Кезеңдік бақылау – үлкен бағдарламаны немесе ұзақ мерзімді оқу кезінде алған білімдерін ағымдағы бақылау бағаларын ескере отырып бағалау. Бақылау жұмыстары, әңгімелесу, сынақтар немесе тестілеу түрінде өткізіледі.
Қорытынды бақылауоқытудың соңғы нәтижелерін анықтауға, бұдан әрі оқуды қамтамасыз ететін даярлықтың қажетті көлемін белгілеуге арналған. Курстың немесе белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, жартыжылдық, семестр, оқу мерзімінің соңы) аяқталған кезде өткізіледі. Оның түрлері – сынақтар, рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау, ауыспалы немесе бітіру емтихандары.