Гауһар. Мен Қамажай апайдың ертеңгі жұмыс күнімен құттықтаймын.
Бірақ бізге айтпағанына өкпелімін.
Омар. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, әрбір адам өз қоғамына қай
жағынан болса да, пайдалы болуға тиіс. Өйткені қоғам – адам ойының
жемісі. Қол еңбегі мен ой еңбегінің арасында айырмашылық жойы
лып, еңбекті творчество деп қарауға қалыптасып келе жатқан жаңа пси
хологияның тұсында...
Нәзила. Сіз конференцияда лекция оқып тұрған жоқсыз, сондықтан
нақты сөйлеңіз.
Омар. Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге
түсініктірек болсын деп...
Нәзила. Иә, әйтеуір, тез айтып болшы.
Омар. Бұл кісінің жұмысқа орналасуы заңды, бірақ біз үшін тым
күтпеген жай. Демек, біздің семьяда шығын көп те, кіріс аз деген сөз.
Бұл кісі финанс тапшылығын ескеріп, ұлттық табысқа өз үлесін қосуды
ойлаған. Өзіміздің әлсіздігімізді, финанс тапшылығын сезіну – бізге ру
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
142
хани соққы. Ал, бұл кісінің әйтеуір бір кезде қоғам өміріне араласуы тиіс
екенін ескеріп, кәсіп таңдау жағына өз басым қарсы екенімді білдіремін.
Бұл мәселені өз қабырғамызбен кеңірек ойласып, жедел шешім қарастыру
керек.
Нәзила. Болдың ба, әйтеуір?
Омар. Болдым.
Нәзила. Онда тезірек отырыңыз.
Қамажай. Ее, міне, гәп қайда? Сендер менің жұмысқа орналасуым
ды намыс көріп отыр екенсіңдер ғой. Бұларың дұрыс емес. Сонда мен
үйде қол қусырып отыра бермекпін бе?
Нәзила. Жоқ, сіздің кондуктор боламын дегеніңіз ұнамайды.
Гауһар. Иә, иә.
Омар. Иә, иә.