Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы - алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейтесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлеріне: ғылыми баяндамалар, рефераттық жұмыстар, зертханалық және практикалық тапсырмалар, эксперимент жүргізу, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар жатады (сурет 1).
Ғылыми баяндамалар- аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей типтерге бөлуге болады:
Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.
Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.
Зертханалық және практикалық жұмыс- кез-келген пән бойынша белгілі бір сұрақтарды немесе міндеттерді шешу барысында студенттер жүргізетін жеке, топтық, ұжымдық іс-әрекет.
Эксперименттік жұмыс- нақты жағдайды есепке ала отырып, педагогикалық үдерісті немесе белгілі бір құбылысты, мәселені зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық экспериментке сүйеніп, зерттеуші оқу-тәрбие үдерісінің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін, формаларын, мазмұнын тексере алады.
Эксперимент (лат. eksperimentum - тәжірибе ) -ежелден қалыптасқан ғылыми-зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент алғашқы кезде адамдардың қоршаған ортаны бақылау, танып білулерінен бастау алды. Ол бақылау әдісімен тығыз байланысты. Алайда эксперимент пен бақылау бір нәрсе емес. Эксперимент барысында зерттеуші құбылысты жай ғана бақылап қоймай, сол құбылыстың өзгеруіне де мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты- студенттердің логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіндігін практикада қолданып, қалыптастыру.
Курстық жұмысты жазуды мақсаты:
Әрбір студент өзінің болашақ мамандығын қалыптастыратын пәндерді оқып-үйрену барысында алған теориялық білімдерін одан әрі тереңдетіп, жетілдіре беруі үшін күнделікті болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестерді басқарудың тәжірибесін мемлекеттік, салалық және аймақтық тұрғыдан жеткілікті талдап, соның арқасында басқару тәжірибесінің салыстырмалы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай отырып, соңғыларын одан әрі болдырмаудың жолдары мен әдістерін ғылыми-методологиялық және ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан негіздей білуге тиіс. Сондықтан дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін осы пән бойынша курстық жұмыс жазу керектігі оқу жопарында әдейі қаралған.
Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.
Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.
Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне ие болып, экономикалық және басқару құбылыстарын талдау мен жалпылауға үйренеді.
Курстық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты кезеңдерінен құралады:
Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту
Ақпарат көздерін іріктеу және талдау
Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар
Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу
Курстық жұмысты рецензиялау.
Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.
Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар
Курстық жұмысты жазар алдында студент тиісті:
Таңдалған тақырыппен танысып, оның қандай болатынын ойша елестетіп көру.
Әдебиетті, периодикалық басылымдарды толық талқылау.
Баяндалатын материалды нақты және логикалық сипаттау.
Курстық жұмыс тақырыбы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан құралатын жұмыс жоспарына сәйкес ашылуы тиіс.
Жұмысты қазіргі таңдағы материалдарды, кестелер, сызбалар, графиктерді қолданумен жазу.
Орфографиялық және статистикалық қателіктер жібермеу.
Сандық материалды кестелер түрінде рәсімдеу ұсынылады.
Курстық жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде орындалуы тиіс.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:
- бет парағы (мұқаба) (Қосымша 3);
- жұмыс жоспары (Қосымша 4):
- кіріспе;
- негізгі бөлім (1-3 бөлімдер);
- қорытынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі.
Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып, жұмысты толықтыру қажет.
Курстық жұмыстың жоспары Кіріспені, барлық тараулардың, параграфтардың реттік нөмірлері мен атауларын, Қорытындыны, Қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшалар (егер болса) тізімін қамтиды.
Кіріспе
Кіріспеде автор төмендегі пункттерді міндетті ашуы тиіс:
Таңдалған тақырыптың өзектілігі;
ғылымдағы оның өңделу дәрежесі (авторлар мен олардың басты еңбектері келтіріледі);
Оны құру логикасы (бөлімдері (параграфтар) бойынша курстық жұмыстың құрылымы).
Негізгі бөлім
Негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны қамтылады. Аталмыш бөлім мәселенің теориялық негіздері сипатталып, нақты материал жалпыланып, талданып, статистикалық материалдар мен графикалық мәліметтер келтірілетін курстық жұмыс тақырыбын сипаттайтын 3-4 сұраққа бөлінуі (параграфтар) тиіс. Курстық жұмысты жазу барысында аталмыш мәселе бойынша әрекет етуші көзқарастарды баяндап қана қоймай, сондай-ақ өзінің көзқарасын да баяндауға тырысу қажет. Курстық жұмыста бекітілген жоспарға сәйкес қарастырылатын мәселелердің байланысы мен логикасы орын алуы тиіс.
Негізгі бөлім материалын баяндау логикасы мынадай боуы мүмкін:
Екінші бөлімде ҚР мемлекеттік басқару жағдайы ашылып, олардың сипаттамасы келтіріліп, статистикалық мәліметтерге талдау жасалуы тиіс.
Үшінші бөлімде қарастырылып отырған құбылысқа ықпал ететін факторларға талдау жасалып, қарастырылып отырған мәселені шешу, жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірлік интервалды компьютерлік версияда 25-30 парақты немесе қолмен жазылса 40-45 парақты құрайды.
Қорытынды
Қорытындыда зерттеу барысында жасалып, енгізілген теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жалпыланады. Олар өңдеулер мазмұны, маңыздылығы, негізгілігі мен тиімділігі туралы толық көрініс беретіндей нақты да қысқа болуы тиіс.
Қорытынды көлемі 2-3 парақты құрайды.
Қолданылған әдибеттер тізімі
Аталмыш тізім курстық жұмыстың соңында «Қорытынды» тарауынан кейін келтіріледі (Қосымша 8).
Аталмыш тізімге курстық жұмысты жазу барысында студентпен шын мәнісінде қолданылған қайнар көздер енгізілуі керек.
Ақпарат көздері тізімде курстық жұмысты жазу барысындағы ілеспелілікпен келтірілуі тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделеді (Қосымша 7).
Қосымшалар
Қосымшаларда негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жұмысты орындаумен байланысты материалдар, қосымша материалдар, көлемді кестелер, суреттер мен графиктер қамтылады. Әр қосымша жаңа парақтан басталып, реті бойынша нөмірленеді.
Жоғары оқу орындарында оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселесі бойынша талдау жасай отырып, мынадай ерекшеліктерді анықтадық:
теориялық білімін практикада қолдану дағдыларын бекітеді;
студенттің өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;
оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;
зерттеу нәтижелерін объективті бағалауға тәрбиелейді;
озат тәжірибелерді жинақтауға үйретеді;
талдай білуге және күтпеген жағдайларда жол таба білуге үйретеді;
мамандығына, пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;
студенттің жеке «ішкі» қабілетін ашады; сөйлеу мәдениетін дамытады.
Оқытушылар алдында курстық жұмысты қорғау студенттің курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін қысқаша және нақты сипаттап, оның маңызды ережелерін баяндап, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын аргументтеуден тұрады. Баяндау үшін студентке 5-7 минут уақыт ұсынылады.
Қойылған сұрақтарға студент қысқа да нұсқа жауаптар қайтаруы тиіс.
Курстық жұмысты ғылыми жетекші мен кафедра комиссиясы балды-рейтингтік әріптіс жүйе бойынша бағалайды.
Курстық жұмысты бағалау критериялары болып табылады:
1. Таңдалған тақырып бойынша орындалған жұмыстың сәйкестігі;
2. Келтірілген зерттеу мақсаттары мен мәселелерінің ерекшелігі;
3. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану;
4. Жүргізілген эксперимент көлемі мен өңдеудің статистикалық әдістерін таңдаудың негізділігі;
5. Жұмыс нәтижелерін ілеспелі, сауатты және нақты баяндау ептілігі;
6. Қолданылған ғылыми әдебиеттің жаңа болуы;
7. Алынған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылығы;
8. Ғылыми тәжірибелік маңыздылық;
9. Рәсімделу сапасы;
10. Курстық жұмысты қорғау (нақтылық, қысқалылық, логикалылық, кәсіби сөз сөйлеу мәнері, көрнекі материал);
11. Қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға берілетін жауаптардың толықтығы.
Қорғалғаннан кейін курстық жұмыс кафедрада сақталады.