А. Г. Ривин (1877-1944) Киев маңайындағы Корнин хуторында педагогикалық экперимент жүргізді. Бір жыл барысында ол жалғыз өзі 10-16 жастағы 40 баламен сабақ



бет1/2
Дата29.12.2023
өлшемі22,26 Kb.
#144875
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Ұжымдық оқыту


Ұжымдық оқытудың қысқаша тарихы
Ұжымдық оқыту əдісі Кеңес одағы мемлекеттер аумағында 1918 жылы пайда болды. Педагог А.Г. Ривин (1877-1944) Киев маңайындағы Корнин хуторында педагогикалық экперимент жүргізді. Бір жыл барысында ол жалғыз өзі 10-16 жастағы 40 баламен сабақ өткізді. Балалар жұптасып жəне жекелей жұмыс жасады, есептер шығарды, өлеңдер оқып, жаттады, баяндамалар оқыды, мұғалім жəне басқа да балалар алдында жауап берді. Бұл мектепте дəстүрлі сабақ кестесі болмады. Əр оқушы осы уақыт ішінде 3-4 жылдық оқудың оқу курсын меңгерді. Əлі дамымаған ауыл балалары 1 жылдан соң ойлай білуге, дəлелдеуге, талқылауға, пікірлесуге, гуманитарлық пəндер бойынша күрделі мəтіндерді талдауға үйренді жəне кейбір педагогикалық қабілеттері де көрінді .
Корнин ауылында үш педагогикалық жаңалық болды:
- Отандық жəне əлемдік педагогикада біржылдың ішінде ауыспалы жұпта жəне микротоптарда қарқынды оқыту қызметі жүрді.
- Оқу-тəрбие жұмысында жаңа технология жасалып, сынақтан өткізілді.
- Алғаш рет əр түрлі жастағы өз бетімен білім алатын оқу ұжымы құрылды . Мұнда оқушылар өздерін оқытады, өз-өздерін бақылайды, басқарады, ал мұғалім тек жетекші рөл атқарады. Өкінішке орай сол кездері ұжымдық оқыту түсініксіз болып, дұрыс бағаланбады
Оқыту əдістерінің ерекшеліктері.

Топтық оқыту əдісі

Ұжымдық оқыту əдісі

Ұйымдастырушылық

Нақтылық, жүйелік. Бір кісі сөйлейді оқушылардың бірбірімен сөйлесуі болмайды. Тыныштық. Тұрақты жұмыс орны.

Нақтылық, жүйелілік болмайды. Барлық адам сөйлейді. Барлығы қарым-қатынас жасайды. Жұмыс үстіндегі дыбыстар. Ауыспалы.

Дидактикалық

Педагог оқытады. Барлық материал бəріне бірден беріледі. Өз бетімен жұмыс аз болады. Ынтымақтастық жоқ.

Оқушылар оқытады. Барлық жұмысты өздері орындайды. Ынтымақтастық - оқыту негізі.

Дамытушылық

Оқушы –нысан. Балалардың қабілетін теңестіру. Оқытудың жүйелі қызметі. Сөйлеуге үйренбейді. Түсіндіре алмайды.

Оқушы -субъект+нысан. Жеке ерекшеліктеріне сəйкес. Еркін оқыту. Сөйлеуге, талдауға, дəлелдеуге үйренеді. Педагогикалық қабілеттері дамиды.

Тəрбиелік

Əркім өзі үшін жұмыс жасайды қарым-қатынас-ұжымдылық емес.

Өзіне де, өзгеге де қарым-қатынас жауапты жəне бір-біріне тəуелді түрде (ұжымшыл).

