А. ҚҰнанбайұлының «Қалың елім, ҚазағЫМ, Қайран жұртым» ӨЛЕҢіндегі көркем ақпараттың аудармада берілуі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі321,81 Kb.
#133031
  1   2   3
Байланысты:
Кребаева А. - А. ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАЛЫҢ ЕЛІМ ҚАЗАҒЫМ ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ» ӨЛЕҢІНДЕГІ КӨРКЕМ АҚПАРАТТЫҢ АУДАРМАДА БЕРІЛУІ




А. ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН 
ЖҰРТЫМ» ӨЛЕҢІНДЕГІ КӨРКЕМ АҚПАРАТТЫҢ АУДАРМАДА 
БЕРІЛУІ 
Айдана Кребаева,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 
екінші курс магистранты
Кӛркем ақпаратты немесе кӛркем мәтіннің барлық мәндік, мағыналық, 
құрылымдық ерекшелігін сақтап аудару үшін аудармашы екі тілді де жетік 
меңгерген, сол тілдердің мәдениеті мен тарихынан терең әрі жан-жақты 
білімі бар, ізденімпаз, талант иесі болуы керек деген пікірді кӛптеген 
зерттеушілер қолдайды. Сонымен қатар аудармашы, әсіресе, кӛркем мәтін 
аудармашысы психологиялық тұрғыдан да жетілген тұлға болуы тиіс, яғни ол 
асыл нұсқаны дұрыс қабылдап, талқылап, бағалап, түсінуі қажет. Сонда ғана 
ол аудармашының еңбегі кӛркем аудармаға қойылатын талаптарға жауап 
беріп, сәйкесінше бағасын алмақ.
Кӛркем ақпаратты «мидың материалды құрылымынан ойдың 
ажырамастай болатыны секілді, кӛркем мәтіндердің құрылымынан 
бӛлінбейтін ерекше кӛркем ақпаратты адам ӛнер туындысын жазу және тану 
арқылы алады, сақтайды және тасымалдайды», - деп түсіндіреді Ю.М. 
Лотман [1]. Кӛркем ақпарат – ӛнер туындылары арқылы жасалып, берілетін 
ақпарат түрі. Кӛркем ақпараттың басты мақсаты – оқырманға эмоционалды 
әсер ету, ол қарабайыр тілде жазылмайды, жекелеген кӛркем образдар 
жүйесін құрайды. Кӛркем ақпарат сипатталып отырған құбылыстың ерекше 
белгілерін негізге ала отырып жасалады. Сонымен қоса, оған автордың 
дүниетанымдық бірегейлігі, тұлғасы да келіп қосылады. Мұндай ерекше 
белгілердің кӛпмағыналы болатыны белгілі, оларды дұрыс қабылдау, түсіну 
оңайға соға бермейді. Кӛркем ақпараттың аудармада саймасай бола 
бермеуінің себебі де осында жатыр. Асыл нұсқамен аударманың саймасай 
болмауының нақты мысалы ретінде қазақтың бас ақыны – Абайдың 
ӛлеңдерінің аудармаларын айта аламыз. Кӛптеген зерттеушілер Абай 
ӛлеңдерінің аудармаларының асыл нұсқадан мағыналық және құрылымдық 
тұрғыдан алыс екендігін, Абайдың «сылдырап ӛңкей келіскен» поэзиясының 
қуаты аудармада күні бүгінге дейін толық жеткізіле алмай келетіндігін 
айтады. Бұл пікірмен келісуге болады.
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» - қазағым, жұртым, елім деп 
ӛткен ақынның дара да дана қаламынан туындаған кӛркемдік дәрежесі биік, 
мағынасы тереңде жатқан туынды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» - 
Абайдың кӛлемі отыз жолдан тұратын, 11 буынды қара ӛлең ұйқасы түрінде 
жазылған ӛлеңі. Ол алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында «Қазақ 
ақыны Ибраһим Құнанбайұлының ӛлеңі» атты жинақта жарық кӛрді [2]. 
Ӛлең сыни релистік сарында жазылған, мазмұны қазақ халқының сол 
замандағы бүкіл болмыс-бітімін, қоғамдық-тарихи және рухани ахуалын 
кӛрсетеді. Оны талқылау, талдауда түрлі зерттеушілердің пікірі бір нүктеде 



ұшырасады. Солардың ішінде М.О. Әуезов, А. Нұрқатов, С. Әшімбаев сынды 
әдебиеттанушылардың айтқан ойларының ғылыми құндылығы ерекше 
екендігін атап ӛткен жӛн. 
Абайдың ӛзге шығармалары секілді бұл ӛлең де бірнеше тілге 
тәржімеленген. Біз ӛз мақаламызда осы ӛлеңнің орыс тіліндегі аудармаларын 
қарастырмақпыз. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» ӛлеңінің Қ. 
Досжан, С. Липкин, Ю. Кузнецов, Ә. Қодар, М. Әдібаев жасаған бес аударма 
нұсқасы белгілі. Соның ішінде Қ. Досжанның аудармасы – жолма-жол 
аударма да, М. Әдібаевтың аудармасы соңғы жасалған аударма болып 
табылады. Аударма нұсқалардың ӛзара ұқсастықтары аз. Әйтсе де асыл 
нұсқаға саймасай деу де қиынға соғады.
Ӛлеңнің алғашқы шумағы аударма нұсқаларында былайша кӛрініс 
тапқан: 
О, казахи мои, многочисленный народ, 
бедолага, 
перенесший много бед и страданий, 
Прячешь, скрываешь свой рот за 
небритыми усами (рот, который может 
говорить бесстыжие слова).
(


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет