А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


Жер асты сулардың бұзушылық əрекеті



Pdf көрінісі
бет37/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   145
Байланысты:
2 Жалпы геология

Жер асты сулардың бұзушылық əрекеті 
Бұзушылық  əрекеті  минералдар  мен  тау  жыныстарды  ерітінде 
байқалады. Жер асты сулары арқылы ерітілген заттар басқа жерлерге орынын 
ауыстырады, олардың орынында қуыстар жəне кейін үңгірлер пайда болады, 
осы  үрдіс  карсттың  пайда  болуы  деп  аталады.  Осы  кезде  пайда  болған 
қуыстардың пішіндері карст пішіндері деп аталады (5 сурет). 
Карстті үрдістер ерітілген тау жыныстарда пайда болады жəне олардың 
еруімен  байланысты.  Карст  екі  түрде  байқалады:  жер  үстінегі  жəне  жер 
астындағы.  Жер  үстіндегі  карсттың  пайда  болуына  жер  беткей  сулары  мен 
жер  асты  сулары  əсер  етеді.  Тереңдікте  сулар  жарықшақтарды  бұзған  кезде 
кесіндісі сақиналы жыныстарда құдықтар мен понорлар пайда болады.  
Понорлардың түрлері: 
    Тік. 
    Еңісті.  
Уақыт өте келе су понорлардың беткейінде шығу жерін кеңейтеді жəне 
оны  карстты  воронкаға  айналдырады.  Карст  үңгірлері – сызықты-созылған 
пішінді  бір-бірмен  күрделі  байланысқан  қуыстар.  Олардың  пайда  болуында 
карст сулары мен жер асты өзендер қатысады. Карстты қуыстар  (полость) – 
дұрыс  емес  пішінді  қуыстар,  жеңіл  еритін  жыныстардың  сілтіленудің 
нəтижесінде пайда болады.    
 


46 
 
  
  5 сурет. Карстті үңгір  
 
Жарықшақтар мен воронкалар арқылы сулар жылжып, су тұздармен 
қанығады. Үңгірлердің үстінен осы сулар тамшылап сүңгілерді құрайды. 
Үңгірдің үстінен салбырап түскен сүңгірлер сталактиттер деп аталады, ал 
оған қарамаға қарсы сталагмиттер өседі.  Олар бір-бірімен қосылса 
сталагнат деп аталады. 
Суффозия – тау жыныстардан сазды бөлшектер мен жіңішке құмды 
материалдардың шайылып кетуі.  
Сырғымалар бір уақытта жер асты жəне ағынды сулардың əсерінен 
пайда болады (6 сурет). Еңісті беткейінің бойымен ауырлық күштердің 
əсерінен едəуір жыныстардың массасы төмен ығысады. Тік жарларда су 
қабаты шыққан кезде жəне беткейін борпылдақ жыныстарымен жабылған, ал 
су тірегіш қабаты саз болып келеді, осындай жағдайлар болған кезде 
сырғымалар болуы мүмкін.     
 


47 
 
 
  6 сурет. Сырғыма, Ертіс өзені (ШҚО, Семей қ.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет