А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


 Мұздықтардың геологиялық əрекеті



Pdf көрінісі
бет38/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   145
Байланысты:
2 Жалпы геология

1.6.5. Мұздықтардың геологиялық əрекеті 
Мұздықтардың геологиялық əрекеті 
Мұздықтар – жылжып  жатқан  мұздың  үлкен  массалары,  қатты 
атмосфералық  тұнбалардың  жиналу  үрдісі  кезінде  жəне  олардың  кейін 
өзгеруінің  нəтижесінде  пайда  болады.  Мұздардың  пайда  болуына  қажетті 
жағдай,  ол  суық  климат  жəне  қатты  атмосфералық  тұнбалар  болып  келеді. 
Белгілі  шекараның  үстінде,  қар  жиналады  жəне  ерімейді,  осы  жерді  қарлы 
шекара  (немесе  қарлы  сызық)  деп  атайды.  Қарлы  шекараның  үстінде  қар 
жиналады  жəне  оған  əсер  ететін  қысым  мен  температураның  ауытқұының 
нəтижесінде  ол  түйіршікті  массаға  айналады.  Осындай  тығыздалған 
түйіршікті  қар  фирн  (нем.  Фирн  –  ежелгі,  бұрынғы)  деп  аталады,  оның 
жиналу облысы – фирнді алаң. Фирннің уақыт өте келе тығыздала бастайды 
жəне тұтас масса түріндегі мұзға айналарды, оны глетчерлі мұз (нем. Глетчер 
– мұз) деп атайды.      
Қар  мұзға  айналу  шекарасын  көріктену  облысы  деп  атайды.  Мұздықтың 
жылжу облысын ағыннын облысы (область стока) деп айтады.  
 
Қардың  жəне  мұздықтардың  геологиялық  əрекетінің  факторлары – 
эрозия, тасмалдау жəне олардың жиналуы. 
Мұздықтардың  құрылысын,  дамуын  жəне  оның  əрекетін  зерттейтін 
ғылым гляциология деп аталады. Мұздықтардың пішіндері үш түрге бөлінеді: 
таулы (немесе альптік тип), жабынды (немесе құрлықтық) жəне аралық
Таулы мұздықтардың  бірнеше түрлері ажыратылады:  
- аңғарлық – ең ірісі болып саналады; 
- карлы – таулардың  ойылы  жерлерінде  пайда  болады,  олар  шамамен 
қарлы сызықтың деңгейінде орналасады жəне ағысы көбінесе болмайды.  


48 
 
- аспалы – мұздықтың  табаны  тік  кемермен  бұзылады,  жəне  оның 
үстіндегі мұзды ағыны уақыт өте келе көшкін түрінде төмен құлайды.  
Жабынды мұздықтар көбінесе полярлы аудандарда пайда болады. Олар 
үлкен 
алаңдарды 
қамтиды 
жəне 
мұздық 
жабынының 
едəуір 
қалыңдылығымен  сипатталады.  Жабынды  мұздықтардың  беткейі  көбінесе 
орталық бөлігі көтерілген дөңес қалқанның пішініне ие. 
Аралас  мұздықтардың  түрлеріне  таулы  үстірт  (плоскогорье) 
мұздықтары  жатады,  олар  жалпақ  (бағана  тəрізі)  немесе  жалпақ-дөңесті 
таулардың шыңында пайда болады. Аралас деп оларды жоғарыда аталған екі 
түрлердің қасиеттерінің араласуымен сипатталады.  
Жыныстарды  бұзу  жəне  ұңтақту  бойынша  мұздықтың  бұзушылық 
əрекеті экзарация (жырту) немесе мұздық эрозиясы деп аталады. Мұздықтар 
жылжыған  кезде  ірі  бұзушылықатарды  жасайды.  Олар  жартастарды  кесіп, 
жыраларды  жыртып,  түйіршіктерді  тегістейді.  Сызаттың  тереңдігі 
миллиметрмен,  ені – сантиметрмен,  ал  ұзындығы  метрмен  өлшенеді. 
Сызаттардың  орналасуына  қарай  мұздықтардың  жылжу  бағытын  білуге 
болады.  Нəтижесінде  жер  бедердің  эрозионды  пішіндері  пайда  болады. 
Жалғыз тегістелген жартастарды қоймаңдайлар деп атайды, ал олардың ұсақ 
төмпештелген жəне тереңделген жиынтығын бұйра жартастар деп айтады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет