Кәсіптік педагогика –
кәсіптік білім берудің (бастауыш кәсіби білім
беру педагогикасы, орта кәсіптік білім беру педагогикасы, жоғары мектеп
педагогикасы, ӛндірістік педагогика) теориясы мен тәжірибесін зерттейді.
Арнайы (коррекциялық) педагогика -
дене және әлеуметтік дамуында
ауытқушылықтары бар балалар мен ересектерді оқыту мен тәрбиелеудің
теориялық негіздерін, қағидаларын, әдіс-тәсілдері мен түрлерін, құралдарын
зерттеп жасайды. Оның салалары:
логопедия
(тіл дамуында кемістігі бар
адамдарды оқыту мен тәрбиелеу),
сурдопедагогика
(естімейтін және нашар
еститін адамдарды оқыту мен тәрбиелеу),
тифлопедагогика
(кӛрмейтін және
нашар кӛретін адамдарды оқыту мен тәрбиелеу),
олигофренопедагогика
(психикалық дамуы баяу және ақыл-ойы дамуының кемістіктері бар
адамдарды оқыту мен тәрбиелеу).
Жеке салалық педагогика
(әскери, спорттық, криминологиялық және
т.б.).
Әлеуметтік педагогика -
әлеуметтік ортаның нақты жағдайын ескере
отырып тұлғаны тәрбиелеуді оңтайландыру бойынша тәрбиелік шаралар
жүйесін жасаудың теориясы мен тәжірибесі.
Еңбекпен түзету педагогикасы –
түрлі жастағы құқықбұзушыларды
қайта тәрбиелеуді теориялық негіздеу мен тәжірибесін жасаумен
айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: