37
2) Сазды жыныстар, олар жыныстардың химиялық бұзылудың өнімдері
болып келеді жəне осы кезде пайда болған сазды минералдардың жиналуы
кезінде пайда болады.
3) Химиялық жəне биохимиялық (органогенді) жыныстар, бастапқы
жыныстардың минералдарының еру, химиялық ыдырау кезінде жəне кейін
жаңа минералдардың тұнбаға түзілуі мен ағзалардың тіршілік əрекет ету
нəтижесінде пайда болады.
Шөгінді жыныстарды сипаттаған кезде, олардың минералдық құрамы
мен құрылысына назар аудару керек. Минералдық құрамы анықтауыш белгі
ретінде тек химиялық пен органогенді жыныстарда қарастырылады,
микроскопиялық анықтау кезінде сазды жыныстарға да. Түйіртпеткті
жыныстарда əртүрлі минералдардың жəне жыныстардың кесектері болуы
мүмкін.
Шөгінді жыныстардың құрылысын сипаттайтың маңызды белгісі оның
қабатты түзілімі болып келеді. Қабаттылықтың пайда болуы шөгінділердің
жиналу жағдайларымен байланысты. Бұл жағдайлардың кез келген
өзгерулері келесі алмастыруларға əкеледі: жиналған материалдардың өзгеруі,
немесе оның жиналуының тоқталуы, нəтижесі қабаттардың пайда болуы.
Қабаттар өзімен азды-көпті жайпақ денелерді құрайды, жəне олардың
көлденең мөлшері бірнеше рет оның қалыңдылығынан үлкен. Қабаттар бір-
бірінен
қабатталу беткейлерімен бөлінеді. Олардың морфологиясы,
қалыптасу дəрежесі, қалыңдылығы бөліген қабаттардың пайда болу
жағдайларын
көрсетеді.
Осы
белгілерді
зерттеу
нəтижесінде
палеогеографиялық жағдайларды толығымен нақты қарастыруға мүмкіншілік
береді. Мысалы, теңіздер мен көлдерде судың белсенді емес режимі
жағдайында
параллельді қат-қабатталу пайда болады, сулы ағыстарды –
қисық, жағалау-теңіздік жағдайларда –
диагональді. Қабаттардың
қалыңдылығы бірнеше оңдық метрге дейін жетуі мүмкін немесе бірнеше
сантиметрден аспау.
Тəжірибелік маңыздылыққа шөгінді жыныстардың басқа түзілімдік
белгігесі ие –
кеуектілік, олар суға, мұнайға, газға өткізгіштілік дəрежесімен
сипатталады, жəне жүктеменің астында тұрақтылық болып келеді.
Шөгінді тау жыныстардың құрылымы олардың пайда болуын білдіреді
– түйіртпекті жыныстар кесектердін тұрады, яғни
түйіртпекті құрылымға
ие; сазды жыныстар жіңішке, көзге көрінбейтін түйіршіктерден тұрады,
көбінесе сазды минералдардан –
пелитті құрылым; хемотекті мен биогенді
жыныстар
кристаллды құрылымға ие, немесе аморфты, органогенді, оларда
ағзалардың каңқаларының бөлшектері болады.
45>
Достарыңызбен бөлісу: