Түзілімдер: 1. Жіктасты – жыныстар жіңішке плиткалар мен пластиналрға
бөлінуімен сипатталады.
2. Жолақты – құрамы бойынша əртүрлі жолақтардың алмасу кезінде
пайда болады, олар шөгінді жыныстардың түзілімдерін қалдырған кезде
пайда болады.
3. Дақты – жыныстарда түсі, құрамы бойынша ажыратылатын
участкелердің (дақтардың) болуы.
4. Массивті – жынысқұраушы минералдардың бағдарлануы болмаған
кезінде пайда болады.
5. Бұйраланған тəрізді (плойчатая) – стресс арқылы жыныстар ұсақ
қабаттарға жиналған болады.
6. Дөңгелекті (очковая) – жыныстардың жіктасты массаның арасында
дөнгелекті агрегаттардың болуымен сипатталады.
7. Катакластикалық – минералдардың
ұсақталуымен
жəне
деформациясымен ерекшеленеді.