168
дирлерінің съезі болып, онда күрестің басты мақсаты Алжирдің
тәуелсіздігі деп жарияланды. Сонымен қатар демократиялық-
әлеуметтік республика құру, аграрлық реформа жүргізу, ӛнеркә-
сіп орындарының негізгісін мемлекет қарамағына ӛткізу, алжир-
ліктер мен еуропалықтардың
тең құқығы туралы мәселелер
қаралды.
Ұлт-азаттық армияның қарсыластығын жоюды кӛздеген
ІҮ Республика үкіметінің саясаты 1958 жылы 13 мамырда отар-
шылдыққа қарсы еуропалықтар мен француздар армия басшы-
лығының бүлігіне алып келді. Бұл Ш. де Голль билігіндегі
Францияда Бесінші Республика режимінің орнауын тездете
түсті.
Алжир халқының тәуелсіздік үшін табанды күресіне басқа
араб және социалистік мемлекеттер қолдау кӛрсетіп отырды.
1960 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы
Алжирдің тәуелсіздік
құқығы туралы ұсынысын қабылдайды. Мұның алдында
1958 жылы қыркүйекте Ұлт-азаттық майдан Алжир республика-
сының эмиграциядағы Уақытша үкіметін құрып, оны Азия және
Африка елдерінің кӛпшілігі мойындаған болатын. Алайда, отар-
шылдар алжирліктерге қарсы әскери қимылдарын тоқтатқан
жоқ. Ұлт-азаттық армияны француз әскерлері Марокко және
Тунис шекаралары жағынан жауып тастады. Шығын кӛлемі де
ӛте кӛп болды: 9 млн. алжирліктер қаза болып, 2 млн. адам түр-
меге жабылды, 9 мың қоныстар қирап, ӛртенді бұл оқиғаның ӛзі
де халықтың бостандық үшін күресін тоқтатқан жоқ. 1961 жылы
мамырда Алжир республикасының
эмиграциядағы Уақытша
үкіметі мен Франция арасында келіссӛздер басталып, 1962 жы-
лы 18 наурызда Эвиан келісіміне қол қойылды, әскери қимыл-
дар тоқтатылды.
1962 жылы 5 шілдеде Ү Республика Алжирдің тәуелсізді-
гін мойындады. 1962 жылы 20 қыркүйекте Құрылтай жиналыс-
қа сайлау болып Алжир
Халықтық Демократиялық Республика-
ның
(АХДР) құрылғандығы туралы жарияланды. Бірінші үкімет-
ті
Бен Белла
басқарып, ал Қорғаныс министрі
Х.Бумедьен
болды.
Сонымен, Алжир тәуелсіз мемлекетінің тарихы басталды.