Практикалық және семинар сабақтарын өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар
практикалық және семинар сабақтары оқу пәнінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі;
практикалық және семинар сабақтары студенттердің академиялық тобына арналып өткізіледі;
практикалық және семинар сабақтары әдістемелік нұсқаулықтармен қажетті оқу және хабарлама-анықтамалық әдебиеттермен, бағдарламалармен қамтылуы керек;
студенттердің практикалық және семинар сабақтарының қорытындысы рейтингілік жүйеге сәйкес бағалануы тиіс.
Практикалық және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
сабақтың тақырыбы мен мазмұны пәнге арналған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;
студенттің білімін бақылау жүйелі түрде іске асырылуы керек;
семестрде студенттің білімі екі рет рейтингтік жүйеде тексерілуі қажет.
Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
оқытушы практикалық және семинар сабақтарының осы әдістемелік нұсқаулық талаптарына сәйкес, әрі сабақты өткізу әдістемесінің нормативті құжаттар мазмұнына орай өтуі мен ұйымдастыруына жауапты;
оқытушы студенттің білімін шындыққа сәйкес бағалауға жауапты;
оқытушы оқу үрдісіндегі жоғары сапаны қамтамасыз ететін сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін таңдауға, тәжірибелік және семинар сабақтардың мазмұнын анықтауға құқылы.
Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
студент оқу кестесіне сәйкес практикалық және семинар сабақтарына алдын-ала дайындықпен қатысуға міндетті;
студент себепті жағдайға байланысты сабақ босатса, онда оқытушымен келісе отырып, оны өтеуге мүмкіндігі бар;
студент обьективті аргументтер негізінде өзіне қойылған бақылау немесе қорытынды бағаға келіспеуіне құқылы;
студент сабақты себепсіз босатпауға;
практикалық және семинар сабаққа дайындықсыз келмеуге;
тапсырманы уақытында орындауға;
этикалық және моральдық нормаларды сақтауға жауапты.