3.1.2.2-компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану
3.1.2.3-файл және бума ұғымдарын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
- файл, бума және таңбаша түсініктерімен танысу;
Сабақтың кезеңі
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Тақырып: §5. Файлдар мен бумалар
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жаңа тақырыпқа шолу. Сұрақтарға жауап беру.
Компьютерде қандай жұмыстарды істей аласың?
Компьютерге мәтін, суреттерді сақтауға бола ма?
Файлдармен қандай әрекеттерді орындауға болады?
- Негізгі ұғымдармен танысу.
Сабақтың мақсаттары-мен танысады.
Сұрақтарға жауап береді
Презентация
(1-3 слайдтар)
Жаңа сабақ
Жаңа сабақты түсіндіру
Блокнот – мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа. Блокнот программасын қандай да бір ақпаратты, мысалы, телефон нөмірін, мекенжайды және т.б. мәліметтерді жазып, сақтау үшін қолдануға болады. Оны іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) Барлық программалар (Все программы) Стандартты (Стандартные) Блокнот командасын орындаймыз.
Компьютер программаларында сақталған құжат файл деп аталады.
Файл (ағыл.file) – ақпаратты компьютердің жадында сақтайтын, атауы бар құжат.
Файл кеңейтілімдері:
txt, docx, rtf кеңейтімдері бар файлдар – мәтіндік құжаттар.
bmp, jpg, png кеңейтімдері бар файлдар - графикалық ақпарат.
wav, mid, mp3 кеңейтімдері бар файлдарда дыбыс пен музыка жазбасы бар.
avi, mpeg, wmv кеңейтімдері бар файлдар бейне ақпарат.
Бума – файлдар мен басқа да бумаларды белгілі тәртіппен сақтайтын орын.
Буманы құру үшін:
Жұмыс үстелінде (дискіде немесе басқа буманың ішінде) таңдап алынған орынға тінтуірдің оң жақ батырмасын басамыз;
Жанама мәзір арқылы Бума құру (Создать папку) командасын орындаймыз;