А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


Жер асты сулардың жатыс жағдайлары



Pdf көрінісі
бет36/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   145
Жер асты сулардың жатыс жағдайлары 
Жер  қыртысы  əртүрлі  жыныстармен  құралған.  Су  өткізетін 
жыныстардың  қабаттары  су  өткізбейтің  қабаттарымен  алмасып  орналасады. 
Атмосфералық  тұнбалар  ауырлық  күштердің  əсері  арқылы  төменгі 
қабаттарға сіңіп, бірінші су тірегіште жиналды, осылай сулы көкжиек пайда 
болады. 
Сулы көкжиектің құрылысында келесі элементтерді қарастырады:  
    Табаны. 
    Сулы қабат. 
    Айна немесе грунт суларының деңгейі. 
Жер  асты  сулары  жатыс  жағдайларына  байланысты  келесі  түрлерге 
бөлінеді: 
    Топырақты. 
    Қалқымасу. 
    Грунтті. 
    Пластаралық. 
  Қалқымасу  сулары.  Аэрация  зонасында  терең  емес  жерлерде 
орналасқан  жер  асты  суларды  айтады.  Олардың  пішіні  линзалар  жəне 
астында    су  өткізбейтін    жыныстар  орналасады.  Осындай  линзалардың 
қалыңдылығы 2-3 метрге дейін жетеді.  
 
Грунтті сулар. Атмосфералық сулар үстінен астына сіңген кезде су 
тірегіш қабатқа дейін жетеді, кейін көлденең бағытта орынын ауыстырады, 
біртіндеп тау жыныстардың барлық қуыстарын толтырды. Осылай сулы 
көкжиектер пайда болады. 


45 
 
Сулы  көкжиек.  Жыныстың  қабатында  барлық  кеуектер,  қуыстар, 
жарықшақтар сумен толған болады. Осында əр пласттың жабыны мен табаны 
болады.  Жер  беткейінен  бірінші  тұрақты  сулы  көкжиек  грунтты  сулардың 
көкжиегі деп аталады. 
 Пластаралық  сулар.  Пластаралық  сулардың  айырмашылығы,  тек 
олардың  екі  су  тірегіштердің  арасында  орналасуында,  яғни  үстінен  жəне 
астынан шектелген болады. 
 Қысымсыз 
гидродинамикалық 
жүйелер. 
Грунтты 
сулардың 
бассейндеріне сипатты, олар табиғи қысымға ие емес. 
Су өткізетін қабат жердің беткейіне шыққан кезде, оны атмосфералық 
сулар толтыра бастайды, осы жерді көріктену облысы деп атайды. Біртіндеп 
атмосфера  сулары  төмең  жылжи  бастайды,  нəтижесінде  барлық  қабатты 
толып бастайды. Қабат бойымен жылжу кезінде, су оның басқа жер беткейіне 
шығысы  бар  участкелеріне  жетіп,  өздігінен  құйылады,  осылай  жер  асты 
сулардың қоймалары пайда болады. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет