А мәтіні (ғаламтордан алынған) Табиғат ресурстарын классификациялау



Дата02.06.2023
өлшемі14,82 Kb.
#98285
Байланысты:
Табиғат ресурстарын классификациялау


А мәтіні (ғаламтордан алынған)
Табиғат ресурстарын классификациялау
Табиғатресурстарыклассификациясыныңәртүрі бар, бірақкезкелген классификация табиғаттытиімдіпайдалануқажеттілігінмойындайотырыпқұрылуықажет. Экологиялық, табиғаттықорғаутұрғысынантабиғатресурстарынтаусылмайтынжәнетаусылатындепбөлуқабылданған.
Таусылатын табиғат ресурстары орны толатын және орны толмайтын болып бөлінеді. Орны толатындарға жататындар: жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, топырақ құнарлығы. Бұл жағдайда «орны толатын» деген сөз бізді жұбатпауы керек, топырақтың жыртылу қабатының 18 см-ге жуығы тек 7 мың жылдан кейін қолайлы жағдайда ғана қалпына келетіні есте болса жеткілікті. Өсімдіктер мен жануарлардың көп түрінің жоғалуы апат қаупін туындатады.Өндіру және қорғау тұрғысынан, кейбір ресурстардың жеке түрлері, шығындану нәтижесінде таяуда орны толмастар қатарына кіруі мүмкін.
Бүгінде табиғи ресурстарды жасанды өндіріс құралдарымен ауыстыру мүмкіндігі, табиғат қорын жасандымен алмастыру негізгі мәселе болып табылады. Ғылыми-техникалықпрогрестіңжетістіктерінтаусылғанресурстардыңорнынақолданаотырып, қандайдәрежегедейінтабиғатресурстарынжұтаңдатабереміз? Мұндайауыстырылумүмкіндіктерішексіземес, экологиялықжүйелердіңбірқатарфункцияларынтіпті де ауыстырумүмкінемес.Осыған байланысты табиғат қапиталының (қорының) аумалы (критический) тұжырымдамасы туындады. Бұл адам өмірі үшін қажет құндылық, оны жасандымен ауыстыру мүмкін емес, олар: ландшафтар, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлері, озон қабаты, климаттың параметрлері және т.б. Қоршаған ортаның қасиеттері мен эстетикалық сапасы да ауыстыруға келмейді. Экономикалық дамудың кез келген нұсқасында аумалы табиғи капиталды сақтау қажет.Табиғат капиталының басқа бөлігі жасандымен ауыстырылуына болады. Бұл орны толатын табиғат ресурстарына (мұнайды, газды, көмірді Күн энергиясымен алмастыру және т.б.) қатысты. (225 сөз)

Ә мәтіні
Газет мақаласынан
«Жер сағаты» акциясына қосыл


Соңғы жылдары энергия және табиғи ресурстарды үнемдеуге үндейтін әлем бойынша кеңінен қанат жайған акция - «Жер сағаты» деген атауға ие. Акцияны өткізудегі мақсат - әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару. Қазақстан да осы халықаралық шарадан тыс қалмай, «Жер сағаты» акциясына қосылады. Қазақстан ғаламшарды құтқару үшін 60 минут қараңғылыққа оранады - елдің жүзге тарта қаласы биылғы жылы «Жер сағаты» халықаралық акциясын қолдайды. Бүгін бүкіл әлем сағат 20:30-да жарықты, электр приборларын және ғимараттарды жарықтандыруды өшіреді. Бұл шара алғаш рет 2007 жылы өткізілген болатын, бұған Бүкіләлемдік тұмса табиғат қоры бастамашы болды.
Өткенжылыакцияға 172 мемлекет пен 2 миллиардтанастамадамқатысқан.Биылелімізде «Жерсағаты» 16 сәуір - 16 мамыраралығындаөтетін «Ұлттықорманотырғызукүні» республикалықакциясыныңқамқорлығыменұйымдастырылды.
Мемлекет энергия үнемдегіштехнологиялардыпайдаланып, «жасылэкономиканы» дамытуда. Осымақсаттажасалғаналғашқықадам - ресурстардыпайдаланудыоңтайландыружәнетабиғаттықорғауқызметініңтиімділігінарттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымдықұру. (150 сөз)

Тапсырма. Мәтіндерде берілген фактілерді пайдаланып, «Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланбау салдары адамзат үшін қаншалықты қауіпті?» деген тақырыпта эссе жазыңыз (170-200 сөз).


Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану неліктен маңызды деп ойлайсыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет