2.4.2. Информатика сабағының құрылымы
Сабақ — бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ұжымдық және жеке орындау кезінде жүйелі түрде қолданылатын мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір құрамының (белгілі бір уақыт кезеңінде) өзара нысаналы қарым-қатынасын (әрекеті мен қатынасын) ұйымдастырудың вариативті түрі (М.И. Махмутов).
Материалды уақыт бойынша үлестіру сабақтағы зейіннің тұрақтылығын зерттеуге байланысты екенін есте сақтаған жөн [27]:
Сабақтың 0-7 мин. – зейін шашыраңқы. Оқушылардың назарын өзіне аудару үшін мұғалім көп күш жұмсауы керек.
Сабақтың 8-23 мин. – зейіннің неғұрлым ұзақ тұрақтылығы мен жинақылығының кезеңі.
Сабақтың 24-30 мин. – зейіннің тұрақтылығы төмендейді, зейін құбыла бастап, қателер көп жіберіледі. Жұмыс ынтасының азайтылуын, зейіннің босаңсуын талап етеді (теориялық дәлелдерден мысалдарға көшу және т.б.).
Сабақтың 31-45 мин. – қойылған мақсатқа байланысты зейінді жинақтау (ерікті зейін). 2.2-суретте сабақтың оқу уақытын осылай үлестіру сызбасы көрнекі ұсынылған.
2.2-сурет. Сабақтағы уақытының бөлінуі
Сабақ біртіндеп, бірақ тұрақты түрде өзгерістер үстінде болды. Қазіргі сабақтың ерекшеліктерін анықтау үшін дәстүрлі сабақтың оның негізгі құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |