шеберлігі.
- Дау-жанжалды шешу шеберлігі.
- Ортақ мақсатқа жету үшін жұмыстана білу шеберлігі.
- Академиялық үлгерімі жақсарады.
- Өзін-өзі сыйлауға тəрбиеленеді.
- Сыныптағы достық нығаяды, мектепке қатынас өзгереді.
- Жарыстың негативті жақтарынан құтылуға мүмкіндік пайда болады.
- Оқушылар өзара көмектің құндылықтарына көзі жетеді.
Ұжымдық оқытудың типтері:
- Өзара оқыту (жұппен);
- Бірлесіп отырған топ;
- Кішкене команда;
- Барлық сыныпқа арналған тапсырма.
1. Ережелерді орнату жəне оны орындау; «Дайын» ережелерді таныстыру керек немесе оқушыларға оларды өзбетімен құрастыру керек. Бұл ережелер жауапкершілік сабағы жəне демократия сабағы да болатынын талқылау қажет. Ережелер 5-тен кем болмау керек. Жағымды ережелер жағымсыздардан жақсырақ (нені жасамау 70 керектігін емес, нені жасауға «тиісті» екенін көрсету керек). Ережелер көрінетін жерде орналастыру керек. Ереже ойынның барлық қатысушыларымен қатал түрде орындалуы керек. Ережелерге мысал:
- Топ-топқа тез жəне шусыз бірігіңіздер.
- Қажетті материалдарды алып келіңіздер.
- Тыныш сөйлеңіздер.
- Біреу сөйлегенде назар салып тыңдаңыздар.
- Жұмыстың соңына дейін өз тобыңызда болыңыз.
2. Əрқайсысына өзінің рөлін белгілеу. Балалар нақты тапсырманы белгілеп қана қоймай, сонымен қатар сабақтың мақсатын білуі керек, балалар орындай алғанынша тапсырманы əрдайым күрделендіріп беру қажет. Себебі олар көбірек жасауға талпынуы қажет, сол үшін тапсырмалар өмірге қатысты болған жөн.
3. Тапсырмаларды бөлу жəне əрқайсысына оны орындау уақытын көрсету.
4. Сыныпқа жауап комментарий беру. Балалар қалай жұмыс жасағандарын, олардың жауабы сіздің күткен жауабыңызға сəйкес келетіндігін немесе адекватты екендігін білгісі келеді.
Жетістікке жетудің жолдары:
- Ережелерді бөлу.
- Топтық жұмыстың біліктілігін үйрену.
- Жұмыс ортасын құру.
- Жауапкершілікке үйрену.
- Ұжымдық оқыту мен тапсырманың өзара сəйкестігі.
Қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, əсіресе білгенін өмірде пайдалану жастарды тəрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа əдістерінің ішіндегі маңыздысы – ынтымақтастықта оқыту технологиясына ұлттық педагогиканы енгізу.
Оның негізгі ерекшеліктері:
- Топтар алдын ала мұғалім басшылығымен құрылады;
- Көбіне топтар тең шамалас, əртектес болады;
- Топтық тапсырманы топ мүшелері орындайды;
- Жеке оқушының емес, топтың жұмысы бағаланады;
- Топ атынан сөйлейтін оқушыны өзге топ не мұғалім таңдайды.
Жеке білімді тексеру бөлек жүргізіледі.
Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Ұжымдық оқытудың əдісі туралы түсінігіңіз жəне көзқарасыңыз.
2. Ұжымдық оқыту əдісіндегі сақталатын принциптерді атаңыз.
3. Ұжымдық технологиямен оқытудың артықшылығы қандай?
4. Ұжымдық оқыту тəсілдерін атай отырып, мəнін түсіндіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет