А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


 Геологиялық карталарда қатпарлы жəне үзілмелі бұзылыстарды



Pdf көрінісі
бет112/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   145
 
2.5. Геологиялық карталарда қатпарлы жəне үзілмелі бұзылыстарды 
анықтау 
Жұмыстың мақсаты: геологиялық карталарда қатпарлы жəне үзілмелі 
бұзылыстарды анықтауды үйрену.     
 
2.5.1. Геологиялық карталар мен қималарда үзілмелерді анықтау 
 
Үзілмелі  бұзылыстарды  анықату  үшін  маңыздылығы  құрылстардың 
төсеніш жəне аспа қанатын анықтауында. Ол үшін ыдыратқыштан əр жаққа 
жер  беткейде  ашылған  жыныстардың  жасын  салыстырады.  Көтерілген 
қанатында жердің беткейінде шыққан жерінде көне тау жыныстар болады, ал 
төсеніш қанатында жас тау жыныстар.  
Геологиялық карталарда үзілмелі бұзылыстар қалың қара сызықтармен 
көрсетіледі.  Ыдыратқышта  қара  сызықтар  арқылы  оның  жылжу  бағытын 
көрсетеді  (мəліметтер  болғанда),  санмен – оның  құлау  бұрышын.  
Үзілмелерді  қималарда  көрсеткенде  жер  бедердің  профиль  сызығына  жер 
беткейінде  үзілмелердің  шығу  жерін  белгілейді.  Кейін  ыдыратқыш  еңістелу 
бағытымен жəне құлау бұрышымен көрсетіледі. Үзілмелердің бағыты туралы 
нақты мəліметтер болмағанда, олар тік бағытта көрсетіледі.    
  
Геологиялық  қималарды  үзілмелі  бұзылыстар  арқылы  құрастырған 
кезде, бірінші олардың ыдыратқыштары көрсетіледі. Қима үзімелермен жеке 
блоктарға  бөлінеді,  осы  блоктар  бойынша  тау  жыныстар  басқа  көршелес 
блоктармен  байланыссыз  көрсетілуі  мүмкін.  Егер,  ыдыратқыш  білгілі  бір 


105 
 
текті  қабаттарды  немесе  стратиграфиялық  көкжиектерді  кесіп  өтсе,  ол 
қимада  əртүрлі  қанаттарда  оның  ығысу  амплитудасын  анықтауға 
мүмкіншілік 
береді. 
Үзілмелі 
немсе 
дизъюнктивті 
бұзылыстар 
(дислокациялар) 
кейде 
қатпарлықты 
қатты 
бұзады. 
Қатпарлар 
лықсымалармен,  ығыспаламен,  бастырмалармен,  ысырмалармен  бөлінеді. 
Осы  бұзылыстардың  грабендерге,  горстарға,  бастпалдақ  пішіндер  мен 
қабыршақты  бастырмларға  біріктіріледі.  Ыдыратқыштар  қатпарлардың 
созылуына  жəне  оның  бөліктеріне  қарай  əртүрлі  бағытталады.  Олар 
көлденең, тік жəне диагональді болады. Еңістеу жəне көлденең бастырмалар 
кезінде үзілмелердің беткейі қатпарлы құрылымдар бойымен орналасады.  
1)  Егер  ыдыратқыштар  тік  орналасуына  ие  болса,  онда  олардың  жер 
беткейіне  шығуы  жер  бедердің  пішіне  қарамастан  түзу  сызық  түрінде 
көрсетіледі. Ыдыртақыштың еңісті орналусуы жəне тегіс емес жер бедердің 
болуы  кезінде,  осы  үзілмелі  бұзылыстар  тік  болмайды,  олар  иілген  болады. 
Үзілмелі  бұзылыстардың  иілуі  жер  бедерден  жəне  ыдыратқыштың 
құлауынан қатысты.  
2)  Егер  картада  қабаттардың  жатыс  элементтері  көрсетілсе,  онда 
еңістелу бұрыштары оларға сəйкес алынады, тік пен көлденең масштабтары 
тең  жəне  жыныстардың  созылуына  қима  сызығы  перпендикулярды  болады. 
Егер  осы  шарттар  сақталмаса,  тік  масштабты  ұлғайтуға  түзетулерді  енгізу 
керек жəне қиманың қиғаш бағыттау қажет.  
3) Егер  картада  жатыс  элементтері  болмаса,  онда  қабаттардың  бағыты 
пласттардың үшбұыштары бойынша анықталады. Жатысы қалыпты болғанда 
жыныстар  жас  қабаттардың  жағына  бағытталады.  Еңістелудің  бұрышы 
радиус  əдісімен  анықталады.  Қалыңдылығы  белгілі  қабаттың  жабынынан, 
шеңбер  жүргізіледі,  оның  радиусы  қимадағы  вертикальды  масштабқа  сай 
қабаттық  қалыңдылығына  тең  алынады,  ал  қабаттың  табанынан – осы 
шеңберге  сызық  жүргізіледі.  Осы  кезде  пайда  болған  бұрыш  қабаттың 
бұрышы  болып  келеді.  Моноклинальды  жатысы  болған  кезде  ол  барлық 
жыныстарға тұрақты болады. 
4) Егер  қимада  қабаттың  əртүрлі  жатыс  элементтерімен  екі-үш 
қабатшылықтар  болса,  онда  еңістелген  бұрышы  ірі  қабатшалыққа  жеке 
анықталады.  Қабаттардың  əртүрлі  еңістелу  бұрыштары  болғанын 
геологиялық  карталарды  талдау  кезінде  анықталады.  Қимада  қабаттың  бір 
шекарасын 
жүргізіп, 
басқа 
нүктелерден 
параллельді 
сызықтар 
құрастырылады, олар басқа қабаттардың жабындары мен табандары болады. 
Қиманы  дұрыс  сызу  үшін,  қабаттардың  қалыңдылғына  назар  аудару  керек, 
олар берілген стратиграфиялвқ бағанадағы қалыңдылықтан аспау керек.  
5)  Егер  қабаттардың  қалыңдылығы  үлкен  болса,  онда,  ең  алдымен, 
қимада  құрастырылған  қабаттардың  бұрышы,  нақыдан  үлкен  болады,  ал 
стратиграфиялық  бағанада  көрсетілген  қалыңдылықтары  едəуір  кіші  болса, 
онда құрастырылаған бұрыш нақытыдан кем болады.  
6) Егер жер бедері дұрыс құрастырлса, онда еңістелу бұрышын қимада 
анықтауға  болады.  Бірнеше  жерден  беткейге  шыққан  қабаттың  табанын 


106 
 
(жабының) сызықпен қосу керек. Нəтижесінде беткей пайда болу керек, оның 
бұрышы  нақты  бұрышқа  сəйкес  болады.  Кейін  оған  паралледі  басқа 
қабаттардың жабындары  мен табандары орналасады. Əсіресе, квест дамыту 
ауданында маңызды, өйткені анықталатын қабаттың көлбеуі бойынша оның 
жатқан  элементтерін  анықтау  оңай.  Кейбір  геологиялық  карталарда 
қабаттардың көлденең немсе еңістіліп жатқан кезде бір қабаттың жабыны ен 
табанының  стратоизогипстері  (жер  асты  жедердің  горизонтальдері) 
салынған.  Стратиоизогипстердің  абсолютті  белгілері  арқылы  қимадағы 
осындай  қабаттың  шекарасын  нақтылау  керек.  Қабаттардың  қалыңдылығы 
барлық  қима  бойынша  тұрақты  болады  (өзгерістер  болмаса)  жəне 
стратиграфиялық  бағанамен  сəйкестендірілуі  қажет.  Шағын  ауытқуларды 
көлденең  жəне  қабаттардың  еңістелу  бұрыштары  арасындағы  рельефтің 
орналасуын  түзете  отырып  түзетуге  болады.  Қабаттардың  қалыңдылығында 
үлкен айырмашылық болған кезде бедерді айтарлықтай нақтылау қажет. [1] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет