А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет110/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   145
Байланысты:
2 Жалпы геология

 
Жыныстың атауы: 
Құрылысы  ірі  түйіршікті,  орта  түйіршікті,  ұсақ  түйіршікті,  жіңішке 
түйіршікті.  Қальциттен  құралған.  Тұз  қышқылымен  белсенді  əрекеттеседі. 
Шыныны  сызған  кезде  ізді  қалдырмайды.  Түйіршіктердің  беткейі  тегіс 
(жымдастығы  жетілген).  Мəрмəр  əртүрлі  түстерге  ие,  көбінесе  шұбарлы 
боялған жəне таңырқатқыш суреттерге ие. Мəрмəр қайталанбас суреттермен, 
түстермен  таң  қалдырады.  Қара  түсі  құрамында  графит  болудың 
нəтижесінде,  жасыл – хлориттің,  қызыл  мен  сары – темір  тотықтар  мен 
гидрототықтардың болуы нəтижесінде. 
Айырмашылық  белгілері:  түйіршікті  құрылым  сипатты,  кальциттің 
болуы,  төмен  қаттылығы  (шыныда  із  қалтырмайды).  Кварцитпен  яшмадан 
айырмашылығы – олар тұз қышқылымен əрекеттеспейді.   
Қолдануы:  қаптау,  сəндік  жəне  мүсіндік  материал  ретінде.  Мəрмəр 
ғимараттарды,  вестибюльдерді,  метро  жер  асты  залдарын  əрлеуде,  түсті 
бетондардағы  толтырғыш  ретінде  пайдаланылады,  плиталарды,  ванналарды, 
қолжуғыштарды жəне ескерткіштерді дайындау үшін жүргізіледі. Мəрмəрден 
əсем кубоктар, шамдар, түпнұсқа үстел аспаптары жасалады. Тен пештерінің 
мəрмəрі,  шыны,  электротехникалық  өнеркəсіптегі,  сондай-ақ  жол  ісіндегі 
құрылыс  материалы  ретінде,  ауыл  шаруашылығындағы  тыңайтқыш  ретінде 
жəне  əкті  күйдіру  үшін  қолданады.  Мəрмəр  үгіндісінен  əдемі  мозаикалық 
панно мен плитка жасалады. 


104 
 
Кенорындары:  Краснояр  өлкесінде  (Кибик-Кордонское),  Оралда, 
Алтайда,  Карелияда,  Арменияда,  Грузияда,  Өзбекистанда,  Тəжікстанда, 
Қырғызстанда, Əзербайжанда жəне Қиыр Шығыста.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет