4
Азия және Африка елдерінің бірқатары әлемдегі анағұрлым да-
мыған елдер қатарына қосылды. Алайда, бұл халықтардың дәс-
түрлі және мәдени-ӛркениеттік құндылығы ерекше болғанымен
«қырғи-қабақ соғысы» жылдарындағы екі басты орталық күштің
қарсыластығы да әсер етпей қоймады. Екінші дүниежүзілік со-
ғыстан кейінгі кезеңде әлемде үлкен соғыс болмаса да зорлық-
зомбылықтар кӛп болды. Қарулы азаттық революциялар, отар-
лық және мемлекетаралық қанды соғыстар, ірі мемлекеттердің
қарулы басқыншылықтары, сонымен бірге екі алып державаның
(КСРО және АҚШ) аймақтық және этносаяси шиеленістерді,
азаматтық соғыстарды, әлеуметтік революцияларды, әскери бү-
лік және тӛңкерістерді қарудың күшімен басу нәтижесінен кӛп-
теген бейбіт халықтың зардап шегуіне алып келді.
Сонымен бірге, дәуір соңындағы ұлтаралық экстремистік
топтардың пайда болуы да үлкен тарихи оқиғаларға айналды.
Дегенмен, бұл даму кезеңінде Шығыс елдеріндегі зорлық-зом-
былықтың пайда болуы мен рӛлі шығыстану ғылымында жан-
жақты зерттелген жоқ. Сол үшін зорлық-зомбылық мәселесі
зерттеу нысанының маңызына айналған батыстық пікір-талас-
пен санасуымызға тура келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия және Африка
елдеріндегі этникалық рӛлдің дамуына қатысты не отандық, не
шетелдік ғылымда әзірге ешқандай ортақ тұжырым қалыптасқан
жоқ. Әрине, кейде этникалық факторды әлеуметтік-таптық үр-
дістер мүддесімен салыстырады, алайда әлеуметтік-саяси ӛмір-
дегі ұлтаралық шиеленістерді нақты сараптама арқылы зерттеу-
ді талап етеді. Оқу құралында кейбір мемлекеттердегі ұлтаралық
соғыстарға қатысты оқиғаларға осындай сараптама жасауға тал-
пыныс жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: