134
Жыл-
қышы
«Бұл
маңның адамы емес, сірәдағы,
Білейін, табайын да бір амалын.
Қаруы бар кәззапқа құрықпенен
Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?!
Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...»
Автор
Мерген отыр жағада.
Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
Бас бағады шыршаның қалқасынан,
Қаруынан қолында қан сасыған.
7-тапсырма. Берілген шумақтарды мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.
...Оятып дүниені делсал қылып,
Тамыздың
таңы да атты тамсандырып,
Сайсайдан бошалаған бозала таң,
Таудағы тіршілікке ән салдырып,
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,
Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
Қасқа таң.
Бұлбүл үні.
Көл
бетінде
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкаппар құс келбетіне.
Асқар белден күн нұры шашырады,
Шашырап, ол да көлге бас ұрады.
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,
Аппақ нұр аппақ нұрға қосылады.
Көл – көкке,
көк көлге кеп асылады,
Ұйқысы аққулардың ашылады.
Сұлулыққа сұқтанып, қашып әлі,
Анажүрек солқ етіп, басылады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
135
...Аққулар...
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері,
білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,
Тарайды кеп,
тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып.
...Ойнасыншы,
ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
Мерген отыр жағада.
Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
Бас бағады шыршаның қалқасынан,
Қаруынан қолында қан сасыған.
...Ал, аққулар,
Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.
Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?!
Ошақ қасы, от басы,
көрмеппін ғой,
Дүниеау, сен осындай керемет пе ең?!»
Ана отыр.
Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.
...Аққулар ақ айдынды қалдырды да,
Тартты кеп, ана отырған жағалауға.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217