А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет98/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   145
Байланысты:
2 Жалпы геология

№2.4.11 тапсырма 
Шөгінді жыныстар – сазды жыныстар 
Жыныстың атауы: 
Көбінесе түсі ақ, органикалық затқа ие түрлері қара жəне қою-сұр түске 
ие,  құрамында  темір  мен  марганецтің  тотықтары  болса – сарғыш-қоңырлы, 
қоңырлы-қызыл  түске  ие,  глауконитпен  хлорит  болса – көгілдір-жасылды 
түсі болады.   
Тілге  жабысады.  Сумен  суланғанда  саусақтардың  арасында  ұзынша 
кіші  денелер  пайда  болады.  Майлы  саздарда  құрғақ  беткейінен  тырнақпен 
сызған  кезде,  жылтыр  із  қалады.  Майлылығы  аз  саздар  (арық  сазадар) 
тырнақпен  сызғанда  жылтырламайды.  Сулаған  кезде  көлемі  ұлғаяды, 
құрғаған  кезде  керісінше  көлемінде  азаяды.  Егер  оған  дем  берсе – жер  иісі 
шығады. Күйдіру кезінде «тастанады».  
Айырмашылық  белгілері:  бокситтен  ажырату-  бокситтің  майлылғы 
сезілмейді, сулаған кезде иілімді денелерді құрамайды.    
Алуан түрліктері: 1. Арық саздар – құрамында едəуір кварц, халцедон, 
опал болады. 2. Майлы (отқа төзімді) каолинге бай. 3. Сукновальді саз суда 
жұмсақтанбайды, тек ұңтаққа түседі. Майларды жұтады.  4. Ақ саз- түсі ақ, 
алқызыл.  Майлылығы сезіледі. 5. Бентонитті саз – жылтырлығы балауызды, 
түсі ақ, сұр, зəйтүнді-сары. 
Қолдануы:  құрылыста,  отқа  төзімді,  ұсақ  түйірлерді  жасауда. 
Цементтің құрамына кіреді, фарфор мен фанс жасау үшін шикізат, саздардан 
қыш  бұйымдарын,  керамикалы  көркем  бұйымдарды  дайындайды, 
ұңғымаларды бұрғылауға көмектеседі (бұрғылау ерітінділерін дайындайды).   
Кенорындары:  Росянское  кенорыны,  Турбовское,  Пологи.  Грузияда, 
Молдавияда, Тюменьде, Италияда Понцо аралында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет