А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет9/59
Дата14.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#114948
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Байланысты:
ЖМП китап

2.2
 
 Болон процесі және қазіргі әлемдегі білім беру жүйелерінің 
интеграциясы 
Болон процесі дегеніміз – Еуропа елдерінің ортақ білім жүйесін құруды 
мақсат етіп, Италияның Болонья қаласында Еуропаның 29 мемлекетінің білім 
министрлері қол қойған декларация. Аталған құжат қол қойылған қаланың 
аталуына орай, Болон процесі атауына ие болған. 
Жалпы Еуропа елдерінің білім беру жүйесін орталықтандыру мен 
үйлестіру ісі 1970 жылдардан бастау алады. Сол кездің ӛзінде Еуропа Одағы 
Министрлер Кеңесі Білім саласы бойынша бірінші ынтымақтастық 
бағдарламасы туралы қарар қабылдаған еді. Болон процесінің алдындағы 
тағы бір саты ретінде Университеттердің Ұлы Партиясын (Болонья, 1988 
жыл) және Сорбон декларациясын (Париж, 1998 жыл) атауға болады. 1999 
жылы ортақ мақсатқа жетуді кӛздеп, арнайы декларацияға Еуропаның 29 
мемлекеті қол қойды. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше 
болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында 
мерзімдік кездесулерді үйымдастыруды кӛздейді.
Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық 
нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау 
еркіндігін және ӛзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-
ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон процесінің 
басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды 
дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары 
білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол 
жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін 
айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен 
мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, үлттық жүйелерге 
сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық 
еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің 
арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресмизаңдық тұрғыда Болон 
процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін 
біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары 
білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. 
Болон процесі (Болондық қайтақұрылулар) – жоғары білім 
министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін 


жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. 
(Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003). 
Болон процесін дамыту және құрылым жӛніндегі барлық сұрақтарға 
шешім қабылдайтын жоғары орган, екі жылда бір жиналатын, қатысушы 
елдердің министрлер мәжілісі болып табылады.
Министрлер мәжілістері арасында Болон процесінің басқарушы органы 
болып Болон жұмыс тобы (Bologna Follow-up Group) болып саналады, оның 
құрамына әр елдің 2-3 ӛкілі кіреді, әдетте біреуі тиісті министрліктен және 
біреуі елдің академиялық бірлестігінен. Болон жұмыс тобына сол мерзімде 
Еуроодақта тӛрағалық ететін елдің ӛкілі тӛрағалық етеді. Топ Болон процесі 
сұрақтарына қатысты халықаралық тақырыптық семинарлар кестесін бекіту, 
кезекті министрлер мәжілісіне ақпарат жинақтау, мәжіліске енгізу алдында 
қатысушы елдердің баяндамаларын талқылаумен айналысады және т.б. 
Болон тобының мүшелерінен, келесі министрлер мәжілісі ӛткізілетін елдің, 
алдынғы жылы Еуроодақта тӛрағалық еткен елдің ӛкілдерінен бір жылға 
тӛрағалық ететін Кеңес (Board) сайланады, ол тӛраға және вице-тӛрағадан 
құрылады, сонымен қатар Еурокомисия ӛкілдері және дауыс беру құқығы бар 
Еуропалық университеттер ассоциясының мүшелері (EUA), Еуропалық 
жоғары оқу орындары ассоциясы (EURASHE) және Еуропа студенттерінің 
Ұлттық одақтарының (ESIB) ӛкілдері кіреді.
Сонымен қатар хатшылық құрылады: оның құрамына министрлер 
мәжілісі ӛтетін елдің 3 Білім министрлігі қызметкерлері кіреді. Хатшылық 
Кеңес пен Топтың жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру 
және техникалық жұмыстармен айналысады. 
Сурет 1. Болон процесінің басымдылықтары мен мақсаттары 
Болон процесінің мақсаттары 
Жоғары білімнің Еуропа аймақтық ортақ кеңістігін қалыптастыру. Бұл 
азаматтардың осы елдер арасында ешбір кедергісіз жұмысқа орналасуына 
мүмкіндік береді. 
Еуропаның интеллектуалдық, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық 
әлеуетін қалыптастыру және нығайту; әлемде еуропалық жоғары мектептің 
беделін арттыру. 
Еуропалық жоғары оқу орындарының басқа білім беру жүйелерімен 
салыстырғанда, бәсекеге қабілеттілігін күшейту; ұлттық жоғары білім беру 
жүйесінің сәйкестігіне, жоғары білімнің сапасына қол жеткізу
.
Университеттердің еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы орталық 
рӛлін күшейту, бұл ретте университеттер еуропалық сананың ордасы, әрі 
жалғастырушысы ретінде қаралады. 


Басқа елдер Болон процесіне ерікті түрде қатыса алады. Декларацияға 
қол қою арқылы олар ӛздері орындау тиіс міндеттемелер алады. Бұл 
міндеттемелердің біреуі - ол Болон процесіне қатысушы елдердің жоғары оқу 
орнын бітіруші барлық түлектеріне бакалавр және магистр дипломдарына 
бірдей үлгідегі тегін еуропалық қосымша беру болып табылады. Осы арқылы 
ортақ еуропа кеңістігіндегі жоғары кәсіби білім беру құжаттарының ӛзара 
танылуы іске асады. Сонымен бірге Болон процесінің негізгі талаптарына 
сәйкес қосылған мемлекеттер ӛздерінің ұлттық білім беру жүйесін Болон 
процесінің негізгі, ұсынбалы және факультативтік ӛлшемдеріне сәйкес 
реформалау қажет.
Болон процесінің білім беруді ұйымдастыруға қатысты құрастырған 
принциптеріне келетін болсақ, олар тӛмендегідей: 

Жоғары оқу орындарының автономиясы; 

Білім берудің саяси, экономикалық, идеологиялық жағдайлардан 
тәуелсіз болуы; 

Білім және ғылыми ізденістерінің болуы; 

Білімнің экономика мен қоғамның сұраныстарына сай болуы; 

Зерттеу, оқыту, білім беру мәселелерінің еркіндігі; 

Білімділік миссиясын сақтау; 

Жоғары оқу орнындарына сапалы білім беретін оқытушы және ол 
білімді меңгеруге бейімделген студенттердің қабылдануы; 

Толеранттық сезім; 

Еуропалық құндылықтарды сақтау; 

Географиялық, саяси шекаралардан тыс әрекет халықтық мәдениет 
шегіндегі жетістіктерді игеруді пайдалана білу. 
Болон процесіне қосылған елдердің оның идеяларын білім беру 
жүйесіне енгізу және іске асыру, осы процесс шеңберінде құрастырылған 
ӛлшемдер негізінде іске асады. Бұл ӛлшемдер негізгі, ұсынбалы және 
факультативтік болып бӛлінеді. 
Кесте 2. Болон процесінің ӛлшемдері 
Болон 
процесінің 
ӛлшемдері 
Кӛрсеткіштері
Болон процесінің негізгі 
ӛлшемдері 
- Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі: бакалавриат – 
магистратура – докторантура PhD; 
- ECTS академиялық несиелері (олар Болон процесіне 
қосылған елдерде академиялық дәреже туралы дипломдардың 
ӛзара танылуын, студенттердің кадемиялық икемділігін 
қамтамасыз ету үшін дайындалған); 
- Жоғары оқу орны студенттерінің, оқытушылары мен 
басқарушылық құрамның академиялық икемділігі (ортақ білім 
кеңістігі бойынша еркін жүріп-тұруы); 
- Дипломға еуропалық қосымша беру; 
- Жоғары білім сапасын қадағалау; 
- Біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру. 


2 кестенің жалғасы 
Болон 
процесінің 
ұсынбалы ӛлшемдері 
- Ортақ еуропалық бағалау; 
- Студенттердің белсенді қатысуы; 
- Тұрмысы нашар студенттерге әлеуметтік қолдау кӛрсету; 
- Ӛмір бойы білім беру. 
Болон 
процесінің 
факультативтік 
ӛлшемдері 
- Білім мазмұнын дайындық бағыттары бойынша үйлестіру; 
әлеуметтік серіктестікті дамыту; 
- Студенттердің ӛз таңдаулары бойынша іріктеліп алынған 
курстар арқылы оқыту; 
- Модульдік жүйе; 
- Қашықтан оқыту, электрондық курстар; 
- Студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтигтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет