А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет102/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   145
 
Жыныстың атауы: 
Опалдан құрылған. Құрылысы топырақты. Түсі ақ, сарғыш, сұрлы. Бор 
тəрізді  жəне  ұңға  ұқсайды.  Тұз  қышқылымен  əрекеттеспейді.  Тығыздығы  
0,25-1,00 г/см
3
.    
Айырмашылық  белгілері:  төмен  тығыздығы,  топырақты  құрылысы. 
Бордан айырмашылығы – тұз қышқылымен əрекеттеспейді.  
Алуан  түрліктері:  Тау  ұны – борпылдақ,  шашыранқы.  Ысып 
жылтыратын  жіктас – тығыз,  цементтелген,  жіңішке  қабатты,  кейде 


100 
 
қабатшылығы  əлсіз  көрінеді.  Кизельгур,  немесе  диатомды  жер – борпылдақ 
ұнды, бор тəрізді диатомит. 
Пайда болуы: диатомит жəне трепел теңіз жəне тұщы су бассейндерде 
пайда  болады,  жəне  пайда  болуы  органогенді  болып  келеді.  Көлді  трепел 
кизельгур немесе инфузорлы жер деп аталады.   
Қолдануы:  бояу,  химия  жəне  керамикалық  өнеркəсіпте,  динамит 
жасауда,  ағарту  материалы  ретінде,  жылу  жəне  дыбыс  оқшаулау  үшін 
пайдаланылады. Сондай-ақ, кеңсе резеңкесіне, сургучқа, папье-маше, гипске 
толтырғыш  ретінде,  цементке  қосымша  ретінде,  отқа  төзімді  жəне  жеңіл 
кірпіштерді дайындау кезінде, түтін шымылдығын, сұйық шыныны алу үшін, 
сабынды  жасаған  кезде  толтырғыш  ретінде,  сіріңке  өндірісінде,  жұмсақ 
тегістейтін  материал  ретінде  пайдаланылады.  Шарап  жасауда  жəне  мұнай 
өнімдері мен қышқылдарды тазарту кезінде сүзгіш зат ретінде, синтетикалық 
каучук  дайындау  үшін,  сондай-ақ  химия,  тамақ,  целлюлоза-қағаз 
өнеркəсібінде,  медициналық  тəжірибеде  жəне  ауыл  шаруашылығындағы 
тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. 
Кенорындары: 
Орта 
Поволжьеда, 
Донбасста, 
Молдавияда, 
Арменияның оңтүстік жағында, Исландияда (Миватн көлінің түбінде). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет