А. К. Жундибаева Алматы «Атамұра» 2018 А. С. АҚтанова, А. К. Жундибаева, Л. К. ЖҰмекенова жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқулық


КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ЭПИКАЛЫҚ САРЫН



бет27/86
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#141832
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86
Байланысты:
Танова, А. К. Жундибаева-emirsaba.org

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ЭПИКАЛЫҚ САРЫН
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


48
Қазақтың хан – шегесі, жер – мұрасы...


Кең қоныс қайдан іздеп таптырады? –
деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
Ақынның басты шығармасы – «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің
іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қо
ныстарды тартып алған отарлаудың нәтижесінде тұрмысы нашарлап,
ты ғырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш
қиян» толғауы мен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүниеай», «Қазтуған»
жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе – жер, құтты қоныс
жайы. Ол «ҚарасайҚази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты
жыр ларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің
өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын
мұрасының бір шоғыры – би болыстарға айтқан арнау өлеңдері. Мұрат
Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім»,
«Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы
фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім,
жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан
жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған
үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыры» жырын,
Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған.
Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет
жырлары Қуан жырау, Мұрат, Ығылман ақындар арқылы біздің зама
нымызға жеткен. Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның
Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес
ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет» тағы басқа жинақтарда жа
рия ланған. Б. Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы
шыққан. Шығармаларын Х. Досмұхамедұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезов,
С. Мұқанов, А. Тоқмағанбетов, Қ. Жұмалиев, Б. Омаров, Қ. Мәдібай тағы
басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет