Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамандықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.
Адамның онтогенез барысында дамуы іс-әрекеттердің негізгі үш түрімен шектеледі.
Адамның онтогенез барысында дамуы іс-әрекеттердің негізгі үш түрімен шектеледі.
1. Ойын;
2. Оқу;
3. Еңбек.
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік, демалу мақсатын көздейді.
Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар.
Сонымен қатар ойынның араласқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен ерешеленеді. Ойын балалардың жетекші іс-әрекет болып табылады.