А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата10.01.2017
өлшемі2,08 Mb.
#1604
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Түсініп ал!

 

Жанр –  музыка, әдебиет және сурет өнеріндегі шығарма. Мазмұны мен көркемдеуші құралдары 

жағынан ортақ туынды.  



Күйдегі жанрлар: Той бастар, Ақжелең, Қосбасар, Толғау. 

 Пейзаж – сурет өнеріндегі жанр, табиғатты бейнелеу.  

Прелюдия – фортепиано музыкасындағы жанр.  Бір көңіл-күйдегі қысқа шығарма.  

 

Сұрақтар: 

 

1.

 



«Өнердегі жанр» деген ұғымды қалай түсінесің? 

2. 


Күй өнеріндегі жанрларды ата?

 

3. 



«Толғау» жанрындағы күйлер нені баяндайды?

 

4. 



«Толғау» жанрындағы суретшілер мен композиторлар нені толғайды? 

 

 



Тапсырма: 

  

 

1.

 



«Ой толғау» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада Құрманғазының «Адай» күйінің  келесі буынын жаттап кел.

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ВАЛЬСІ 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Г.Ысмайылова. «Қазақ вальсі. Шара Жиенкулова».   



   

 

«Вальс» деген сөзді естігенде көз алдыңа екі адамның айнала жүріп билегені елестей кетеді. Вальс 

біздің  өмірімізбен  етене  араласып  кетті:  мектеп  бітіруші  түлектердің  «Қоштасу  вальсі»,  жас 

жұбайлардың  алғашқы  «Махаббат  вальсі»,  «Бал»  аталатын  арнайы  ресми  жиын-мерекелердегі  вальс,  

саябақ, алаң немесе әр түрлі сахналардан вальс билерін жиі көріп тамашалауға болады.      


 

29 


1940 жылы Сәбит Мұқановтың «Екі мереке» атты радио қойылымына  композитор  Латыф  Хамиди  

арнайы  «Қазақ  вальсі»  атты  әнін  жазады.    Күләш  Байсейітова  жас  композитордың  жаңа  туындысын 

қолдап,  вокальдық  шығарманың  алғашқы  орындаушысы  болады.  Жанға  жағымды,    жарқын  да  көңілді 

әуенді естіген радио тыңдаушылар бірден – ақ әнге деген сүйіспеншілігін жасыра алмады. Осыдан бастап 

«Қазақ вальсі» махаббат пен шаттықтың ән ұранындай болып кетеді:  

Май туса, гүлдер шешек атса жазда 

Тоғайда бұлбұл, көлде аққу қаз да 

Сайрасақ, біз жастар да нақ солардай 

Бақытқа бөленеміз, сауық назға 

 

Бақыт нұрға 



Оранса жер, аспан 

Біздің жыр да 

Бар жырға ұласқан 

Махаббатты жырлаймыз біз  

Жастар, жастар, жастар 

 

Г.ЫсмайыловаКүләш Байсейітова. Қыз Жібек рөлінде.  

 

«Қазақ  вальсі»  әні  түрлі  концерттерде  жеке  дара  орындалатын  шығарма  ретінде  кеңінен  танымал 



болады. Ендеше бұл әннің тарихы жайлы әңгімеге құлақ түрейік!  

«Вальс»  -  қазақ  жеріне  Еуропа  мәдениетінен  енген  би  жанры.  Қазақстанда  би  өнері  енді-енді  етек 

жайып  келе  жатқан  кез  болатын.  1934  жылы  Шара  Жиенқұлова  «Келіншек»  атты  алғашқы  қазақ  биін 

сахнаға  алып  шығады.    Сахнаға  шыққан  әрбір  қазақ  биін  халық  аса  қызығушылықпен  қарап,  асыға 

күтетін.  Халық  үшін  қазақ  билері  үлкен  жаңалық  болатын.    Орындаушы  би  қимылына  сәйкес  ән  мен 

күйлерді  іріктеп  алып,  бидің  көңіл-күйі  мен  мазмұнын  белгілеп,  сонан-соң  оған  лайық  сахналық  киім 

үлгісін жасап, сахналық қойылымға дайындайтын болған.  

Л.Хамидидің жеңіл де ойнақы «Қазақ вальсі» әні өзінен-өзі би қойылымына сұранып тұрғандай еді. 

Ал, Шара Жиенқұлова болса бұл әнге жаңа би қойылымын жасауға үлкен ықыласпен кіріседі. Ол әуелі 

Вена вальсінің қимылдарын үйренеді. Өйткені вальс биі өз бастауын австрияның «лендлер» және чехтың 

«матеник»  атты  халық  билерінен  алады.  Дегенмен  еуропаның  вальс  билерін  екі  адамның  жұптасуы 


 

30 


арқылы билейтін болған. Ал, Шара Жиенқұлова болса вальстің жеке дара билейтін үлгісін ойлап табады. 

Сөйтіп, алғаш рет қазақ вальсі де пайда болған екен. 

Шараның  бұл  биі  халықтың  ыстық  ықыласына  бөленіп,  айдында  қалқып  жүзген  аққудай  әсер 

қалдырған  еді.  Белгілі  қыл  қалам  шебері  Гүлфайрус  Ысмайылова  Шараның  өнеріне  тәнті  болып,  оған 

арнап  «Қазақ  вальсі»  деген  суретін  арнайды.  Күннің  сәулесімен  шағылысқан,  алтын  түспен  көмкерген 

суретте Шара мың бұрала билейді. Суретші бір сәтке биді тоқтатқандай. Бірақ, бишінің қолы, үстіндегі 

жарасымды  көйлегі  би  қимылын  жалғастырып  жатқандай  әсер  қалдырады.  Сөйтіп  Л.Хамидидің  әні 

«Қазақ вальсіне» айналып, ал сурет өнерінде ғажайып қайталанбас жаңа туынды дүниеге келген екен.  

 

Ән тыңдайық! 

 

Күләш Байсейітованың орындауында Латыф Хамидидің 

«Қазақ вальсі» әнін тыңдап көрелік! 

 

Біліп ал!  



Латыф  Хамиди  (1906–1983)  –  Қазақ  халқына  белгілі  дарынды 

композитор. Татарстан республикасында дүниеге келген. Қазақстанның 

халық  әртісі.  Ол  алғаш  рет  жаңа  жанрларда  –  вальс,  романс,  марш, 

симфониялар  жазды.  Композитор  Ахмет  Жұбановпен  бірге  «Абай» 

операсын  жазған.  Бисенғали  Ғизатовпен  бірге  «Домбыра  үйрену 

мектебі»  және  Хабидолла  Тастановпен  бірлесе  отырып  «Дирижерлік 

етудің негіздері» атты зерттеу еңбектері бар.  

 

 

 

 

Білесің бе? 

 

Жиенқұлова Шара  (1912-1991) - алғашқы қазақ халық билерін жасап, сахнаға шығарған  қазаққа 

әйгілі  биші.  Қазақстанның  халық  әртісі.  Өзінің  алғашқы  шығармашылық  жұмысын  Қазақ  драма 

театрының  актерлігінен  бастайды.  Ол  М.Әуезовтің  «Еңлік  Кебек»  және  «Қарагөз»  спектакльдерінде 

Еңлік  пен  Қарагөздің  рөлін  сомдаған.  1934  жылы  Қазақтың  опера  және  балет  театрында  жұмысын 

жалғастырады.  Ол  М.Әуезовтың «Айман Шолпан» және Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек»,  «Жалбыр», 

«Ер Тарғын» сынды операларына би қояды. Шара Жиенқұлова 1938 жылы алғашқы «Қалқаман Мамыр» 

атты қазақ ұлттық балетінде Мамырдың биінің партиясын орындайды. Сонымен қатар, «Амангелді» 

кинофильмінде Балымның рөлінде ойнаған.  

Түсініп ал!

 

Вальс – жұптасып айнала билейтін би түрі.  

«Лендлер» - оңтүстік Германия мен австрияда пайда болған халық биі.   

«Матеник» - Чех халықтарының жұптасып билейтін халық биі.  

 

Сұрақтар: 

1.

 



«Қазақ вальсі» әнінің авторлары кімдер? 

2.

 



Не себепті қазақ вальсі пайда болды? 

3.

 



Алғашқы қазақ вальсін кім жасады? 

4.

 



«Қазақ вальсі» суретінің авторын ата? 

 

Тапсырма:    



 

1.

 



«Қазақ вальсі» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада Құрманғазының «Адай» күйінің буындарын қосып орындап кел 

 

31 


МУЗЫКА ЖӘНЕ СУРЕТ ӨНЕРІНДЕГІ ӨНЕРПАЗ БЕЙНЕСІ  

 

Г.Ыcмайылова. Бибігүл Төлегенова. 



  

Қазіргі  заман  қыл  қалам  шеберлері  өз  заманындағы  мемлекеттік  қайраткерлер  мен  халықтың  ұлы 

тұлғаларын  портрет  жанрында  бейнелеуді  дәстүрге  айналдырған.    Бірақ  адамның  суретін  салып 

жатқанша  фотосуретке  түсіріп  алмай  ма  деп  те  ойлайтын  боларсың.  Арине,  бірде-бір  суретші 

фотосуреттегідей  адам  бейнесін  сала  алмайды.  Дегенмен  фото  сурет  пен  көркемдік  суреттің  үлкен 

айырмашылығы бар: фото сурет адам бейнесін дәлме-дәл қайталаса, ал суретші өзінің портреті арқылы 

адамның  жеке  тұлғасын,  оның  ішкі  жан  дүниесін  барынша  ашуға  тырысады.  Портрет  адамның  өмір 

сүрген кезеңі мен жеке тағдыры  жайлы әңгіме іспетті.  

КСРО  халық  әртісі  Бибігүл  Төлегенованың  портретіне  назар  салайық!  Суретші  Гүлфайрус 

Ысмайылова  әншінің тек сырт келбетін ғана емес оның рухани болмысын көрсетуге талпынған. Бибігүл 

Төлегенова әнін аяқтап, әннің сезімінен шыға алмай көз жанарын алысқа тігіп, біріне-бірі айқасқан сұлу 

да  сүйріктей  саусақтары  мен  күлімсіреген  ай  жүзі  сол  бойы  тынып  қалғандай.  Әншінің  сәнді  ұлттық 

киімімен  театр  сахнасында  тұрған  қалпы  бейнеленген.  Суретшінің  қызыл  да  алтын  түсті  таңдап  алуы 

тектен-тек емес,  яғни суреттің бояуы арқылы әннің көтеріңкі көңіл-күйін көрсеткендей әсер қалдырады. 

Гүлфайрус Ысмайылова әншінің дауысы мен оның әсем әніне тәнті болғандай! Бұл портретте екі бірдей 

талант иелерінің басы тоғысқандай – бірі белгілі суретші болса, енді бірі - ұлы әнші.  

Әрбір әншіде өзінің өмірлік бойтұмарындай болып кеткен сүйіп орындайтын шығармасы болады. 

Бибігүл  Төлегенованың  ең  сүйікті  шығармасына  айналған  «Гаухар  тас»  әні.  Бибігүл  бұл  әнді  алғаш 

сахнада орындағанда тыңдаушы халықтың әнге деген ықыласы мен әншіге еткен қошеметі аса зор болды. 

Бибігүл  шырқаған  әндегі  сұлу  қыздың  бейнесі  мыңдаған  көрерменнің  көз  алдында  тұрғандай  ғажайып 

әсер  қалдырды.  Содан  бастап,  «Гаухар  тас»  әні  бұлбұл  дауыс  әнші  Бибігүл  Төлегенованың  өміріндегі 

музыкалық бейнесін жасаған басты әнге айналады.  

 

Ән тыңдайық: 

 

Бибігүл Төлегенованың орындауында халық әні «Гауһар тас». 

 

Ойлан да айт!

   Фотошоптың көмегімен жасалған жәй фото суретпен портретті қалай ажыратуға 

болады? Фото суретті нағыз өнер туындысы деп айтуға бола ма?  

 

Біліп ал!  


 

32 


Гүлфайрус  Ысмайылова  (1929)  –  кескіндемеші,  театр 

және  кино  суретшісі. 

Алматы  қаласында  дүниеге  келген.  Қазақстанның 

еңбегі 

сіңген 

өнер 

қайраткері.  Суретші  өзінің  жарқын  да  санқырлы 

шығармашылығын 

театр және кино өнері  мен  портрет салуға арнайды. 

Көптеген 

жылдар 

Гүлфайрус Ысмайылова Абай ат. Қазақ ұлттық опера 

және 

балет 

театрында  сахна  безендіруші  –  суретші  болып 

қызмет атқарады. Ол 

«Ер  Тарғын»,  «Жұмбақ  қыз»,  «Алпамыс»  операларын, 

«Қозы 

Көрпеш», 

«Баян сұлу» балетін және «Қыз Жібек» кинофильмінің 

декорациясы  мен  киім 

үлгілерінің 

эскизін 

жасады. 

Сонымен 

қатар, 

Гүлфайрус 

Ысмайылова 

белгілі 

өнер 

және 

мәдениет 

қайраткерлері – Шара 

Жиенқұлова,  Күләш  Байсеітова,  Дина  Нүрпейісова, 

Мұхтар  Әуезов  т.б. 

портреттерін жасаған.  

Білесің бе? 

Бибігүл Төлегенова (1929)- әнші. Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан және КСРО халық әртісі. 

Социалистік еңбек ері. Әншінің репертуары сан түрлі тақырыптарды қамтиды. Бибігүл Төлегенованың 

орындауында  «Гауһар  тас»,  «Жиырма  бес»,  Қазақстан  композиторлары  Л.Хамидидің  «Бұлбұл», 

Е.Брусиловскийдің «Қос қарлығаш», Н.Тілендиевтің «Кел, еркем Алатауыма» сондай-ақ П.И.Чайковский 

мен  С.В.Рахманиновтың романстары, Н.И. Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыс 

Еуропа  композиторларының  шығармалары  бар.  Ол  опера  өнерінде  де  елеулі  үлес  қосты. 

Е.Брусиловскийдің  «Қыз  Жібек»  операсындағы  Жібек,  Е.Рахмадиевтің  «Алпамыс»  операсындағы 

Гүлбаршын,  Ғ.Жұбанованың  «Еңлік»  операсындағы  Еңлік,  Дж.Россинидің  «Севиль  шаштаразы» 

операсындағы  Розина  т.б.  көптеген  арияларды  орындаған.  Бибігүл  Төлегенова  гастрольдік  сапармен 

Польша,  Чехия,  Үндістан,  Алжир,  Египет,  Сирия,  Вьетнам,  АҚШ  т.б.  көптеген  шет  мемлекеттерде 

қазақ өнерін паш еткен.    

    Сұрақтар: 

1.

 



Фото сурет пен көркемдік суреттің айырмашылығы неде? 

2.

 



Гүлфайрус Ысмайылова әншіні қалай бейнелейді? 

3.

 



Бибігүл Төлегенованың музыкалық бейнесін жасаған әнді ата? 

4.

 



Сенің мектебіңде кімдердің портреттері бар? Авторларын атай аласың ба?  

 Тапсырма: 

1.

 

«Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі» тақырыбын оқып кел. 



2.

 

Домбырада  «Адай» күйінің  үйренген буынын қайталап кел. 



 

ТОҒЫСҚАН ЕКІ ӨНЕР 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

Кенжебаев Ш. Кешкі ән. 

 

33 


 

Кез келген халықтардың мәдениетінде өнердің барлық түрлерінің арасында байланыс орнайтыны 

ақиқат. Ғасырлар бойы қазақ халқының мәдениетінде сөз бен саз өнері  бірін-бірі толықтыра отыра қатар 

дамыды.  Х1Х  ғасырда    Абай  шығармашылығынан  бастап  сөз  бен  саз  өнері  жеке  өнер  түрі  ретінде 

дараланып  шықты.  Сол  кезеңнен  бастап  біздің  мәдениетімізде  еуропа  халықтарына  ұқсас  жазушылар, 

ақындар  мен  композиторлар  және  әртістер  дараланып  шыға  бастады.  Қазіргі  уақытта  да  ақындар  мен 

сазгерлер бірлесе отырып опера, хорға арналған шығармалар, романстар мен әндер шығарып келеді.  

Қазақстанда  бейнелеу  өнері  ХХ    ғасырдың  басында  дами  бастады.  Сурет  өнерінің  ең  негізгі: 

тарихи  сурет,  тұрмыстық  жанр,  пейзаж,  портрет,  натюрморт  сынды  көркемдік  жанрлар  аса  қарқынмен 

дамыды.  Суретшілер  орыс  және  еуропа  халықтарының  мәдениетінде  қалыптасқан  сурет  салу  тәсілдері 

мен  оның  көркемдеуші  құралын  қолданады.  Дегенмен,  суреттің  негізгі  мазмұны  мен  оның  көркемдік 

бейнесін қазақтың сөз және саз өнерінің рухани бастауларынан алады. Тарихи және тұрмыстық суреттер 

қазақтың  жыраулық  өнеріне  тән  эпикалық  және  фәлсафалық  терең  мазмұнымен  ерекшеленеді.  Көне 

замандардан  көк  тәңірге  табынған  қазақ  халқы  өмірін  табиғатпен  байланыстырып  тіршілік  еткен.  Сол 

себепті, пейзаж жанрындағы туындыларда толғау күйлеріне тән дархан даланың тынысы есіп тұрғандай. 

Ал,  кешкі  тылсым  табиғатты  бейнелейтін  пейзаж  жанрынан  сұлу  сазды  халық  әндерінің  әуенін  сезуге 

болады. Әсіресе, батырлар тақырыбына арналған күйлердегі жігерлі де қарқынды екпін, аттың дүбірі мен 

шайқас  үстіндегі  талас-тартысты  бейнелеу  қыл  қалам  шеберлерінің  суреттерінен  кеңінен  орын  алады. 

Суретшілер  ең  алдымен  оның  ырғағын,  екпінін,  жылдамдығын  сурет  арқылы  көрсетуге  талпынады. 

Көптеген суреттер қазақ күйлерінің дыбысымен үндесіп жатады.   

Соңғы он жылдықта халықтың қол өнеріне деген қызығушылығы арта түсті. Қазақтың қол өнерін 

жасаудағы көне тәсілдерді қолдана отыра,  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

П. Омарова. Қожа Ахмет Ясауи.               

 

  П. Омарова. Қорқыт-ата. 

суретшілер  теріден,  шиден  және  киізден  жасалған 

жаңа  туындыларды  жасай  бастады.  Ал,  шыны  мен 

фарфордан 

жасалған 

түрлі 


бұйымдар 

мен 


қуыршақтар қазақ өнеріндегі жаңалық болды.   

        


 

 

 



                       

 

 



 

 

 



 

 

34 


Береговая З. Ақын.                       Береговая З. Дина Нуұрпеисова 

 

Өнер  қанша  жаңарғанымен  суретшілер  халық  әндері  мен  күйлерінен  сусындап,  халық 

даналығының қайнар көзіндей жадында сақтады.  

ХХ ғасырда тек қана сурет және сөз өнері өзгеріске ұшырап қана қойған жоқ.  Күй өнері де жаңа 

заманға лайық жаңғыра түсті. Жаңа музыкалық жанрлар пайда болды. Олар – симфониялық күй, скрипка 

және фортепианоға арналған күйлер. Композиторлар күй арқылы жаңа техникалық дәуірді бейнеледі.  

Суретші, ақын, композиторлардың мұндай туындылары бір бейнені сомдай отыра, өмірді мәнді де 

сәнді  етуге  талпынды.  Тыңдаушы  мен  көрерменнің  мәдени  талғамын  өсіріп,  рухани  байлығын  асыра 

түсті.     

 

 



Музыка тыңдайық: 

 

Ж.Әубәкірованың орындауында Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Домбыра туралы 

аңыз» атты шығармасын тыңдап көрелік.  

 

Біліп ал! 

 

Нағым  Меңдіғалиев  -  (1921  -2006)    -  композитор,  Қазақстанның  еңбек 



сіңірген  өнер  қайраткері,профессор.  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жаңа  қала 

ауданында  дүниеге  келген.  Қазақтың  алғашқы  кәсіби  пианисі.  Қазақстандағы 

фортепиано  музыкасының  дамуында  болған  жетістіктері  Н.Меңдіғалиевтің 

атымен  тығыз  байланысты.  Ол  көптеген  фортепианоға  арналған  алғашқы 

туындылардың  авторы.  Ол  300-ден  астам  аспаптық  пьессалар,  әндер, 

романстар,  спектакльдерге арналған  музыка жазды. Оның  «Домбыра туралы 

аңыз»  атты  концерттік  пьесасы  қазақ  фортепианолық    музыкасының  ең 

танымал туындысына айналды.  

 

 

Сұрақтар:  



 

1.

 



Қазақ мәдениетіндегі сөз бен саз өнері қандай өзгеріске ұшырады?  

2.

 



Бейнелеу өнеріндегі негізгі жанрларды ата. 

3.

 



Халықтың қол өнерінде қандай жаңалық болды? 

4.

 



Күй өнері қалайша жаңғырды?  

 

Тапсырма: 



 

1.

 



«Тоғысқан екі өнер» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада  Құрманғазының  «Адай» күйінің  соңғы  буынын жаттап, күйді бастан-вяқ толық 

орындап кел. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

35 


 

 

 

 

III ТОҚСАН 

«ӨНЕР ТҰЛҒАЛАРЫ» 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СКРИПКА МЕКТЕБІ 

          

 

 



Қазақстандағы  кәсіби  өнердің  дамуының  өзіндік  тарихы  бар.  Алғаш  рет  елімізде  1932  жылы 

музыкалық-драмалық техникум ашылады. Бұл техникум театр әртістері мен скрипкашы, пианист, әнші-

вокалист және халық музыканттарын кәсіби тұрғыда дайындай бастайды. Бұл Республикамыздың мәдени 

өмірі  үшін  үлкен  жаңалық  болады.  Қазақ  мәдениеті  мен  өнері  жаңа  қарқынмен  дами  түседі.  Белгілі 

композитор  Ахмет  Жұбанов  қазақтың  халық  аспаптар  оркестірін  құрады.  Онан  соң  алғаш  рет 

симфониялық  оркестр  ұйымдастырылып,  опера  және  балет  театры  мен  Алматы  консерваториясы 

ашылады.  

Халқымыз үшін өте ауыр тарихи кезең болатын. Ұлы Отан  соғысы  жылдарымен тұспа-тұс келген 

мұндай  кезеңге қарамастан Қазақстандағы мәдени өмір өз дамуын тоқтатпайды. Әрбір шығармашылық 

ұжымдар  мен  оқу  орындары  үлкен  ынта-жігермен  жұмыс  жасайды.  Алғашқы  қазақ  опералары  мен 

драмалық  спектакльдері  пайда  болады.  Жаңа  заман  композиторларының  алғашқы  симфониялық 

шығармалары  дүниеге  келеді.  Ал  халық  орындаушылары  болса  бір  ұжымда  яғни  оркестр  құрамында 

ойнау шеберліктерін меңгере бастайды.  

Батыс  Еуропада  скрипка  өнерінің  тарихы  ХVI  ғасырдан  бастау  алған  еді.  Еуропада  скрипка 

аспабының дамуы мен оның жетілдіруіне жүз жылдан аса уақыт кетеді. Еуропа музыканттары скрипкада 

орындау  техникасын  шыңдап,  бірте-бірте  аспаптың  репертуарын  да  қалыптастырады.  Аспап  жасаушы 

шеберлер, композиторлар мен орындаушылардың ондаған ұрпағы Еуропадағы скрипка өнерінің тарихын 

жасауда үлкен еңбек етеді.  

Ал  біздер  үшін  Еуропадағы  сан  ғасырлық  тарихы  бар  скрипка  өнерін  аз  уақытта  меңгеру  міндеті 

тұрады.  Қазақ  халқы  үшін  еуропадан  келген  скрипка  өнерін  кәсіби  деңгейге  көтеру  оңайға  соқпайды. 

Дегенмен,  музыканттар  аз  уақыттың  ішінде  әлемдік  мәдениеттің  деңгейіне  жету  мақсатында  үлкен 

қарқынмен жұмыс жасап, биік жетістіктерге жетеді.  

Осындай қарқынды еңбектің нәтижесінде елімізде скрипка мектебі қалыптасады. 1976 жылы Айман 

Мұсаходжаева  Белград  және  Югославияда  өткен  халықаралық  сайысқа  қатысып,  дипломант  атанады. 

Айман өзінің табиғи дарыны мен қажырлы еңбегінің арқасында әлемге белгілі скрипкашы бола білді. Ол 

1981  жылы  Италияда,  1983  жылы  Жапонияда,  1985  жылы  Финляндияда,  1986  жылы  Ресейде  өткен 

халықаралық скрипкашылар сайысында лауреаттық атаққа ие болады. Айман өзінің жеке концерттерімен 

әлемнің  ең  үздік  камералық  және  симфониялық  оркестрлерімен  бірге  өнер  көрсетіп  келеді.  Айман 



 

36 


Мұсаходжаеваға халықаралық ЮНЕСКО ұйымы «Әлем әртісі» деген атақ береді. Ал 2005 жылы АҚШ-та 

Айман Мұсаходжаеваның есімі «Әлемнің ең үздік әйелі» атты  энциклопедияға енеді.  

Сөйтіп, аз уақыттың ішінде Қазақстандағы скрипка мектебі қалыптасып, әлемдік деңгейде өз орнын 

табады.    

 

Музыка тыңдайық: 

Айман  Мұсаходжаеваның  орындауында  Е.Брусиловскийдің  «Боз  айғыр»  атты  шығармасын 

тыңдап көрелік!  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет