А. К. Курманова (қолы) (аты-жөні, тегі)


Практикалық және семинар сабақтарын өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар



бет2/6
Дата02.10.2023
өлшемі27,02 Kb.
#112490
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 praktika kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k.

Практикалық және семинар сабақтарын өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар

  • практикалық және семинар сабақтары оқу пәнінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі;

  • практикалық және семинар сабақтары студенттердің академиялық тобына арналып өткізіледі;

  • практикалық және семинар сабақтары әдістемелік нұсқаулықтармен қажетті оқу және хабарлама-анықтамалық әдебиеттермен, бағдарламалармен қамтылуы керек;

  • студенттердің практикалық және семинар сабақтарының қорытындысы рейтингілік жүйеге сәйкес бағалануы тиіс.

        1. Практикалық және семинар сабақтарын өткізу тәртібі

  • сабақтың тақырыбы мен мазмұны пәнге арналған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;

  • студенттің білімін бақылау жүйелі түрде іске асырылуы керек;

  • семестрде студенттің білімі екі рет рейтингтік жүйеде тексерілуі қажет.

        1. Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті

  • оқытушы практикалық және семинар сабақтарының осы әдістемелік нұсқаулық талаптарына сәйкес, әрі сабақты өткізу әдістемесінің нормативті құжаттар мазмұнына орай өтуі мен ұйымдастыруына жауапты;

  • оқытушы студенттің білімін шындыққа сәйкес бағалауға жауапты;

  • оқытушы оқу үрдісіндегі жоғары сапаны қамтамасыз ететін сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін таңдауға, тәжірибелік және семинар сабақтардың мазмұнын анықтауға құқылы.

        1. Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті

  • студент оқу кестесіне сәйкес практикалық және семинар сабақтарына алдын-ала дайындықпен қатысуға міндетті;

  • студент себепті жағдайға байланысты сабақ босатса, онда оқытушымен келісе отырып, оны өтеуге мүмкіндігі бар;

  • студент обьективті аргументтер негізінде өзіне қойылған бақылау немесе қорытынды бағаға келіспеуіне құқылы;

  • студент сабақты себепсіз босатпауға;

  • практикалық және семинар сабаққа дайындықсыз келмеуге;

  • тапсырманы уақытында орындауға;

  • этикалық және моральдық нормаларды сақтауға жауапты.



        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет