6
ДАНАНЫҢ СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ
Қорқыт
Қорқыт бейнесі қазақ әдебиетінде ха лық
ауызында ертеден сақталған. Қорқыт деген
де көз алдымызға ажалдан қашқан абыз қарт
бейнесі келеді. Себебі, Қорқыттың өмірі не
байланыс ты осы маз мұндағы аңыз ел ара
сында көп та ра ған. Қорқыт ата бейнесі бар
лық түркі халық тарының әдебиетінде бар.
Қорқыт туралы аңыздарда оның қобыз
шы, ойшыл, жырау екені айтылады. Сон дай
ақ алғашқы қобыздың
авторы әрі ас пап ты
жасаушы шебер де өзі болғанын аңыз дар
дан білеміз. Аңыздарға сүйенсек, Қор қыт бейнесінің тарихи тұлға екенін
дәлелдейтін көптеген дерек бар.
Қорқыт ата шамамен VІІІ–Х ғасырларда Сырдария бойында өмір
сүрген оғызқыпшақ тайпалық бірлестігінде дүниеге келген. Белгілі та
рихшы Рашид әдДиннің «Жамиғ атТауарих» атты тарихи шежіресінде
Қорқыттың қайы тайпасынан шыққандығы туралы дерек бар. Ал тағы
да бір таны мал тарихшы, шежіреші Әбілғазының «Түрік шежіресінде»
оның шыққан тегі баят делінеді. Осы
шежіреде Қорқыт оғыздардың
елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғаны туралы нақты айтылады.
Белгілі ғалым Әбубәкір Диваев Сырдария жағасында Қорқыт атаның зи
раты бар екенін өз еңбектерінде жазған.
Қорқыт ата туралы аңыздардан оның үш түрлі қасиетті бойына
дарытқанын білеміз. Біріншіден, ол оғызқыпшақ ұлысының айтулы
бақсысы, абызы болған адам. Екіншіден, күй өнерінің иесі – күйші,
қобыз сарынын алғаш өмірге әкелген өнерпаз. Үшіншіден,
сол кездегі
көп ұлыстарға аты шыққан жырау, оның жырлары – оғызқыпшақ
өмірін бейнелеген әдебитарихи мұра.
Кезінде бұл жырларды шетелдік ғалымдардан В.В. Бартольд,
В.М. Жир мунский, Ф. Копрулузаде, О.Ш. Кокжай, Э. Росси т.б.
зерттеп өз пікірлерін білдірген. Сондайақ
қазақ ғалымдарынан
Ш. Уәли ханов, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, Б. Ысқақов,
М. Бай ділдаев, Ш. Ыбыраев және т.б. зерттеп, Қорқыт бейнесінің тарихи
және көркемдік ерекшеліктерін нақтылай түсті.
«Қорқыт ата кітабының» екі нұс қасы сақталған. Оның бірі Герма ния
дағы Дрезден кітапханасы ның сирек кездесетін қолжазбалар қорында
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217