Дін философиясы 2



Дата24.04.2023
өлшемі14,65 Kb.
#86314

Дін философиясы


2.Буддизм Суддхонаның баласы Сиддхартхи Гаутаманың ілімінен таралған дін деп есептеледі.Буддизм дінінің шығу себебі сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жэне мәдени дағдарысқа үшырап жатқан кезі болатын. Сол кездегі рулық-брахман дініне оппозиция болған Будда діні варна-касталық бөлуге қарсы шығып, елдердің басын біріктіруге талпынды.
Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі - «азап шегушілік», ол төрт игілікті ақиқаттан түрады.
1-ақиқат, өмір сүру азап шегу болып табылады.
2-акиқат, азап шегудің себептері адамның тілегі мен қүмарлығына байланысты болды.
3-ақиқат, азаптан құтылудың жолдары – құмарлықтан құтылу.
4-акиқат, тілектер мен қүмарлыкты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек.
Қысқаша айтқанда, нирванаға жету. Нирвана деп адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне енжар караушылықты атаймыз.
Нирванаға тікелей жетудің сегіз сатысы болады: түзу көзкарас, түзу батылдық, түзу сөз, түзу жүріс-тұрыс, түзу тұрмыс қалпы, түзу күш салу (өзін-өзі үстай білу), түзу ықылас, түзу жұмылдыру.

Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет-ғұрыптары, догмалары бір-бірінен айрмашылығы өте зор десек те болады.


Бұл ағымдар:
1) Үнді-буддизмі - Тхеравада, немесе оңтүстік жэне шығыс-оңтүстік буддизмі.
2) Дао-буддизмі - махаянанемесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі.
3) Тантрикалық буддизм - ваджраянанемесе орта азиялық буддизм.

3.Христиан діні - екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа үлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Мүның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы түрды.


313жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде кабылдады, міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал, 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның бас-шылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христианшіркеулерінің соборы (съезі) шақырылды.
1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері болып бөлінеді. Шығыс бөлігі Православиялық, ал батыс бөлігі Католик болып дербес шіркеу болып шықты.


4. Ислам (араб тілінде бас июшілік, қүлшылык) - үшінші әлемдік, ең жас дін. Мүсылман қауымдары 120 мемлекетке тарап, 35 мемлекетте мүсылмандар саны басым болып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін болып есептеледі. Ислам дінінің негізін салушы Ислам дінінің негізгі ағымдары суннизм және шиизм

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет