Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді.
Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар
Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар.
Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс компьютерлер және ақпараттық технологиялар ұсынатын мүмкіндіктердің және құралдардың әртүрлілігіне байланысты – пәнаралық болатынын атап өту қажет. Сыныптан тыс жұмыста, информатика, физика, ағылшын тілі, еңбек, география және т.б. сабақтары бойынша компьютерлік әдістер аса табысты қолданыла алады. Осындай сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі – қызығушылығы әртүрлі оқушыларды мұндай сабақтар біріктіреді, оларды информатика және өтіп жатқан сәйкес пәннің оқытушысы жүргізеді, өйткені басқа пәннің мұғалімдері ақпараттық технологияны жеткілікті түрде біле бермейді.