192
Оңтүстік Африка Республикасының жаңа Конституциясы
1983 жылы 3 қыркүйекте қабылданды, ол бойынша үш палаталы
парламент құрылды: ақ нәсілді депутаттар - 178, түрлі-түстілер-
ден 85 депутат, және үнділіктерден 45 депутаттық орын берілді.
Елдегі қара нәсілділерге орын берілген жоқ. Бұл конституция-
лық реформаны радикалдар сынға алып, африкалықтар толық-
тай бас тартты. 1983 жылы құрылған Біріккен демократиялық
майдан партиясы және 1985 жылы құрылған оңтүстікафрикалық
кәсіподақтар Конгресі апартеидке қарсы белсенді саясат жүр-
гізді.
Осы кезде Питер Бот үкіметі күшті қуғын-сүргін саясатын
жүргізді, цензура күшейтілді, ереуілдерді полиция қарудың кү-
шімен басып жаншыды. Халықаралық жағдай тағы нашарлады.
1986 жылы қыркүйекте америкалық сенат Оңтүстік Африка
Республикасына қарсы экономикалық санкция жариялады.
Оңтүстік Африка сонымен бірге Ұлыбританияның қамқорлығы-
нан да айырылды, АҰК селсоқ қараған
Маргарет Тэтчер
1989 жылы Достастық елдердің конференциясынан шектеді.
1980-ші жылдардың ортасында Оңтүстік Африка Республикасы
үлкен саяси дағдарыс үстінде тұрды. 1989 жылы 6 қыркүйекте
Оңтүстік Африканың президенті болып
Фридерик де Клерк
тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: