А. К. Жутаева, С. Б. Ержанова


Когнитивные понятия современной казахской поэзии



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата16.04.2023
өлшемі371,84 Kb.
#83268
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2986-1-5844-1-10-20210117

Когнитивные понятия современной казахской поэзии
В статье выделяются когнитивные понятия современной казахской поэзии, определяются 
философские познания, психологический настрой и эстетические мысли поэта. Также изучаются 
закодированные картинки в сознании поэта и раскрываются смыслы поэтических подтекстов. 
Руководствуясь понятиями когнитивизма и проявлявшихся в поэзии когнитивными аспектами, 
авторы проанализировали произведения Е. Раушанова, М. Райымбекұлы, Ж. Елеусиза. 
В современной казахской поэзии в вопросах познания все проявления в сознании посредством 
языковых личностей составляют ряд когнитивных понятий. Изучаются концептуальные особен-
ности, рассматривающие в отдельности значение и смысл, особенности кодируемых понятий 
в сознании поэта. Признаки постмодернизма в поэзии современных поэтов проявляются в 
различных деталях, а структура стихотворения изменилась вовсе. Основной смысл и идея 
автора, которое он хочет донести до читателя, передаются иным путем. Формирование языковых 
единиц в поэзии по форме привело к открытию в современной литературе. Частое использование 
когнитивных понятий, способность авторов передать идеи в иной форме часто встречаются в 
современной поэзии. Особенно в процессе развития современной казахской поэзии и проза, и 
поэзия полны новаторских поисков. В статье рассматриваются проблемы современной казахской 
поэзии, анализируется творчество современных поэтов.
Ключевые слова: когнитивизм, концепт, метафизический концепт, языковая модель, 
эстетическая мысль.
Кіріспе
Поэзия – өнер туындысы, ақын шабыты. 
Ал осы өнер туындысының құрылымдық 
композиция ерекшеліктерін зерттеу, ішкі 
қатпарына барлау жасай отырып, ақын санасының 
өлеңдегі көрінісін, сөз қолданудағы шеберлігін, 
образды сөз астарындағы философиялық және 
эстетикалық ойды білдіре алу қабілетін поэтика 
қарастырады. Поэзиялық шығармалардың басым 
көпшілігінде белгілі бір фабулаға құрылған 
сюжет болмағандықтан, өлеңнің айтқысы 
келген негізгі мағынасы мен мәні, оқырманға 
жетер мазмұны поэзияның поэтикалық сөзінде 
және ақын қолдана алған ерекше ұғымдардың 
астарында болады. Біз поэзияны талдаған тұста 
мән мен мағынаны ажыратып жатамыз. Кез 
келген ақынның жеке кредосын, оның ақындық 
лабораториясын, сонымен қатар таным мен 
түйсік мәселесін, сана мен философиялық 
ой мәселесін де қарастыруымыз қажет. Осы 
орайда біз когнитивизм, когнитивті ұғымдар, 
поэзияда көрініс алатын когнитивті аспектілерді 
басшылыққа алуымыз керек.
Когнитивизм – адамның ой-санасы мен 
таным-түйсігі, дүниені көре отырып, қабылдау 
ерекшелігіне қарай негізделген менталды 
және интеллектуалды процестерді зерттейтін 
ғылым. Адам санасы, танымы күніне мыңдаған 
ақпарат алмасады. Сол ақпараттың негізгі 
бірлігі – сөз. Ол санада кодталады. Адам өз 
ойында кодталып яки өз танымында таңба-
ланған дүниені өзінің ойлау қабілеті, алған 
эстети калық әсері, түйсінген философиялық 
ойының ерекшелігіне орай сана көрінісінің 
негізінде бейнелейді. Осы бейнелену негізінде 
когнитивті ұғымдар пайда болады. Когнитивті 
ұғымдарды жіктеу барысында когнитивті талдау 
процесіне жүгінеміз. Бүгінгі таңда әдебиеттану 
ғылымында поэзияны, прозаны, тіпті болмағанда 
драманы талдау осы бағытта жүзеге асып жүр. 
Когнитивті аспектілерді қарастыра отырып, 
когнитивті талдау лингвистикада біршама 
қарастырылғанымен, талдау тәжірибесі көркем 
мәтін негізінде жүзеге асады. Ал көркем мәтін – 
әдебиеттің бір бөлшегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет