Аққулар ұйықтағанда
1
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.
Беу, дүниеай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда.
Жетісіп бір «Жетімкөл» қалушы едіау,
Тынушы едіау, теңселген қара орман да.
Таянғанда аққулар қонар маңға,
Басушы едіау, байызын бар арман да!
Қанатынан аққудың балапандап,
Ән ұшатын сымпылдап таң атарда.
Сүйінші бер дегендей бір толықсып,
Сыбырлайтын «Жетімкөл» Алатауға.
Тына қалып бұлбұл да жағаталда,
Қарайтұғын айдынға, ақ отауға.
Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,
Асығыстық оларда болмайтұғын.
Қомағай көкқұтандар секілденіп,
Жалп беріп, жағаға кеп қонбайтұғын.
Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,
Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
127
Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан,
Сондай бір дәстүр барды қалыптасқан.
Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт,
Аққуын айдын көлдің налытпастан
Дәстүрін аттамаған, анық басқан.
Сондай бір дәстүр барды жарық шашқан,
Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.
Қайсыбір қиынқыстау ай, күндерде,
Шойырылтып, түсседағы қайғым белге,
Алаңсыз аққуымды атпасын деп,
Жатқа да дастарқанды жайдым төрге,
Аққулар ұйықтағанда айдын көлде...
2
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Түні мынау – тамыздың маужыраған,
Тауың анау – шымылдық салбыраған.
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...
– Аққуменен баланы аластаңдар», –
Дедідағы жайымен жөнеп кетті...
– Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
...Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
«Жетімкөлге» барып қайт таң жамылып,
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!
Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
128
– Апырай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған
Оқ атам қасиетке қалай ғана?..
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
Адуынды жан екен алған жары:
– Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!
...Оятып дүниені делсал қылып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып,
Сайсайдан бошалаған бозала таң,
Таудағы тіршілікке ән салдырып,
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,
Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
Қасқа таң.
Бұлбұл үні.
Көл бетінде
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкаппар құс келбетіне.
Асқар белден күн нұры шашырады,
Шашырап, ол да көлге бас ұрады.
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,
Аппақ нұр аппақ нұрға қосылады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
129
Көл – көкке, көк көлге кеп асылады,
Ұйқысы аққулардың ашылады.
Сұлулыққа сұқтанып, қашып әлі,
Анажүрек солқ етіп, басылады.
...Аққулар...
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Мерген отыр жағада.
Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
Бас бағады шыршаның қалқасынан,
Қаруынан қолында қан сасыған.
... Ал, аққулар,
Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.
Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
9–3452
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
130
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?!
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,
Дүниеау, сен осындай керемет пе ең?!»
Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым
Білмей отыр жаңағы тыныштықтың,
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!..
Сан айналып, сұңқылдап ұштыдағы,
Сапар жолға мезгілсіз түстідағы,
Бетін түзеп, батысқа бағыт алып,
Қарғыс атқан мекеннен күсті бәрі.
Тау жаңғыртып, тамаша құстың әні,
Қош айтысып көлменен, ұшты бәрі.
Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,
Ұша алмайды – ұшпақ боп күш қылады...
3
«Жетімкөлдің» басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан
«...Апырай, бұл кім болды, таң сәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәреқұтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Бұл маңның адамы емес, сірәдағы,
Білейін, табайын да бір амалын.
Қаруы бар кәззапқа құрықпенен
Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?!
Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...»
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
131
...Аққу үркіп,
батысқа бет түзеген,
Қамшы басты атына, шыдамады.
– Ей!
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?!
Тастағын қаруыңды, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
...Байғұс әйел үнтүнсіз жылап тұрды,
Қарттың үні меңзең ғып құлаққа ұрды.
Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,
Бөгелмей, «Жетімкөлге» лақтырды.
Қартқа қарай ақырын аяңдады,
Қарусызға қарт келді, аянбады.
...Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,
Болған жайтты келіні баяндады.
– Әй, балам!..
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..
Солай, солай...
Аманат бір Құдайға...
Қайқайдағы түседі құрғыр ойға...
...Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,
Қарт тастап – нелер сұмдық сырды бойға.
Бәрі ұмыт: бақытың да, байлығың да,
Күлкі шаттық, күйзелткен қайғы, мұң да.
«Жетімкөл» жетімсіреп қалып қойды,
Бір өлі, бір тірі аққу айдынында...
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айырылуда.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
132
Әлденеден сұм жүрек сескенеді,
Арагідік әлдене ес береді.
Табиғаттың, таудың да, аққудың да,
Байғұсқа болмай қалды еш керегі.
Келеді ана, сезбейді ештеңені.
...Абырсабыр, үй маңы дүрбелеңді,
Алғаш ана абыржып, білмегенді.
Ат үстінен түсе алмай қатып қалды
Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді,
Білмейді, қайда келді, кімге келді.
Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,
Өлі менен тірінің арасында.
Отырғандай «Жетімкөл» жағасында,
Аққу жатыр көзінің шарасында.
Аунап түсіп атынан, үйіне енді,
Есіне алып ерін де, баласын да.
Өліп жатқан ұлына қарасын да,
Қалсын ана «Жетімкөл» жағасында,
Өлі менен тірінің арасында.
Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..
«...Мына жатқан «Жетімкөл», мына аққуды,
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»
Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,
Жиылған жұртқа қарап алақтады.
Бірде ана көкке жайып алақанын:
«Қазір, ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным... балапаным!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
133
Қасиет!..
О, қасірет!
Осындай ма ең?!
Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!..
Қасиет!..
Қасиеттер ұшып кетті,
Қасірет!..
Қасымдағы досымдай ма ең!..
Қасиет... Қасірет...
Қасірет... қасиет...»
Эпилог
Орнында екен «Жетімкөл», жоғалмапты
Ортаймапты, немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.
Достарыңызбен бөлісу: |