203
Сикхтар
– ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.
Ұлы Моғалдармен ұзақ уақыт
бойы күрес жүргізіп, 1765-1849 жылдары Пенджабта ӛз мемле-
кеттерін құрады.
Сипай
– жауынгер, әскер, ХҮІІІ ғасырдың ортасынан
1947 жылға дейін Үндістандағы жалдамалы әскерлер.
Сепаратизм
– бӛлінуге ұмтылу; мемлекеттің бір бӛлігін
бӛліп алып, дербес мемлекеттік құрылым жасауға ұмтылу.
Сыртқы саясат
–
халықаралық
іс-әрекеттердегі мемле-
кеттің жалпы бағыты: сыртқы саясат мемлекеттің басқа мемле-
кеттермен қатынасын реттейді. Сыртқы саясаттың маңызды
құралы дипломатия болып табылады.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен ажырамас
байланыста болады.
Оның мазмұны мен бағыты, мемлекеттің
қоғамдық құрылысының табиғатымен ескертіледі. Мемлекет-
тердің әр түрлі қоғамдық құрылыстарының болуына
байланыс-
ты сыртқы саясаттарында да жергілікті айырмашылықтар бар.
Тәуелсіз алған және енді ғана дамып келе жатқан мемлекеттер-
дің сыртқы саясаты негізінен ӛздерінің саяси тәуелсіздігін ны-
ғайту және экономикасын дамытуға бағытталған.
Тоталитаризм
– ХХ ғ. мемлекеттің бір нұсқасы, бұл мем-
лекетте қоғам ӛмірінің барлық саласына жаппай бақылау орна-
тылады, билік бір адамның немесе бір партияның қолына шо-
ғырланады, конституциялық құқықтар мен бостандықтар жойы-
лады, бүкіл халық
бір идеологияға бағындырылады, еркін ой
қудаланады.
Достарыңызбен бөлісу: