А. Ж. Асамбаев техника ғылымының кандидаты, доцент


Информатиканы оқытуда мұғалімнің рөлі



бет20/159
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#14229
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   159
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі павлодар мем

1.8. Информатиканы оқытуда мұғалімнің рөлі

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қоғамның барлық саласына белсенді түрде енуі білім беру жүйесін де шет қалдырмады. Адамдарды ақпараттық қоғам өміріне даярлау үшін, осы жаңа қоғамның технологияларын үйрету қажет.

Мектепте компьютер мен АКТ-нің пайда болуы білім берудің негізгі субъектілері – мұғалім мен оқушы арасындағы қарымқатынастың өзгеруіне әкелді. Оқушы біршама еркіндікке ие болды, яғни ол қажетті ақпараттық кеңістік шеңберінде қала отырып, әзірленген ережелер шегінде ақпаратпен алмасудың бастамашысы бола бастады.

Педагогикалық әрекеттің көп бөлігін өзіне міндеттеп алған интерактивті педагогикалық құралдарды пайдаланатын компьютерлік оқыту технологиясының таралуына орай, мамандар арасында мұғалімнің рөлі мен міндеттерінің ықтимал өзгерісі туралы пікірталас болып жатады. Сабақ барысында мұғалім, оқушылар алдында баяндаушы рөлінде емес, кеңесші немесе нұсқаушы кейпіне енеді.

Компьютерлік оқыту бағдарламалары «әңгімелесу» диалог режімінде тағы бір – «компьютер-оқушы» жүйесін қалыптастырды. Оқушының интерактивті режімде ұзақ уақыт бойы мұғалімінің қатысуынсыз компьютермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы оқуы – бұл оқытудың жаңа түрі болып табылады. Жақсы оқытушы бағдарламалар белгілі бір шектеулеріне қарамастан оқушыға дербес қарым-қатынасты қамтамасыз еткенімен, адами қарым-қатынасты ауыстыра алмайды.

Оқушыға білім алудың көптеген бағыттарын ұсынатын гипермәтіндік технологиялардың пайда болуы, оқытуда компьютерді қолданудың жаңа кезеңі болып саналады. Осыған орай оқушының танымдық әрекетінің беталысынан, білім алуды өздігінен басқаруға ауысуы байқалады.

Қазіргі информатика мұғалімі өз пәнін үйретіп қана қоймай, АКТ-ні пәндік сабақтарға енгізіп, пән мұғалімдеріне сабаққа дайындалу кезінде компьютерлік техниканы пайдалануына көмек беруі тиіс. Компьютерлік сыныпта өтетін сабақтар ашық-жарқын, қызықты және есте қаларлықтай болып өтеді. Бірқатар мамандардың айтуынша, ақпараттық технологиялар сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың білімін бақылауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологиялар білім беруді адамзаттан алшақтатады деген үрейдің іс жүзінде жаны жоқ, керісінше, компьютерлік сыныпта сабақ өткізген мұғалімдер оқушылардың компьютермен жұмыс істеуге құмар екендігіне, талап етілген нәтижені алған кезде қандай қуаныш сезімінде болатындығына көз жеткізді, мұндағы басты қиындық сабақты уақытылы аяқтау болып табылады. Техника мұғалімдердің орнын басады деген теріс түсінік негізсіз, қайта ақпараттық технологиялар мұғалімдердей бола алмайды да, олардың талантын, шығармашылық қабілеттерін бағалай алмайды.

Оқушының компьютерде жұмыс істеуі кезінде басты рөлді мұғалім атқарады, себебі оның білімі де, тәжірибесі де мол, енді ол оқу үрдісінің – ұйымдастырушысы, кеңесшісі, сарапшысы. Мұғалім оқу және қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру ережелерін ойлап табады. Әйтсе де енді ақпаратпен алмасуда бастамашы жалғыз мұғалім ғана емес: оқу жағдайына байланысты, ол оқу бағдарламасына әдістемелік амалдарды, қарым-қатынас түрлерін өзгерте алады. Оның басты міндеті, білім алудың жайлы ортасын қалыптастыру болып табылады.

Компьютерлік технологиялар мұғалім мен оқушы арасындағы диалог режіміне сәйкес қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың жаңа амалдарын құрайды. Компьютер мен педагогикалық бағдарламалық құралдар бұрыннан қалыптасқан қызметтерді (тренаж, мәтіндік бақылау және т.б.) өзіне міндеттеп, мұғалімге неғұрлым шығармашылық, оқыту, тәрбиелеу және дамытудың нағыз адами міндеттерін қалдыра отырып, мұғалімге жұмыс стилін жетілдіруге көмек береді. Пікір-талас жүргізу, пайымдауды мадақтау, пәнді қолдау, оқушыларға алуан түрлі материалдарды түсіндіру кезінде қажетті бөлшектеу деңгейін таңдай білу сияқты оқу-тәрбиелік үрдістің маңызды компоненттерінде мұғалім әлі де (мүмкін өмір бойы) компьютерден әлдеқайда күштірек болады. Компьютер, мұғалімнің оқушымен және оның ата-анасымен жеке сұхбаттасуын ауыстыра алмайтынын айтпағанда.

«Барлық пікірлер бір ғана басты тезиске келіп тіреледі: мұғалімнің рөлі компьютерлік оқыту кезінде де сақталады, компьютердің рөлі қай кезде де мұғалім мен оқушының сенімді әрі жақын көмекшісі ретінде ғана болып қалады» [26], басқа да оқыту құралдары сияқты әдістемелік құрал болып есептеледі.

Қорыта айтқанда, компьютерлік оқыту үрдісінде басты рөлді информатика мұғалімі атқарады, сол себепті ол жаңа жетістіктер туралы тұрақты ақпаратқа, тәжірибемен алмасуға, оқытудың материалдық базасын жақсартуға әрдайым мұқтаж болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет