А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы


Білім беру туралы құжаттарды нострификациялау



Pdf көрінісі
бет48/53
Дата13.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#82528
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
ЖОО педагогикасы

Білім беру туралы құжаттарды нострификациялау - басқа 
мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың 
филиалдарында) 
білім 
алған 
адамдарға 
берілген 
құжаттардың 
баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. 
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің 
сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді 
тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың 
белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану рәсімі. 
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттay - білім беру 
ұйымдары кӛрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім.
Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту 
теориясы, педагогика ғылымның саласы. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту 
мен оқытудың барысы, нәтижелері. Дидактика жалпы орта білім беру 
тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі және т.б. проблемаларды 
зерттейді. 
Екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major)
немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу 
мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша 
параллельді білім алу мүмкіндігі. 
Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі 
(ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда 
білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса 
алғанда) салыстыру және қайта сынақтан ӛткізуде пайдаланылатын б ілім 
беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу 
әдісі.
Жеке оқу жоспары - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің 
каталогы негізінде эдвайзердің кӛмегімен әрбір оқу жылына дербес 
жасалатын оқу жоспары. 
Инновациялық - білім беру консорциумы – жоғары оқу орындары, 
ғылыми ұйымдар мен ӛндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды 
тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық иннова-
циялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, 
қаржылық және ӛзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы 
шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет