Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Өсімдіктерді қорғау Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемін қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүниежүзі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды. Осы тізім «Қызыл кітапқа» енгізіліп, ерекше қорғауға алынды. Өсімдіктің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді. «Қызыл кітапқа» енген өсімдікке арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.
«Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдіктер ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана).
Өсімдіктерді халықтың шаруашылықтық қажеттілігі үшін бей-берекет кесуі, ауылшаруашылық мақсатта игеруі популяция санын қысқартады. Осы әрекетті болдырмау үшін, қорғалуды қажет ететін өсімдіктер түріне төнген қауіпті азайту мақсатында «ҚР-ның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктерді қорғауды күшейту туралы» бұйрығы шығарылды. Онда барлық мемлекеттік жедел топ инспекторларына Қазақстан аумағында өсетін, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдіктердің өсіп-өнуі және гүлдеуі мерзімінде (маусым-шілде) заңсыз жинаушыларды, ағаш-бұталы өсімдіктерге залал келтірушілерді қатаң қадағалауды тапсырады. Сондай-ақ инспекторлар қарапайым халық пен Қазақстан аумағына келген туристерге «қорғауды қажет ететін, сирек және жойылу қаупі төнген Қызыл кітапқа енген өсімдіктер» туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ескертпе қағаздарын таратады.Қазақстан Республикасының 339-бабына сәйкес, өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктерді заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, сатып жіберу, тасымалдау немесе жойып жіберу үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырады.
(216 сөз)