Ұжымдық оқыту əдісінде сақталатын принциптер Ұжымдық оқыту əдісінің жүйесі төмендегі принциптерді сақтаудан тұрады:
- оқушылардың жұмысты ауыспалы жұпта орындауы;
- өзара оқытудың жүруі;
- өзара бақылау;
- өзара басқару.
Оқушылар ұжымында барлығы əрқайсысын жəне əрқайсысы бəрін оқытады. В.К.Дьяченко, Красноярдағы білім қызметкерлерінің білім көтеру институтының профессоры, ұжымдық оқыту əдісінің теоретигі ұжымдық оқыту əдісімен топтық оқыту əдісін дұрыс ажырата білуді ұсынады. Топтық 68 оқыту əдісі-дəстүрлі оқыту əдісі. Топтық оқыту əдісі кезінде оқу кезінде ұжымда бір қатысушы-мұғалім, кеңес беруші. Ұжымдық оқыту əдісі кезінде, бірнеше оқушы бір уақытта басқаларына ықпал жасайды.
Өз кезеңінде А.Г.Ривин «ұжымдық оқыту» əдісінің бірнеше əдістерін жасақтап, əртүрлі жағдайда қолдануды ұсынады:
-оқу пəндері бойынша мəтіндік материалды меңгеру;
-мəтіндерді өзара түсіндіру;
-тапсырмаларды өзара алмастыру; -оқулық бойынша есептер мен мысалдарды шешу;
-өзара диктант жазу;
-өлеңдерді ауыспалы жұпта жаттау;
-жұптасып жаттығулар орындау;
-шетел тілдерін оқу.
Кез келген оқу пəндері бойынша мəтіндік оқу материалын оқып үйрену.
1. Кез келген пəн бойынша оқулықтан мəтінді оқудың маршруты құрылады. Ол үшін берілген тапсырма (мəтін) 3-6 бөлікке бөлінеді. Сынып төменгі, яғни кіші жастағылар болса, мəтін фрагменті де аз болу керек. Орта жастағы сыныптар үшін мəтін көлемі бір беттенкөп болу керек, жоғары сыныптарда  2-3 бетке көп болу керек.
2. Бір партада отырған екі оқушы мəтіннің бірнеше бөлімін оқуды бастайды. Біреуі мəтінді оқиды, екіншісі қарап отырады. Содан соң олар мəтіннің мазмұнын талдайды, яғни біреуі оқығаны бойынша əңгімелейді, екіншісі толықтырады. Бұған қоса хрестоматиядан оқыған мəтінді қосымша айтуларына да болады. Балалар оқыған бөлімге ат қойып, жоспарын жасайды, дəптерлеріне жазады да өз орындарына барады. Екінші бөлімін оқу үшін əр оқушы өзіне басқа жұп табады. Егер мұғалім сыныптағы оқушыларды жақсы білсе, онда жұпты табуға көмектеседі. Бірақ ол міндетті емес.
3. Жаңа жұпта оқушылар əуелі I бөлімнің мазмұнын қысқаша қайталайды. Жоспарларын тексереді. Біреуі I бөлімді əңгімелейді, екіншісі жұбының дəптерінен мазмұнын тексеріп, түзеп, толықтарады. Содан соң II бөліммен жұмыс жасайды да жаңа бөлімдер  3,4,5, т. б. үшін жаңа жұп табуға жан-жаққа кетеді.
4. Мəтінді өңдеуде соңғы кездесу ерекше мəнге ие. Жұпта соңғы бөлімдерді талқылап болғаннан кейін оқушы мұғалімге жұмысты аяқтағаны жайында хабарлайды.
5. Барлық бөлімдерді талқылаған оқушылар 4-6 адам болып шағын топтарды құрайды. Олар барлық материалды айтып шығу үшін барлығына, өзімен қоса сөз беретін жетекшіні таңдайды. Топ əрқайсысына баға қояды. Тапсырмалармен өзара алмасу алдымен бастауыш сыныптағы пəндерді оқытуда қолданылады. Сыныптағы топтық оқыту əдісі басталған сəт тым болмағанда бір оқушының тапсырманы орындағанда, яғни əрбір оқушы өз тапсырмаларын орындап, басқаларды үйретуге даяр кезі саналады. Егер қандай да бір тапсырманы ешкім де шеше алмаса, мұғалім кеңес беруі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет