2.5.2.1 тапсырма Қарапайым қатпарлы құрылысымен геологиялық карта бойынша қима
құрастыру. 23 суретте көрсетілген 1:50 000 масштабында қатпарлар
көрсетелген, олар палеозой түзілімдерінде дамыған. Жер бедері өзен жүйесі
көрсетілуімен берілген. Жыныстардың жатыс элементтері берілген.
Жыныстардың нақты қалыңдылығы карта бойынша өзгермейді.
1) Қатпарлардың осьтерін құрастыру (антиклинді – тұтас сызықпен,
синклинді – үзік сызықтармен).
2) Картада берілген сызықтардың біреуін таңдап жəне жыныстардың
элементтерін есепке алып қима құрастыру.
23 сурет. Геологиялық карта. Масштаб 1:50 000
1-пермдік қызы түсті құмтастар; 2-4 таскөмірлік түзілімдер (2-гипсті сазтастар, 3-құмды-сазды көмірлі тостопша, 4-құмтастар, ізбестастар); 5-девондық сазды жіктастар, ізбестастар, туфтар; 6,7-силурлық түзілімдер (6-сазды жіктастар, 7-құмтастар, кварциттер); 8-жатыс элементтері