А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет53/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   145
Өлшеуге арналған құралдар 
 
  19 сурет. Тау құбылнама 
 
Өлшеу  құралдары  азимуталды  жəне  сызықтық  өлшеулерді  анықтау 
үшін  керек.  Осы  құралдарға  тау  құбылнамасы,  өлшеу  рейкасы,  рулетка, 
сызғыш, GPS-навигатор.   
Тау  құбылнама  магнитті  тілшесінен,  үлкен  жəне  жартылай  лимбтен, 
винттен, арриттир мен клинометрден құрылған (19, 24 суреттер). Созылу мен 


62 
 
құлау  азимуттері  құбылнаманың  лимбінде  орналасқан  сандар  арқылы 
алынады,  градустер 0-ден 360-қа  дейін  бір  градус  сайын  бөлінген.  Есеп 
солтүстік магнитті тілі арқылы сағат тілінің жүруіне қарама қарсы алынады.  
 Өлшеу  рейка  нивелирды  жəне  теодолитті  топотүсіру  кезінде 
қолданады (20 сурет). 
 
 
  20 сурет . Өлшеу рейка 
Рулетка  мен  сызғыш  қашықтарды  немесе  қабаттардың  қалыңдығын, 
үлгілердің мөлшерін өлшеу үшін қолданады.  
GPS-навигатор – Жердегі  белгілі  бір  орынды  табу  мақсатымен 
қолданылатын  жəне  ғаламдық  жүйенің  сигналдарын  қабылдайтын  құрал. 
GPS  құралы  ендік  пен  бойлық  мəліметтерін  алуын  қамтиды,  кейбіреулері 
биікті анықтайды.  
Далалық  жағдайларда  жұмыстарды  жүргізу  үшін  қажетті  материалдар 
мен  құралдардың  басқа  түрлері  келесі:  тау  жыныстардың  құрылымы  мен 
заттық  құрамын  анықтауға  көмектесетін  құралдар,  орау  материалдары.  Тау 
жыныстардың  құрылымын  жəне  заттық  құрамын  анықтау  үшін  ұлғайтқыш 
əйнек  қолданады  (еселігі 2-к, 4-к, 6-лық  жəне  одан  да  жоғары  болады), 
карбонатты  жыныстарды  анықтау  үшін 10 пайызды  тұз  қышқылы, 
минералдардың  сызылу  түсін  анықтау  үшін  фарфор  шынысы.  Орау 
материалдары – үлгілерге  арналған  қапшықтар,  орау  қағаздары,  мақта, 
шпагат, полиэтиленді қапшықтар жəне т.б.    
Жеке  жарықтандыру:  далалық  күнделік  (немесе  пикетажка),  қарындаш, 
өшіргіш,  сызғыш,  рюкзак,  ұсақ-түйектер – тұз  қышқылымен  сауыт,  фляжка 
(кішкене  құты),  таңғы  ас  сыбағасы,  су  өткізбейтін  орамада  сіріңке, 
топографиялық  карталар  жатады.  Топографиялық  карталар  геодезия  мен 
картография басты басқармаларынан алынады. Топографиялық карталардың 
масштабы  құрастырылатын  карталарға  қарағанда  екі  есе  ірі  болу  керек. 
Осындай  топо  негізді  зерттелетін  ауданда  ғана  алынбайды,  қосымша 
маңайындағы аудандарда алынады. Осымен бірге шолу картасы 1: 1 000 000 


63 
 
масштабында болу керек. Əртүрлі сұлбаларды құрастыру үшін, түсірілімнің 
масштабынан  екі  есе  ұсақ  масшабындағы  карталар  қажет.  Далалық 
жұмыстарға  шығу  кезінде,  барлық  бөлімшелер,  əртүрлі  физикалық-
географиялық аудандарда жəне климаттық жағдайларда жұмыстарды қауіпсіз 
жүргізу үшін қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.     
  
Жұмысшыларға  берілген  арнайы  киім,  арнайы  аяқ  қиім  жəне  басқа 
жеке  қорғану  құралдары,  сондай-ақ  ұжымдық  қорғану  мен  лагерьдік 
жарақтар  мен  жабдықтардың  заттары  орындалатын  жұмыстың  сипаты  мен 
шарттарыны  сəйкес  болуы,  қолданыстағы  стандарттардың  талаптарына 
жауап  беруі  жəне  еңбек  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Таулы,  орман 
аудандарында  жұмыс  істейтін  дала  бөлімшелері  үшін,  сондай-ақ  елді 
мекендерде,  əуежайларда,  құрылыс-монтаж  объектілерінде  жəне  басқа  да 
арнайы  мақсаттағы  объектілерде  жұмыс  жүргізу  кезінде  арнайы  киім 
қызғылт  сары  немесе  ашық  қызыл  түсті  бүркемеленуі  тиіс.  Далалық 
бригадаларға  берілетін  жабдықтар,  құралдар  мен  механизмдер  жарамды 
күйде  болу  керек  жəне  олардың  техникалық  жай-күйін  жəне  орындалатын 
жұмыс  түріне  сəйкестігін  растайтын  тиісті  сертификаты  немесе  паспорты 
болуы  тиіс.  Көлік  құралдарын,  сондай-ақ  бұрғылау  қондырғылары  мен 
өздігінен  жүретін  механизмдерді  беру  дала  жағдайында  пайдалануға 
дайындық актісі бойынша жүргізіледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет