№2.4.10 тапсырма Шөгінді жыныстар – цементтелген жəне тығыздалған түйіртпекті жыныстар Жыныстың атауы: Құрылысы түйіртпекті. Ірі үшкір бұрышты кесектер (үшкіртастар,
қиыршықтар) тұтас массаға цементтелген. Цемент ретінде келесі заттар
болуы мүмкін: ізбестастар, саз, гипс, кварц, халцедон, темірдің сулы
тотықтары, битумдер.
Айырмашылық белгілері: түйірпекті, цементтелген құрылысы, үшкір
бұрыштылығы, кесектердің ірі мөлшерлері сипатты. Жұмыртастардан
кесектердің үшкірлігімен ажыратылады.
Жыныстың атауы: Құрылысы түйіртпекті. Ірі кесектер (малтатастар, кесектастар) тұтас
массаға цементтелген. Цементтеуші зат – ізбестастар, саз, гипс, кварц,
халцедон, темірдің сулы тотықтары, битумдер.
Айырмашылық белгілері: түйірпекті, цементтелген құрылысы,
жұмырланған, кесектердің ірі мөлшерлері сипатты. Женттастардан
кесектердің жұмырланғанымен ажыратылады.
Қолдануы: мəрмəрланған түсті жұмыртастар сəндік қаптау материалы
ретінде қолданады.
Кенорындары: түсті жұмыртас Кноррингск кенорынында табылған
(Қиыр Шығыста).