А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
А. О. Искакова «М шh р-Ж сіп К пеев шы армаларында ы ма ал-м тел

Тaқырыптың өзектілігі. Дaрхaн дaлaның ұлы ғұлaмaсы Мәшһүр-Жүсіп
тек өлең жaзумен ғaнa шектелмей, сонымен қaтaр aуыз әдебиеті үлгілерін
көптеп жинaушылaрдың бірегейі. Мәшһүр-Жүсіп жинaғaн мaқaл-мәтелдер
қaзaқ фольклортaну ғылымының бай, мол, сарқылмас қазынасы. Мақал-
мәтелдерді жеке алып қарастырудың маңызды жақтары көп. Біріншіден, мақал-
мәтелдердің күрделі табиғатын танып-білуде қазақ қауымының істелген
істерден гөрі істелуге тиісті істер әлдеқайда көп. Мақал-мәтелдердің қазіргі
таңда қолданылу аясы өз деңгейінде деп айту екіталай. Себебі мақал-мәтел
кенжелеп дамып келе жатқан халық ауыз әдебиетінің саласы. Әсіресе
қарапайым халық мақал-мәтелдеп сөйлеуді қашаннан ұмытқан, тек үлкен
әжелеріміз бен аталарымыз ғана бірен-саран айтады. Ол бізге жеткіліксіз. Осы
тұрғыдан келгенде, қазақтың белгілі фольклористы Мәшһүр-Жүсіп жинаған
мол қазынаның бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.
Зерттеу тақырыбының нысаны. Тақырыптың нысаны ретінде Мәшһүр-
Жүсіп жинаған мақал-мәтелдер үлгілері алынды. Сонымен қоса аталмыш
тақырыптың нысаны ретінде алдымен мақал-мәтел жанрының қалыптасуы мен
жиналуына арқау болған халық ауыз әдебиетінің мақал-мәтелдер жанрының
үлгілері негіз ретінде болды. 
Зерттеу пәні. Халық ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдердің табиғатын
жан-жақты бағымдау.
Жұмыстың мақсаты: Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы мақал-
мәтелдердің тақырыптық жағын қарастыру. 
Жұмыстың міндеттері: 

Қазақ мақал-мәтелдері және Мәшһүр-Жүсіп жазбаларындағы қазақ
мақал-мәтелдерінің жариялану, жиналу жағдайын саралау; 

Ақын жинаған мақал-мәтелдердің әдебиеттегі орнын айқындау;

М.Ж.Көпейұлы жинаған мақал-мәтелдердің маңызын анықтау;

Мәшһүр-Жүсіп қазақ мақал-мәтелдерінің жариялану, жиналу жағдайын
саралау;

Қазақ мақал-мәтелдерінің жариялануын қарастыру;

Қазақ мақал-мәтелдерінің жиналу мәселелерін анықтау;

Мәшһүр-Жүсіп және қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуін қарастыру;

М.Ж.Көпейұлының жинаған мақал-мәтелдерін топтастыру;
8



Қазақ мақал-мәтелдерінің хадистермен арақатынасын айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет