44
1.6.4. Жер асты сулардың геологиялық əрекеті
Жер беткей сулары тау жыныстардың əртүрлі қуыстарын (жарықтар,
кеуектер ж.т.б.) толтырып жəне жер қыртысының терең жерлеріне сіңіп жер
асты суларын құрайды. Кейбір жер асты сулары, магмадан бөлінген кезінде
су булары жиналу арқылы пайда болады.
Жер асты сулар пайда болу жолына қарай келесі түрлерге
ажыратылады:
инфильтрационды, конденсациялық,
седиментациялық
(немесе реликтті), магматогенді (ювенильді).
Инфильтрационды сулар. Атмесфералық тұнбалар, өзендер мен
көлдердің сулары жыныстардың кеуектері жəне жарықшақтары арқылы
сіңудің нəтижесінде пайда болады.
Конденсациялық сулар. Топырақтағы судың булары сұйық түрге
айналудың нəтижесінде пайда блады.
Седиментациялық сулар. Су қоймалардың түбінде шөгінділердің
ішінде жиналған сулар.
Магматогенді сулар. Жер асты сулары жер қыртысының терең
жерлерінен қалыптасады, олардың пайда болуы балқыланған магма сумен
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: