А. М. Газалиев ректор, академик нан рк, д


Зерттеудің  әдістері  мен  нысандары



Pdf көрінісі
бет13/30
Дата06.03.2017
өлшемі9,16 Mb.
#8033
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

Зерттеудің  әдістері  мен  нысандары.  Негізінен 
фиброгенді  әсер  ететін  аэрозольдардың  (НФӘА) 
жұмысшылардың  тыныс  алу  мүшелеріне  әсер  етуі 
дәрежесін  бағалаудың  негізгі  көрсеткіші  болып  шаң 
жүктемесі [6] саналады. Жұмысшылардың тыныс алу 
мүшелеріне  түсетін  шаң  жүктемесі  дегеніміз  жұмыс-
шының  кәсіби  өтілінің  барлық  нақты  кезеңінде  шаң-
мен  жанасуының  қосынды  экспозициялық  шынайы 
немесе  болжамды  шаң  дозасы.  Жұмысшылардың 
(немесе  жұмысшылар  тобының,  егер  олар  бірдей 
жағдайда ұқсас жұмыс атқарса) тыныс алу мүшелеріне 
түсетін  шаң  (ауысымдық)  жүктемесі  жұмыс  аймағы 
ауасындағы НФӘА нақты орташа ауысымдық концен-
трациясын  (ОАК),  өкпе  вентиляциясы  көлемін  және 
жұмыс  ауысымы  барысында  зиянды  заттармен  жана-
суы  ұзақтығын  1  формулаға  сәйкес  есептеу  арқылы 
жүргізіледі: 
 
ПН = К × N × Q, 
(1) 
мұндағы К – жұмысшылардың тыныс алу аймағында-
ғы шаңның нақты орташа ауысымдық кон-
центрациясы, мг/м
3
;  
N – 
жұмыс ауысымы барысындағы уақыт 
мөлшері (зиянды заттармен жанасу), сағ.;  
Q – 
өкпе вентиляциясы көлемі, м
3

Шаң жүктемесінің нақты немесе болжамды көле-
мін  2  формула  бойынша  кез  келген  жұмыс  кезеңіне 
есептеуге болады: 
 
ПН = К × N × Т × Q, 
(2) 
К
 
 2016 
71 
 

 
мұндағы К – жұмысшылардың тыныс алу аймағында-
ғы шаңның нақты орташа ауысымдық кон-
центрациясы, мг/м
3
;  
N – 
күнтізбелік жылда істелінген жұмыс 
ауысымдары саны; 
Т – НФӘА жанасу жылдарының саны; 
Q – 
өкпе вентиляциясы көлемі, м
3

Шаң  жүктемесінің  алынған  нақты  мағыналары 
бақылау  шаң  жүктемесі  өлшемдерімен  салыстырыла-
ды, оның мағыналарын нақты немесе жобалы жұмыс 
өтіліне, шаңның шектелген рұқсат етілген концентра-
циясына  (ШРЕК)  және  жұмыс  категориясына  байла-
нысты есептейді. 
Нақты шаң жүктемесінің бақылау шаң жүктемесі-
не  сәйкес  келуі  еңбек  жағдайының  рұқсат  етілген 
класқа  жататындығын  көрсетеді  және  мұндай  жағ-
дайда еңбек ету қауіпсіз болатындығын айқындайды. 
Бақылау  шаң  жүктемесінен  бірнеше  есе  артық 
анықталуы  еңбек  жағдайының  осы  фактор  бойынша 
зиянды класқа жататындығын байқатады. 
Зерттеудің  нәтижелері.  Жайрем  кен-байыту 
комбинатында (КБК) полиметалл кенін ашық әдіспен 
өндірумен  айналысатын  тау-кен  жұмысшыларының 
еңбектік  іс-әрекетін  гигиеналық  бағалау  нәтижелері 
жұмыс  кестесі  үзіксіз  жұмыс  аптасына  12  сағаттық 
жылжымалы  графикпен  тәулік  бойы  жүретіндігін 
көрсетті.  Ашық  тау-кен  жұмыстары  технологиясы 
қатты жыныстарды ұңғылау-жару тәсілімен алдын ала 
босату циклімен жүзеге асырылады. Кен жыныстарын 
аршып алу, тиеу жұмыстары ЭКГ-10 және RH-40 тип-
тес экскаваторлармен жүргізіледі. Тау-кен массаларын 
карьерден  тасымалдау  тау-кен  –  көлік  цехы  қарама-
ғындағы үлкен жүк көліктері – БелАЗ-540 және R-170 
маркалы автосамосвалдар көмегімен жүргізіледі. 
Кеніште  тау-кен  жұмыстарын  жүргізгенде  шаң 
түзілу  мынадай  технологиялық  операцияларға  байла-
нысты болады: қазу, аршу жұмыстары; бұрғылау, жа-
ру жұмыстары; тау-кен массасын тасымалдау; отвалға 
жинақтау; ұнтақтау; електен өткізу; тиеу – түсіру жұ-
мыстары. 
Шаңның  бөлінуіне  технологиялық  операциялар-
дың  әсерінің  үлес  салмағы  мынадай:  қазу,  арту 
жұмыстары – 16,35%, тау-кен массасын тасымалдау – 
19,07%,  ұнтақтау  –  34,83%,  електен  өткізу  –  6,92% 
және желмен ұшыру – 19,35%. 
Шаңдану  деңгейіне  жүргізілген  зерттеулер  бары-
сында  шаңның  неғұрлым  жоғары  деңгейі  марганец 
байыту  фабрикасында  анықталды.  Ұнтақтау  учаске-
сінде  шаң  бөлшектерінің  концентрациясы  жұмыс 
аймағында 142,5  ±  19,8  мг/м
3
 
болды,  бұл  шектелген-
рұқсат  етілген  концентрациядан  (ШРЕКбр)  71  есе 
артық.  Електен  өткізу  учаскесінде  ауаның  шаңдануы 
жоғары болып 86,8 ± 12,9 мг/м
3
 
жетеді, бұл ШРЕКбр 
43 есе артық. 
Шаңның  дисперсиялық  құрамын  зерттеу  нәтиже-
лері  ауа  айналымындағы  шаңның  барлығы  дерлік  5 
микроннан  кем  өлшемде  болатындығын  көрсетті.  2 
мкм кем фракциялы шаң өлшемдері 88,4%-да құрады. 
Шаңның  жоғарғы  дисперсиялығы  экскаватордың 
кабинасында  және  машина  бөлімшесінде  тіркелді: 
мұнда 2 мкм кем өлшемді шаң бөлшектері 32,5%-ды, 
5 мкм кем өлшемді шаң бөлшектері 87,8%-ды құрады. 
Автосамосвалдар  кабиналарында  және  үлкен  габа-
ритті тау-кен массаларын бұрғылағанда  шаң бөлшек-
терінің  дисперсиялығы  2  мкм  өлшемді  44-52%-ды 
құраса, 5 мкм кем өлшемді – 71-77%-ды құрады.  
Кенді  ашық  тәсілмен  өндірудің  технологиялық 
процесінің  гигиеналық  сипаттамасына  арналған  әде-
биеттерге жүргізілген талдау, құрастырылған және ен-
гізілген сауықтыру шараларына қарамастан, шаң фак-
торы қазіргі уақытқа дейін басқа да кәсіби зияндылық-
тардың арасында жетекші орын алатындығын көрсете-
ді. Барлық негізгі операцияларды (бұрғылау, экскава-
циялау,  тасымалдау  және  т.б.)  атқару  жұмысшылар-
дың тыныс алу аймағына күрделі химиялық құрамды 
ұсақ дисперсиялы шаңның бөлінуімен жүреді. 
1  кестеде  жұмыс  аймағы  ауасының  шаңдануы 
және  ШРЕКбр  еселік  жоғарылығы  бойынша  алынған 
нәтижелер жинақталып, қорытындыланған. 
Ұнтақтау  бөлімшесі  және  қазандықтағы  жұмыс 
орындарында  ауадағы  шаң  концентрациясы  тиесінше 
57,4  ±  4,5  және  51,9  ±  3,2 мг/м
3
 
болды  (ШРЕКбр  29 
және 26 есе артық). Ірі ұнтақтау кешені учаскесіндегі 
ауаның шаңдануы орташа 14,5 ± 1,6 мг/м
3
 
құрады, бұл 
рұқсат етілген нормадан 7 есе артық. 
Жұмысшылардың  денсаулық  жағдайларындағы 
өзгерістердің  пайда  болуымен  олардың  кәсіби  іс-әре-
кеттері  арасындағы  байланысты  негіздеу  мақсатында 
шаңның орташа ауысымдық концентрациясын анықтау 
маңызды  болып  саналады.  Осы  орайда  Жәйрем  КБК 
негізгі өндірістік учаскелер жұмысшыларының жұмыс 
аймағындағы  шаңның  орташа  ауысымдық  концентра-
циясы зерттеліп, талданды. Зерттеу барысында жұмыс-
шылардың  атқаратын  барлық  негізгі  және  қосымша 
операциялары, үзілістері ескерілді. Зерттеу нәтижелері-
нің алынған мәліметтері полиметалды шаңның орташа 
ауысымдық  концентрациясының  ең  жоғары  мөлшері 
марганец  байыту  фабрикасының  ұнтақтаушылары 
(6,6±0,7  мг/м
3
),  елекшілері  (4,8±0,5  мг/м
3
),  бункерші-
лері  (3,5±0,5  мг/м
3
)  және  конвейер  машинистерінің 
(3,2±0,4  мг/м
3
)  жұмыс  аймағы  ауасында  тіркелетінін 
көрсетеді.  Қазандықтағы  жұмыс  аймағы  ауасы  шаңы-
ның  орташа ауысымдық  концентрациясының мөлшері 
– 
2,8±0,4 мг/м

болса, ұнтақтау бөлімшесінде – 3,0±0,5 
мг/м
3
 
деңгейінде  тіркелді,  ал  жылжымалы  ұнтақтау-
сұрыптау  қондырғыларының  жұмыс  орындары  ауа-
сында  шаңның  орташа  ауысымдық  концентрациясы 
2,9-
тан 4,8 мг/м
3
 
аралығында ауытқиды. 
Дозалық  ауысымдық  шаң  жүктемесін  бағалау 
үшін  мынадай  көрсеткіштер  ескеріле  отырып,  кәсіби 
топтар бойынша есептеулер жүргізілді: 

шаңның  орташа  ауысымдық  концентрациясы, 
мг/м
3


жұмыс  категориялары  үшін  өкпе  вентиляция-
сының көлемі: 

жұмыс ауырлығының жеңіл дәрежесі – 3,7 м
3


жұмыс ауырлығының орташа дәрежесі – 5,9 м
3


жұмыс ауырлығының ауыр дәрежесі – 8,5 м
3


жұмыс  ауысымы  барысында  НФӘА  жанасу 
уақыты – 7,7 сағат; 

шаңның ШРЕК – 4 мг/м
3

Шаңның  дозалық  жүктемесін  есептеу  нәтижелері 
ашық әдіспен кен өндірумен айналысатын жұмысшы-
лардың  жұмыс  орындарындағы  шаңның  орташа ауы-
72 
Труды университета 
 

Раздел «Геотехнологии. Безопасность жизнедеятельности» 
сымдық  концентрациясы  4,2-тан  6,9  мг/м

дейінгі 
шекте ауытқитындығын көрсетеді (2-кесте). 
Ауысымдық  шаң  жүктемесінің  неғұрлым  жоғары 
көрсеткіштері ашық кеніштерде орналасқан бұрғылау 
қондырғылары  машинистерінің  жұмыс  орындарында 
анықталады – 451,6 мг/ауысым. 
Экскаватор  жүргізушілерінің,  жару  жұмысшыла-
рының, жерүсті тау-кен жұмысшыларының, үлкен жүк 
машиналары жүргізушілерінің және бульдозер техни-
калары машинистерінің тыныс алу мүшелеріне түсетін 
шаң  жүктемесінің  көрсеткіштері  жұмыс  ауысымына 
орташа 213-тен 263 мг/ауысымға дейін құрайды. 
Бақылау  шаң  жүктемесі  көрсеткіштері  жұмыс 
ауысымы  барысында  181,7-ден  261,8  мг/ауысым 
шегінде ауытқиды. 
Қорытынды. Шаңның дозалық жүктемесін есеп-
теу ашық әдіспен кен өндірумен айналысатын тау-кен 
жұмысшылары  ШРЕК  деңгейінен  0,2-тан  2,9  есеге 
дейін жоғары болатын шаң концентрациясының әсері-
не ұрынатындығын анықтауға мүмкіндік берді. 
Ауысымдық  шаң  жүктемесінің  көрсеткіштері 
190,8-
ден 451,6 мг/ауысым аралығында ауытқитынды-
ғын көрсетті. 
Бақылау  шаң  жүктемесінің  көрсеткіштері  жұмыс 
ауысымы  барысында  181,7-тан  261,8  мг/ауысым 
шегінде ауытқиды. 
Бақылау шаң жүктемесінің артуы еселігі 1,05 –тен 
1,6 есеге жетеді.  
Сонымен, полиметалл кенін ашық әдіспен өндіре-
тін тау-кен жұмысшыларының тыныс алу мүшелеріне 
түсетін  шаң  жүктемесін  бағалау  зиянды  және  қауіпті 
өндірістік ортада еңбек ететін жұмысшылар арасында 
өндіріске  байланысты  аурулар  мен  кәсіби  аурулар 
дамуы қаупін болжау үшін қосынды ауысымдық және 
өтілдік  жүктемелерді  және  де  шынайы  дозалық  жүк-
темелерді  (шаңның)  гигиеналық  бағалау  сұрақтары 
тәжірибе  жүзінде  маңызды  және  мағыналы  екендігін 
көрсетеді. 
 
1-
кесте – Кен байыту комбинатының өндірістік шаңындағы бос кремнийдің қостотығы көлемі және өндірістік 
учаскелердегі жұмыс аймағы ауасының шаңдануы 
№ 
Алыну нүктесі 
Шаңның көлемі,  
мг/м
3
 
ШРЕКбр  
мг/м
3
 
Жоғарылық еселігі 
Кремний қостотығы 
көлемі, % 

МБФ, ұнтақтау 
142,5±19,8 
III класс қауіптілік 
71 
14,2±0,9 

МБФ, електеу 
86,8±12,9 
 
43 
12,5±0,6 

Ұнтақтау бөлімшесі 
57,4±4,5 
 
29 
15,0±1,0 

Қазандық 
51,9±3,2 
 
26 
14,2±0,8 

Ірі ұнтақтау кешені 
14,5±1,6 
 

15,0±0,8 

ЖҰСҚ 

бункер алаңы 

ұнтақтау алаңы 

конвейер алаңы 

елек алаңы 
 
23,6±1,5 
86,7±17,9 
16,1±3,1 
60,6±12,6 
 
 
11 
43 

30 
 
12,4±0,6 
14,8±0,8 
12,7±0,7 
12,9±0,8 
 
2-
кесте  –  Полиметалл  кенін  ашық  әдіспен  өндірумен  айналысатын  жұмысшылардың  жұмыс  орындарындағы 
дозалық (ауысымдық) шаң жүктемесі көрсеткіштері  
Жұмыс орындары 
Шаңның 
ОАК, мг/м
3
 
Шаң жүктемесі, 
(мг/ауысым) 
Бақылау шаң 
жүктемесі 
Бақылау шаң жүктемесінен 
артуы, еселігі 
Экскаватор жүргізушілері, олардың 
көмекшілері 
5,8 
263,5 
181,7 
1,45 
Бұрғылау қондырғылары машинистері, 
олардың көмекшілері  
6,9 
451,6 
261,8 
1,72 
Бульдозер техникалары машинистері  
4,7 
213,5 
181,7 
1,17 
Үлкен жүк машиналары жүргізушілері 
4,9 
222,6 
181,7 
1,22 
Жерүсті тау-кен жұмысшылары 
5,2 
236,2 
181,7 
1,29 
Жару жұмысшылары 
5,6 
254,4 
181,7 
1,40 
Слесарь-жөндеушілер 
4,4 
199,9 
181,7 
1,10 
Электрдәнекерлеушілер 
4,2 
190,8 
181,7 
1,05 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
 
1. 
Медицина и охрана труда по данным ВОЗ: цифры и факты // Мед.труда и пром. экология. – 1996. – № 5. – С. 42-43. 
2. 
Материалы  доклада  Генерального  директора  МОТ  на  Международной  конференции  труда.  Национальный  обзор.  – 
Хельсинки, 2006. 
3. 
Денисов Э.И., Прокопенко Л.В., Чесалин П.В. Медицина труда за рубежом. Международные и национальные документы 
и практика / Под ред. Акад. РАМН Н.Ф. Измерова. – М.: РЕИНФОР, 2010. 
4. 
Аманжол И.А., Таткеев Т.А., Жарылкасын Ж.Ж. Условия труда и здоровье рабочих горно-обогатительного предприятия 
// Профессия и здоровье: сб. матер. V Всероссийского Конгресса. – Москва, 2006. – С. 61-62. 
5. 
Кулкыбаев  Г.А.  Актуальные  проблемы  оценки  профессионального  риска  в  гигиенических  исследованиях  //  Гигиена 
труда и мед.экология. – 2005. – № 3(8). – С. 3-16. 
6. 
Измеров  Н.Ф.,  Ткачев  В.В.  Расчет  и  регулирование  пылевых  экспозиционных  доз  с  целью  снижения  уровня 
профзаболеваний пылевой этиологии // Медицина труда и пром. экология. – 1995. – №5. – С. 1-4. 
 
 2016 
73 
 

 
ӘОЖ 550.812 
 
Кенқалыптастыру теориясы дамуының 
негізгі тенденциялары 
 
Д.Қ. МАКАТ, докторант, «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» кафедрасы, 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 
 
Кілт сөздер: геология, кенорын, кенқалыптастыру, теория, мантия, тау-жыныстар, модель, гидротерма, 
мыс, мыс-порфир. 
 
енқалыптастыру  теориясы  дамуының  негізгі 
тенденциялары және кезеңдері 
Әлемде  бірнеше  мың  кенорындары  және  одан  да 
көп кенкөріністері белгілі. Әрбір кенорны белгілі бір 
дәрежеде өзара дербес. Тіпті бір аймақта орналасқан, 
құрамы  бойынша  жақын  кенорындарының  өзінен  әр-
қашан өздеріне ғана тән көптеген сипаттар табылады. 
Сол  себепті  кенді  геологияның  алғашқы  кезеңдегі 
жағдайы «геологиялық өнер» деңгейінде болатын. Бұл 
жағдайда кенорны туралы негізгі ақпарат кенорында-
рында  ұзақ  жылғы  тәжірибесі  бар  мамандар  арқылы 
жинақталды. Көптеген басылымдар сипаттама түрінде 
болды.  
Ашылып жатқан, барланған және қолданысқа тар-
тылған кенорындарының саны  уақыт өте келе артты. 
Геологиялық  ақпарат  көлемі  бірден  артып  кетті.  Ба-
рынша жақсы зерттелген кенді аймақтар мен кенорын-
дары  бойынша  монографиялар  көбірек  жарияланды. 
Кенкөріністерін  зерттеу  барысында  аналогия  прин-
ципі кеңірек қолданыла басталды. Жеке кенорындары 
(әдетте жақсы зерттелген және ірілері) типтік дәреже-
ге көтерілді, сонымен бірге, зерттелетін кенді нысан-
дар солармен салыстырылды. Бұл салыстырулар, әдет-
те, көзге көрініп тұратын сипаттары бойынша жүргізі-
луі себепті кенорынның орналасуы мен қалыптасуын 
көп жағдайда анықтап бере алмады.  
Кенорындарының  артуына  байланысты  ақпарат 
зерттеушілерге  қиыншылық  тудырды.  Осыған  байла-
нысты  кенорындарын  зерттеуде  орналасуы  мен  қа-
лыптасуының жалпы факторларының сипаты анықта-
ғандай, оларды табиғи топтарға бөліп зерттеуге жүйе-
лі  түрде  келу  қажеттілігі  туды.  Мұндай  әрекеттер 
кенорындарын  кейбір  жеке  параметрлер:  қалыптасу 
тереңдігі, қалыптасу температурасына, магматизммен 
байланысына,  кенді  дененің  морфологиясына,  кеннің 
минералдық  құрамына  және  т.б.  байланысты  ерте-
ректе  де  қолданылған.  Үдерістің  тек  қана  бір  жағын 
белгілейтін мұндай жеке параметрлер кен қалыптасу-
дың барлық күрделілігін сипаттай алмайды.  
Бұл  проблемаға  көпжоспарлы  түрде  келу  кеннің 
заттық  құрамының  ұқсастығы,  геологиялық  жағдай 
және қалыптасу жағдайы кенорнының табиғи ассоциа-
циясы ретінде кендік қалыптасу ұғымын енгізу болып 
табылады  [1].  Қалыптасу  жүйесінде  генетикалық 
принциптің басым болуы кенқалыптасу параметрлерін 
(температура,  қысым,  құрамы және  кенқалыптастыру 
ерітінділерінің  агрегаттық  жағдайы,  кен  элементтері-
нің тасымалдау және ілеспе компоненттерінің форма-
сы,  зат  пен  энергия  көздері,  минералдар  шөгуінің 
шектік жағдайы және факторлары) анықтау бойынша 
зерттеуді  дамытудың  елеулі  стимулы  болды.  Кенқа-
лыптастыру  үдерісінің  параметрлік  сипаттарын  жи-
нақтаудың  қарқынды  кезеңі  басталды.  Кенорынның 
қалыптасу  үдерісі  туралы  түсінік  жақсы  сандық 
негіздерге  ие  болды,  ғылыми  түйін  және  қорытынды 
жасалатын  болды.  Геологтар  кезінде  академик  С.С. 
Смирнов  армандағандай  зерттеу  нысанына  «өлшем 
және  салмақпен»  қарайтын  болды  [2].  Шын  мәнінде 
кенді  геологияда  зерттеу  жүргізу  үшін  нақты  ғылым 
деңгейінде базалар қалыптаса бастады.  
Параметрлерді анықтауда геологтар аралас ғылым 
әдістерін,  көп  жағдайда,  аналитикалық  және  физика-
лық  химия,  жылу  физикасы,  гидродинамика  кеңінен 
пайдаланады.  Сонымен  қатар,  арнаулы  геологиялық 
және геохимиялық әдістер пайдаланылады. Флюидты 
микроқосылым түрінде минералда консервацияланып 
алынған  минералқалыптастырушы  ерітінділер  құра-
мын  және  агрегатты  жағдайдың  ерекшелігін,  қысы-
мын,  температурасын  бағалауға  мүмкіндік  беретін 
термобарогеохимиялық  әдіс  кеңінен  қолданылады. 
Қосылатын  заттардың  әдеттегі  өлшемі  5-ден  30  мк 
аралығында ауытқиды. Сұйық, газды және қатты түр-
дегі  гетерогенді  қосылыс  арнаулы  термокамерада  го-
могенизация  сатысына  дейін  қыздырылады  (бақылау 
микроскоппен  жүргізіледі).  Гомогенизация  қосылыс 
температурасы  сол  жағдайдағы  қысымды  ескере 
отырып,  негізгі  минерал  қалыптасу  температурасы 
ретінде  саналады.  Бұл  қосылыста  бар  қатты  түрдің 
(тұздардың)  еру  сипаты  бойынша  есептелген  қысым-
ды  анықтаудың  бір  әдісі.  Қосылымдағы  газдар  мен 
сұйықтар құрамын бағалау үшін криометрлік (әртүрлі 
температурадағы  жеке  қосылыстарды  тоңазыту),  со-
нымен қатар, дәстүрлі химиялық әдістер қолданылады. 
Жер қыртысы және Жердің жоғарғы мантиясында 
кенқалыптастырушы  зат  көздерінің  тереңдіктегі  жағ-
дайы күкірттің, қорғасынның, көміртектің, стронций-
дың,  оттектің,  сутектің  және  кенорындағы  минерал-
дарды қалыптастыру құрамына кіретін басқа элемент-
тердің изотоптық құрамын талдау жолымен анықтала-
ды.  Тұрақты  емес  изотоптарды  пайдалану  геология-
лық қалыптасудың абсолютті жасы туралы (K-Ar-, Rb-
Sr-, U-Pb-, Sm-Nd-
және  басқа  да  әдістері)  ақпарат 
береді.  
Көптеген кендік формациялар үшін кенқалыптас-
тыру үдерісінің дамуын бастама көзінен кенқабаттары 
облысына  дейін  дамуын  сипаттайтын  параметрлік 
мәліметтер базасы жасалды. Табиғи кенқалыптасудың 
шектік жағдайы туралы эксперименталды мәліметтер-
К
 
74 
Труды университета 
 

Раздел «Геотехнологии. Безопасность жизнедеятельности» 
ді  ескеру  кендік  формациялардың  геолого-генетика-
лық моделін дайындауға мүмкіндік берді. Зерттеу ны-
санының ерекшелігін ескере отырып, кенді геологияда 
ұғымдық,  сонымен  қатар,  физикалық  (аналогтық) 
және математикалық модельдер кеңінен қолданылады. 
Модельдер  кенқалыптастыру  үдерісінің  ерекшелігін 
және  жалпы  суреттемесін  сипаттайды,  кенорынның 
ерекшелігін  көрнекі  түрде  бейнелеуге  қызмет  етеді. 
Модельдер оригиналды көшірмейді, тек оның барын-
ша  маңызды  сипаттарын  көрсетеді.  Қолда  бар  бақы-
лауларға жасалған модель қарама-қарсы келмей, көп-
теген анықталған фактілерді ескеріп, табиғи құбылыс-
тардың себебін  түсіндіруге мүмкіндік беруі, олардың 
салдарын болжауы өте маңызды.  
Модельдік және жүйелі әрі қарай дамуы кенқалып-
тастыру жүйесінің динамикалық модельдерін құрасты-
ру  болып  саналады.  Кенорнын  қалыптасуында  уақыт 
пен  кеңістіктегі  құбылыстар,  құрылым  және  тау  жы-
нысы эволюциясының өзара байланысты үдерістердің 
қосындысы кенқалыптастыру жүйесі болып танылады. 
 
Гидротермалды кенорны қалай қалыптасады 
Пайда  болу  және  қалыптасу  жағдайы  бойынша 
кенорындары  әртүрлі  [3].  Кен  көріністің  көп  түрінің 
ішінде тек қана біреуін, гидротермалды ағыс қозғалы-
сы  бойынша  қозғалыстағы  құрылымда  (жер  қырты-
сындағы  жарықтар  жүйесінде  немесе  жоғары  өткіз-
гішті тау-жыныстар қабаттарында) кенді заттың шөгуі 
нәтижесінде  ыстық  минералды  ерітіндіден  (гидро-
терм) пайда болатын гидротермалды кенорнын қарас-
тырамыз.  Гидротермалды  ерітінді  (гидротерм)  –  жер 
қыртысында  айналатын  және  минералды  заттардың 
шөгуіне және орын ауыстыруына қатысатын 200-600°С 
дейін  қыздырылған  көпкомпонентті  газды-сұйық 
ерітінді деп түсіндіріледі. 
Гидротермалды кенорнының практикалық маңызы 
өте зор. Бұл кенорындарында молибденнің бүкіләлем-
дік қоры, қалайы кенінің негізінің ¾ қоры, вольфрам-
ның  жартысына  жуык  қоры,  мыс,  қорғасын,  мырыш 
және уран, т.б. металдар жинақталған. Гидротермалды 
кенорнының  кенінен  ілеспе  компоненттері  ретінде 
көпсанды  сирек  кездесетін  металдар:  кадмий,  индий, 
германий,  рений,  селен,  теллур,  галлий  және  т.б. 
бөлініп алынады. 
Су – гидротермнің негізгі компоненті болып табы-
лады. Оның пайда болуына байланысты магматогенді, 
метаморфогенді  және  инфильтрациялық  су  болып 
бөлінеді. 
Магматогенді су силикатты магмалық ерітіндіден 
(магма)  оны  жоғарыға  көтеру  және  тау-жыныстары-
ның кристалдану кезінде (граниттер, диоритттер және 
т.б.) бөлінеді. Судың көп мөлшері құрамында 65 салм. 
% SiO
2
 
(10  мас.%  дейін)  гранитті  магмада  болады. 
Сондықтан  магматогенді  гидротермалды  кенорында-
рының  көпшілігі  гранитпен  байланысты.  Гранит  ері-
тіндісі  кристаллизациялану  кезінде  судың  көп  бөлігі 
магмадан бөлінеді (гранитте әдетте шамамен 1-2% су 
қалады). 
Метаморогенді су бұрынғы химиялық байланыста 
(гидрооксилқұрамды  минералдар  түрінде)  және  тау-
жыныстарындағы  кеуек  сулары  жоғарғы  қысым  мен 
температура әсерінен ығыстырылу нәтижесінде пайда 
болады. Сонымен, мысалы, егер шөгінді жыныстарда 
судың  құрамы  20-30%  жетсе,  онда  интенсивті  мета-
морфтық  жыныстарда  оның  мөлшері  көп  жағдайда  
1-
2% қысқарады. 
Терең  айналымдағы  инфильтрациялық  су  жер 
қыртысындағы өте тереңдікке өтетін жерасты қызды-
рылған су болып табылады. Көптеген гидротермалды 
ерітінділердің  қалыптасуы  әртүрлі  көздердегі  сулар-
дың араласу жолымен жүреді. 
Гидротермалды ерітінділердің судан басқа компо-
ненті қышқылдың хлориді (ең бастысы NaCl), көмір-
қышқыл  және  кремнезем  болып  табылады.  Өте  аз 
мөлшерде  сульфат-  және  сульфид-иондары,  кальций, 
магний, темір, ал газ компоненттерінен – азот, метан, 
сутегі,  фтор,  хлор,  көміртек  тотығы  болады.  Әдетте, 
ерітіндінің  концентрациясы  5-20  мас.  %  құрайды, 
бірақ, көптеген жағдайда 50 мас. % және одан да жо-
ғары жетеді. Кенді элементтер ерітіндісінің құрамын-
да (Cu, Pb, Zn, Mo, Sn және т.б.) үлкен шекте ауытқи-
ды  және  көп  жағдайда  10-1-10-3  г/л  құрайды.  Кенді 
заттың  көзі магмалық  ерітінді,  оны  сіңіретін  жыныс-
тар ретінде қызмет етеді, бұлардан осы заттар гидро-
термалды ерітінділер өтетін жолдарда экстрагирленеді. 
Гидротермалды ерітіндіде кенді компоненттерінің 
ауысуы кешенді химиялық қосылыстар түрінде, соны-
мен  қатар,  хлорлық,  фторлық,  гидросульфидтік  және 
карбонаттық  түрде  басым  жағдайда  жүзеге  асырыла-
ды. Температураның төмендеуі, қысымның түсуі, ері-
тінділердің  нейтралдануы  кезінде  кешендердің  ыды-
рауы,  сонымен  қатар,  эволюция  барысында  олардың 
қышқылдығы  кенді  компоненттердің  шөгуіне  алып 
келеді. Гидротермалды үдерістің жеткілікті дәрежеде-
гі  үлкен  температура  интервалында  көптеген  кенді 
минералдар  үшін  барынша  жағымды  қалыптасу  тем-
пературасына  салыстырмалы  түрде  тар  диапазоны 
тән: минералдар үшін Sn – 430-300°C, Mo – 370-300°C, 
W  –  350-280°C, Cu –  300-150°C, Au –  220-180°C,  
Hg – 150-70°C. 
Кенқалыптасу  оннан  бастап  2000  бар  және  одан 
жоғары қысым кезінде ондаған метрден бастап бірне-
ше километрге дейін тереңдікте жүзеге асады; қысым-
ның  диапазоны  көптеген  жағдайда  250-1500  бар  тән. 
Қысымның  тез  төмендеуі  гидротермалды  жүйедегі 
тепе-теңдікті  бұзады  және  ұшатын  компоненттердің 
бөлінуіне,  кешенді  қосылыстардың  ыдырауына,  осы 
және басқа минералдардың шөгуіне алып келеді. 
Осындай  жолмен  кенқалыптастыру  жүйесінің  ги-
дротермалды моделі үш негізгі облысты тығыз бірік-
тіреді: 
1) 
магма- және флюид туындау бастапқы облысы; 
2) 
тасымалдау аймағы немесе жылу – және масса-
тасымалдау; 
3) 
кентүзілу облысы және кенді заттардың таралу 
ролдарын қалыптастыру. 
Осы  негізгі  облыстардың  кеңістік  пен  уақыттағы 
өзара байланысы мен қатынасы нақты кенқалыптасты-
ру  жүйесінің  жалпы  құрылымын  қалыптастырады. 
Таңдалған  әрбір  облыс  берілген  тереңдік  деңгейінде 
кенқалыптастырушы  жүйенің  генетикалық  мәнін 
анықтайтын  ерекше  параметрлерімен  сипатталады. 
Негізгі  облыс  үшін  бұл  энергия  көздері  –  кенқалып-
тастырушы заттар мен флюидтар, магмалық ерітінілер-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет