А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата10.01.2017
өлшемі2,08 Mb.
#1604
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Ән тыңдайық:  

Ақан серінің «Құлагер» әнін 

Қайрат Байбосыновтың орындауында тыңдап көрелік! 

 

Ойлан да айт! 

 «Әннің де естісі бар, есері бар. 

                          Тыңдағанда құлақтың тесері бар», -  

 деген ұлы ақын  Абайдың өлең сөздерін қалай түсінесің? 

Ақанның «Құлагер» әні жайлы өз ойыңды қалай жеткізер едің?     

 

 

Біліп ал!             

     

 

Ілияс  Жансүгіров  –  (1894-1938)  Алматы  облысы,  Ақсу  ауданында 

дүниеге  келген.  Ілияс  жасынан  әкесі  мен  ауыл  молдаларынан  сауат 

ашқан.  Ол  1928  жылы  Мәскеудің  журналистика  институтын  оқып 

тауысады.  Ол  алғашында  мектепте  мұғалім  болып  қызмет  атқарады. 

Кейін  келе  көптеген  қазақ  баспаларында    қызмет  етеді.  1937  жылы 

жалған  саяси  айыппен  тұтқындалып,  1938  жылы  ату  жазасына 

кесіледі. Ілияс Жансүгіров нағыз Отаншыл, елі мен жерін шынайы сүйген 

қазақ  әдебиетіндегі  шоқтығы  биік  ақын.  Ол  өзінің  соңында  көптеген 

өлеңдер мен поэмалар, пьессалар мен романдар жазып қалдырды. Әсіресе 

оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларын халық сүйіп оқиды.        

 

12 


 

Білесің бе! 

 

 

 

Ақан  сері  –  (1843-1913)  бұрынғы  Көкшетау  облысында  өмір  сүрген.  Ақанның 

шын аты- Ақжігіт Қорамсаұлы. Ол жасынан ауылдың молдасынан, сонан соң 

Қызылжардағы  Уәли  молдадан  оқыған.  Ол  Біржан  салды  ұстаз  тұтқан. 

Халықтың ел еркесіне айналып ол сері атанған. Ол өзінің ізінде көптеген әндер 

қалдырған.  Атап  айтсақ,  «Маңмаңгер»,  «Сырымбет»,  «Балқадиша», 

«Қараторғай», «Құлагер» т.б.     

 

Сұрақтар: 

 

1.

 



Ақан серінің Құлагер атын жырға қосқан кім?  

2.

 



Не себепті Батыраш бай Ақан серімен өштеседі? 

3.

 



Ақан сері Құлагер атынан қалай айрылады? 

4.

 



Ілияс Жансүгіров Құлагердің өлімін қалай бейнелейді?  

 

Тапсырма:  

 

1.

 



«Аңыз болған Құлагер» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада  «Құс қайтару»  күйінің  буындарын қосып орындап кел. 

 

 

КҮЙГЕ ТІЛ БІТІРГЕН ҚАЗАНҒАП 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазанғап өмірін күймен бейнелеп, сазбен сөйлеткен, ойын алысқа бойлатып, тыңдаушысын қиялдың 

тереңіне жетелей білген қазаққа белгілі күйші-композитор. Қазанғап күйлері сазбен өрнектелген сөз 

іспетті әңгіме желісімен астасып жатады. Ақын Бәкір Тәжібаев өзінің «Торы аттың кекіл қақпайы» 

атты толғауында Қазанғаптың күйін былайша жырға қосқан екен:   

Торы атым, әлпештеген, пырағым-ау, 

Басыңды жолға салдым, шырағым-ау! 

Айрылып Балжан қыздан қалғанымда, 



 

13 


Өлмеген күнім құрсын, - шыдадым-ау! 

Жолыңнан ұшқан қанша кекілік-ай, 

Шұлғысаң желкілдейді кекілің-ай! 

Айрылып Балжанымнан қалғаннан соң, 

Жүрмін ғой ішім күйіп, өкініп ай!  

 

            Қазанғап  күйшінің  қазақтың  сал-серілеріне  тән  астына  мінген  Қылыш  торы  аты  болады.  Қылыш 



торы  аты  көңілі  жабырқағанда  сырласы,  ел  аралап  ұзақ  сапарға  аттанғанда  жол  серігі  екен.  Қазанғап 

өзінің  Қылыш  торы  атын  мініп  ел  аралап  жүріп  Қарақалпақ  жеріне  келіп  түседі.  Қарақалпақ  елінде 

қоныстанған  Балжан  атты  қыздың  ауылында  болып,  күй  тартыпты.    Балжанның  әкесі  өз  заманындағы 

дәулетті  адамдардың  бірі  болған.  Балжанның  алдында  алты  ағасы  болса  керек.  Үйінің  ең  кенжесі 

болғандықтан өзі ерке, ақылды да өнерпаз болып өседі. Қазанғап осы үйде қона жатып, күй тартып, үй 

иелері мен ауыл-аймағын риза етеді. Қазанғап пен Балжан қыз бірін-бірі ұнатып, сөз байласады. Қазанғап 

бір жылдан кейін келіп құда түсіп, алып кетуге уәде етеді. Қазанғап еліне қайтатын да уақыт таяп, торы 

атын ерттеп жолға атанады.  Бірақ  Қазанғап  уәделі  уақытында жете алмай арада бірнеше  жыл өткеннен 

кейін  келеді.  Келіп  жетсе  Балжан  қыздың  ұзатылу  тойының  үстінен  түседі.  Қазанғаптың  келгеніне 

Балжан  қыз  қатты  қуанып:  «Аға,  сізді  уәделі  уақытқа  күттім,  хабар  бермедіңіз,  менің  бұйрығым  басқа 

елден  болды.  Енді  осы  айыбыңызға  жылда  келіп  маған  бір  күй  арнап  кетіп  жүріңіз»,  -  дейді.  Өзінің 

айыбын  мойындаған Қазанғап Балжанның сөзінде тұрып, жылда келіп бір күйін арнап шығарып  кетеді 

екен.  

Ал  ақын  Бәкір  Тәжібаев  Қазанғаптың  Балжан  қызға  арнап  шығарған  сыршыл  сезімді  күйлерін 



өлең жырларымен былай деп толғайды: 

Домбырам – ер басында бұлғақтаған, 

Мақпалмен қабын Балжан сырмақтаған. 

Ауылына алып баршы сол қалқамның, 

Күйімнен таусылмайтын сыр сақтағам! 

 

Жастықтың, талай-талай көрдім сыйын



Талмай өт ұзақ жолға – жер қиынын! 

Саңлағым, баста мені жан – Балжанға, 

Жүр екен қандай күйде кермиығым?!! 

 

Қазанғап  алыс  шалғайда  жатқан  Қарақалпақ  еліне  Балжанның  ауылына  келіп-кетіп  жүргенінде 



өзінің  мұңын  шағып,  жабыққанда  сырласы  болған  жол  серігі  Қылыш  торы  атын  қасынан  тастамайды 

екен.  Сонда  Қазанғап  Балжан  қызды  сағынғанда  ауылына  жеткізетін  Қылыш  торы  атына  арнап  «Торы 

аттың кекіл қақпайы» атты күйін шығарады.             

 

Күй тыңдайық : 

 

Қазанғаптың  «Торы  аттың  кекіл  қақпайы»  атты  күйін  Абдулхамит  Райымбергеновтың 

орындауында тыңдап көрелік!  

 

Біліп ал!  

Қазанғап  Тілепбергенұлы  –  (1854-1927)  қазақтың  ұлы  күйші-композиторы.  Ақтөбе  облысы, 

Шалқар  ауданында  дүниеге  келген.  Жастайынан  өнерге  бейім  болып  өсе  келе  Төреш,  Орынбай, 

Құрманияз,  Үсен  төре  сынды  атақты  күйшілерден  дәріс  алады.  Батыс  өңіріне  кең  тараған  алпыс  екі 

Ақжелеңді түгел орындап, өз жанынан да «Ақжелең» атты көптеген күйлерін шығарған. Қазанғаптың 

«Көкіл»,  «Құсқайтару»,  «Домалатпай  Ақжелең»,  «Жұртта  қалған»,  «Кербез  Ақжелең»  т.б.  көптеген 

күйлері халыққа кеңінен танымал.  

 

Білесің бе? 

 

Бәкір Тәжібаев – (1926-1994) ақын, драматург, әнші, сазгер. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында 

дүниеге келген. Ол көптеген новеллалар мен пьессалардың авторы. Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» 

операсының  либреттосын  жазған.  Театр  сахналарында  актер  ретінде  де  танымал  болған.  Сонымен 

қатар,  көптеген  әндер  шығарған  сазгер.  Ақынның  «Ақ  бұлақ»,  «Гүлсің-ау»,  «Аппағым-  ау,  аппағым» 

әндері халыққа кеңінен танымал.        


 

14 


 

Сұрақтар: 

1.

 



Қазанғап Балжан қызбен қалай жолығады?  

2.

 



Не себепті Қазанғап Балжан қызға күй арнайды? 

3.

 



Не себепті Қазанғап астындағы атына арнап күй шығарады?  

4.

 



Бәкір Тәжібаев Қазанғап күйлерін өлеңмен қалай бейнелейді? 

 

Тапсырма:  

1.

 



«Күйге тіл бітірген Қазанғап» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада Қазанғаптың  «Құс қайтару» күйінің келесі буынын пысыктап кел. 

ӘН ҚҰДІРЕТІН АСҚАҚТАТҚАН МҰХИТ САЛ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Атақты  Мұхит  салдың  «Үлкен  айдай»  әнін  тыңдағанда  қазақтың  белгілі  ақыны  Қадыр 

Мырзалиевтің  өлең  жолдары  еріксіз  ойға  оралады.  Ақын  өзінің  «Мұхит»  атты  өлеңінде  әншінің  асқақ 

дауысын былайша толғаған екен:  

Сақараның сазгері ол бір ақын

Жер түбінен қолпаштап алдыратын. 

Мына қырдан ән салса ана қырдың, 

Құлағының құрышын қандыратын. 

 

Шалқан шабыт құдайдан жасқанды ма? 



Өтті дәурен, қызықтар бастан мына. 

Көкжиекті итеріп төтен даусы, 

Ысыратын әрірек аспанды да.  

 

 



Атақты әнші-композитор Мұхит атағы шыққан ақын Бала Ораз туралы көп естиді. Оның  әндерін 

тыңдап өзін көруге құмартып жүреді. Мұхит Бала Оразды арнайы іздеп барады. Мұхитты Бала Ораздың 

ауылы үлкен сый-құрметпен қарсы алады.  

 

Мұхит ұзақ уақыт Бала Оразға еріп жүріп оның айтқан әңгімелерін тыңдап, өлеңін жаттайды. Ол 



Бала  Ораздың  шығарған  айтыстары  мен  көптеген  өлеңдерін  әнге  қосып  айтып  жүреді.  Мұхиттың  Бала 

Оразбен қоштасар сәті де келеді.  

 

Сонда  Мұхит:  “Ораз  аға,  мен  сіздің  үлкен  ағалық  құрметіңізге  ризашылығымды  білдіріп,  үлкен 



өнеріңізге тәнті болып, сізге арнап бір ән шығарып  едім. Сол әннің атын “Үлкен Ораз” қойдым”,  - деп 

өзінің  Бала  Оразға  арнаған  әнін  айтып  береді.  Сонда  әнді  тыңдап  бола  берген  Бала  Ораз:  “Қарағым, 

Мұхит,  рахмет.  Мені  жастайымнан  ел  еркелетіп  Бала  Ораз  деп  атап  кетіп  еді.  Ал  өзің  болсаң  менің 


 

15 


өнерімді  “Үлкен  айдай”  деп  халыққа  таратып  жүрерсің”,  -  деп  батасын  беріп  шығарып  салады.  Содан 

бастап бұл ән ел арасында “Үлкен Ораз”  немесе “Үлкен айдай” болып таралып кетеді”. 

 

Ал ақын Қадыр Мырзалиев осы әннің құдіретін асқақтатып өзінің жыр жолдарын арнаған екен.   



Өткізсе егер думансыз бір түн ақын, 

Айдынына көңілдің жұрт тынатын. 

Әнін салса Мұхитың, салмақ болса, 

Біреулердің көмейі жыртылатын. 

 

Таныс дауыс, даланың киігіне



Күйік қосар іштегі күйігіне. 

Мұхит қана салады Мұхит әнін, 

Шырқауына жеткізіп, биігіне...  

 

Ән тыңдайық:  



Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауында 

Мұхиттың «Үлкен айдай» әніне  құлақ түрелік. 

 

Біліп ал! 

 

Үлкен жәрменкелер мен той-думандарға қатысып ән салып, атағы елге ерте тарап кеткен дүлділ әнші 

Мералыұлы Мұхит. Мұхит 19 ғасырда қазіргі Орал облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. 

Мұхиттың кең ауқымды, күрделі де  

асқақ әндерінің дүниеге келуі, сол кездегі Бөкей ордасында қалыптасқан дауылды күйшілік дәстүрдің 

әсері екені сөзсіз. Мұхиттің  «Паң көйлек», «Зәуреш», «Айнамкөз» сынды көптеген әндері елге танымал.   

 

Білесің бе? 

  Қадыр  Мырзалиев  –  ақын  (05.01.1935)  Батыс  Қазақстан  облысы, 

Сырым  ауданы,  Жымпиты  аулында  дүниеге  келген.  40  астам  жыр 

жинақтарының  авторы.  Қадыр  Мырзалиевтің  200  –  дей  өлеңіне  ән 

жазылған.  Драматургияда  Алдаркөсе  туралы  «Сақалдың  саудасы» 

сатиралық  комедия  мен  Махамбеттің  соңғы  күндеріне  арналған 

«Жаралы  жолбарыс»  драмасын  жазды.  Ақынның  шығармалары 

көптеген  басқа  халықтардың  тілдерінде  жарыққа  шыққан.  Балаларға 

арналған  жаңылтпаштары  мен  жұмбақтары,  мысалдары  мен 

санамақтары, ертегілері мен балладалары кеңінен танымал.     

 

Сұрақтар: 

 

1.

 



Мұхит кімнен бата алады? 

2.

 



Не себепті Мұхиттың әні «Үлкен айдай» болып аталып кетеді? 

3.

 



Ақын Қадыр Мырзалиев Мұхит өнерін қалайша жырға қосады?  

 

Тапсырма: 

 

1.

 



«Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада  «Құс қайтару»  күйінің келесі  буынын  жатта. 

 

 

 

КҮЙ ҚҰДІРЕТІ  

 

 



 

16 


 

 

 



Адам бойындағы жан сезімі бірде сөзбен, бірде сазбен үндесіп тіл қатады. Алпыс екі тамырыңды 

иітер күй құдіретінің тереңіне бойлап өлеңмен толғаған ақын Әбділда Тәжібаев қазақтың әйгілі күйші-

композиторы Абылдың күйін тыңдап:  

Барады тартқан сайын омыраулап 

Тұтқынның жүрегінің оты лаулап. 

Жайлауын түркпеннің кетті кернеп, 

Толқынды бір ғажайып үн сорғалап... - 

деп жыр жолдарын жалғай түседі. Иә, Жаугершілік заман. Бір кезекті жорықта көп жауынгердің ішінде 

күйші  Абыл  да  түрікпендердің  қолына  түсіп  қалады.  Оның  атақты  күйші  Абыл  екенін  кім  білсін. 

Түрікпеннің  бір  би  ағасы  өзінің  әшекейлі  домбырасын  алдыртып,  араларында  отырған  біріне  домбыра 

тартуын  сұрайды.  Әдемі  күй  домбыраның  ішегі  үзіліп  тоқтап  қалады.  Қайта  күйге  келтірмек  болғанда 

тұтқындардың  арасынан  бір  қазақ  тұрып:  «Домбыраны  маған  беріңіз.  Күйін  мен  келтірейін»,  -  дейді. 

Барлығы тына қалып, қолындағы кісенін шешіп, домбыраны әлгі қазаққа ұсынады. Қолы босаған бойда 

домбыраны қолға алып тарта бастайды. Алғаш домбыраны қағып бастағаннан-ақ тыңдап отырған дүйім 

халықты ұйытып ала жөнеледі. Сол кезде Түрікпеннің би ағасы «Сен қазақтың күйшісі Абыл ма едің?», - 

дейді. Сонда Абыл: «Болсақ болармыз», - деп күйін тарта береді. Абылдың күйіне абден ұйыған халық 

бір-бірімен  қастасу  емес,  достасудың,  жауласу  емес,  елдесудің  сөзін  сөйлейді.  Қазақ  пен  түрікпен  бір-

бірімен  қауышып,  төс  қағыстырып  бір  бітімге  келеді.  Сөйтіп,  күйдің  ғажайып  құдіреті  адамның  жан 

сезімін тербеп, бір-біріне деген құрметі мен адамгершілік қадір-қасиетін биікке көтерген екен. Абылдың 

күйіне тек тыңдаушы  халық емес тіпті табиғат, жан-жануардың өзі елтіп бір ғажайып сезімге бөленеді. 

Ал,  ақын  Әбділда  Тәжібаев  өзінің  «Абыл»  деген  поэмасында  осындай  күй  құдіретін  өзінің  жыр 

жолдарымен:  

 

Кіре алмай ұясына күн байланды. 



 

Шұғыласы домбыраны шыр айналды. 

 

Балқытқан ұясынан көтеріп бас, 



 

Айда ерте күндегіден шыға қалды. 

 

Жер дағы жер бауырлап шөгіп алды. 



Күбірлеп күймен бірге демін алды,... 

 

Теңіз де толқынданбай тына қалды. 



Жәй ғана желден бір сөз сұрап алды. 

Айдында айдай жүзген жалғыз аққу, 

Сұңқылдап шыдай алмай жылап алды. 

 

Аруана қысыр қалған о да ыңыранды. 



 

17 


Күрсінді, еміренді, шыдамады, 

Желінін тастай қатқан уыз кернеп, 

Бауырынан жануардың сүт парлайды.  

 

Жолбарыс атылуға жатқан дайын. 



Жылтылдап қос шырағы жұлдыздайын. 

Иреңдеп бауырын төсеп ыңырсиды, 

Шымырлап жанына күй батқан сайын... 

 

Күй тыңдайық



:  

Шәміл Әбілтаевтың орындауында 

Абылдың «Абыл» атты күйін тыңдап көрелік! 

 

Біліп ал! 

 

Абыл  –  (1820-1892)  –  күйші-композитор.  Маңғыстау  аймағы,  Оймауыт-Желтау  мекенінде 

дүниеге келген. Абыл Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Жасынан ән мен күйді серік 

етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді ұстаз тұтқан. Абыл көптеген күйлер шығарып артына мол мұра 

қалдырған.  Оның:  «Абыл»,  «Ақжелең»,  «Нар  ату»,  «Ақсақ  құлан»  т.б.  күйлері  сақталған.  Абылдың 

Есбай, Өскенбай, Құлшар, Есір т.б. шәкірттері күйшілік өнерін жалғастырған.   

 

Білесің бе? 

 

Әбділда  Тәжібаев  –  (1909-1998)  ақын,  драматург,  ғалым.  Қызылорда  қаласында  дүниеге келген. 

Қазақстанның  халық  жазушысы  атағына  ие  болған.  1933  жылдан  бастап  ақынның  шығармалары 

жинақ  болып  жарыққа  шыға  бастаған.  Ақынның  “Оркестр»,    «Абыл»,  «Күй  атасы»  т.б.  көптеген 

поэмалары  бар.  Көптеген  шығармалары  шет  ел  халықтарының    тілдеріне  аударылған.  Әбділда 

Тәжібаевтың  сценарийі  бойынша  1954  жылы  «Жамбыл»  кинофильмі  түсірілген.  Атақты  орыс 

жазушылары  А.С.Пушкиннің,  Т.Г.Шевченконың,  А.Н.Островскийдің  шығармаларын  қазақ  тіліне 

аударған.    

 

Сұрақтар: 

1.

 



Түрікпендер күйші Абылды қалай таниды? 

2.

 



Не себепті түрікпен мен қазақтар бір бітімге келеді? 

3.

 



Ақын Әбділдә Тәжібаев Абылдың күйін өлеңмен қалай бейнелейді?  

 

Тапсырма:  

1.

 



«Күй құдіреті» тақырыбын оқып кел.   

2.

 



Дом бырада  «Құс қайтару»  күйінің үйренген буындарын қосып орындап кел. 

САРЫ ДАЛАНЫ САЗБЕН ТЕРБЕТКЕН                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18 


 

 

 

Қазақтың кең даласы, жазық жайлауы талай ақындар мен сал-серілерге, әншілер мен күйшілерге 

ән  болып  ағылып,  жыр  болып  төгілген.  Сары  арқа,  Сары  жайлау,  Сары  дала  деп  туған  жер  мен 

атамекенге  теңеу  айтып  толғаумен  болған.  Ақын  Жұмекен  Нәжімеденов  шертпе  күйдің  шебері  атақты 

Тәттімбет күйшінің «Сарыжайлау» күйін тыңдап отырып жыр жолдарын төгілте жөнеледі:  

Күй сөйледі – тынды бәрі, 

Соқты теңіз көлкіп жарға. 

Жапырақтың сыбдырлары, 

Араласты толқындарға.  

Жата кетті бар дүние, 

Иегін сүйеп домбыраға... 

Иә,  күй  сазын  ақын  сұлу  сөзбен  өрнектейді.  Сары  даланы  сазбен  тербеген  Тәттімбеттің  күйі 

шертілгенде жер дүние, тіршілік тына қалып  күйшіні тыңдағандай әсер қалдырады.  

Тәттімбеттің атағы бүкіл қазақ халқына жайылған кез болатын. Ол ел аралап алыс сапарларда көп 

жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып қайтып келе жатқан сапарында бір ауылда айтысып жатқан 

екі  ақынның  үстінен  түседі.  Сонда  ақынның  бірі  тұрып:  «Бұл  дүниеде  не  өлмейді»  дегенде,  екіншісі: 

«өлмейтін тау, су, ай, күн, жер»,-дейді. Екінші ақынның жауабына риза болмаған Тәттімбет сөз сұрайды. 

Сонда  Тәттімбет:  «Жақсының  аты  өлмейді,  ғалымның  хаты  өлмейді»,  -  деген  екен.  Айтысып  отырған 

ақынның екеуі бірдей тұрып Тәттімбеттің қолын алады. Екі ақын келген жолаушының Тәттімбет екенін 

білгеннен кейін біраз аялдап қонақ болып кетуін сұрайды. Сонда Тәттімбет: «Елден ұзап шыққаныма көп 

болып еді. Елім мен жерімді аңсап сағынып келем. Мені жолымнан қалдырмаңыздар», - деп рұқсат сұрап 

көп  аялдамай  жол  жүріп  кетеді.  Тәттімбет көп  кідірмей  өз  еліне  де жетеді.  Бір  төбенің  басына  шығып, 

қолына  домбырасын  алып  өзінің  Малайсары  жайлауына  арнап  күй  шығарады.  Ол  күй  «Сарыжайлау» 

деген атпен ел арасына таралып кетеді. Ақын Жұмекен Нәжімеденов өзінің «Сарыжайлау» атты өлеңінде 

күйді сөзбен өрнектеп, жыр жолдарын жалғай түседі:    

Жайлау – сары, жалқын гүлі, 

Сары даламен сыңсып ақты. 

Көлеңкенің салқындығы, 

Жылылығы күншуақтың; 

Жапырақтың сарғайғаны, 

Күзгі құстың сайрағаны 

Жылқышы әні шалғайдағы, 

Үйде қазан қайнағаны, 

Қосылды да бәрі,бәрі, 

Исі, түсі күйге сіңген, 

Жыр жолы да ағылады, 

Күй секілді үйлесіммен...   

 

Күй тыңдайық: 

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестірінің орындауында 

 Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйін тыңдап көрелік! 

Ойлан да айт! 

Қалай ойлайсың, қазақтар неліктен «сары дала» немесе «сары арқа»  деп жерге атау берген?  

 

Біліп ал! 

 

Тәттімбет  Қазанғапұлы  –  (1815-1862)  күйші-композитор.  Қарағанды  облысы,  Егінді  бұлақ 

ауданында  дүниеге  келген.  Арқа  өңіріндегі  шертпе  күй  мектебінің  негізін  қалаушы.  Алғашқы  домбыра 

тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйренеді. Анасы Ақбөпе де өнерге жастайынан баулып өсіреді. 

Тәттімбеттің  40-тан  астам  күйлері  бар.  «Қосбасар»,  «Сары  жайлау»,  «Көкейкесті»,  «Сылқылдақ», 

«Бес төре» т.б. көптеген күйлері ел арасына кеңінен таралған.   

 

Білесің бе? 


 

19 


 

Жұмекен  Нәжімеденов  –  (1935-1983)  ақын.  Атырау  облысы,  Құрманғазы 

ауданы,  Қошалақ  аулында  дүниеге  келген.  Алғашқы  өлеңдер  жинағы  1961 

жылдан  бастап  жарық  көре  бастаған.  Көптеген  өлең,  поэма,  роман, 

повестердің  авторы.  Шығармалары  шет  ел  халықтарының  тілдеріне 

аударылған. Ақынның «Сарыарқа», «Сарыжайлау», «Қызыл қайың» сынды 

өлеңдері, Дәулеткерей, Құрманғазы, Дина сынды күйші-композиторлардың 

шығармаларына арналған  «Күй кітабы» атты өлеңдер жинағы бар.    

 

 Сұрақтар: 



1.

 

Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйі дүниеге қалай келді? 



2.

 

Тәттімбеттің басқа да қандай күйлерін білесің? 



3.

 

Не себепті Тәттімбеттің күйі «Сарыжайлау» деген атпен танымал болды? 



4.

 

Ақын Ж.Нәжімеденов Тәтімбеттің «Сарыжайлау» күйін қалайша өлең жолдарымен өрнектейді?   




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет