А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


М. Әуезов пен Ғ. Мүсірепов стилі – полифондық стиль



бет5/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
1.2 М. Әуезов пен Ғ. Мүсірепов стилі – полифондық стиль

20-50 жылдардағы драматургиядағы суреткерлер тілін полифондық стильге жатқызуға болады. Полифондық стиль әлем мен адам, мәдениет пен көзқарас сабақтастығы арқылы айқындалады. Айталық, М. Әуезов,


Ғ. Мүсірепов кейіпкерлері өзіндік сөз ырғағымен ерекшеленеді. Олардың сөз саптауларында ұйқас, дауыс ырғағының үйлесуі, тембр анық байқалады. Ол кездегі суреткерлер тіліне памфездік тән болған. Көңіл толқынын еселеп көрсететін актер диапазоны, штамп, сөз саптаулары, дикция т.б. сахнада ерекше көрініс тапқан. Мұның бәрі шешендік өнердің көрінісі болғанымен, лингвистикалық тұрғыдан саралағанда лингвопоэтиканың айқын белгісі.
Полифония ұлы музыкалық стилді білдіретін термин. Ол XVIII ғасырдың ортасына дейін Еуропада салтанат құрған. Полифония әр дауысты өзінің ырғақ даралығымен айқындайтын көп дауысты жүйе. Полифонияда әуенге және аккомпанементке бөлу жоқ, барлық дауыс өзінің партиясын біркелкі орындайды. Полифондық стиль негізін инвенция, мотеттер, фуг және полифониялық фантазия құрайды.
М.М. Бахтин «Проблемы поэтики Достоевского» (1979) атты еңбегінде полифониялық роман терминін алғаш қолданды. Ғалым басқа жазушылардан гөрі Ф.М. Достоевскийдің шығармаларында персонаждардың барлық «дауысын» жеке партиялар ретінде бергенін байқайды. Ф.М. Достоевскийдің басты кейіпкерлерін ғалым былай суреттейді: «Более всего думает о том, что о нем думают и могут думать другие, он стремится забежать вперед чужому сознанию, каждой чужой мысли о нем, каждой точке зрения на него. При всех существенных моментах своих признаний он старается предвосхитить возможное определение и оценку его другим, угадать смысл и тон этой оценки и старается тщательно сформулировать эти возможные чужие слова о нем, перебивая свою речь воображаемыми чужими репликами» [24, 180 б.].
Міне, бұл айтылған пікірден кейіпкерлердің сөзінде ешқандай «әуен де, аккомпанемент те, гармония да» жоқ екендігін байқаймыз. Ғалым еңбегінде, автор дауысының, персонаждар дауысынан ешқандай айырмашылығы жоқ деген тұжырым жасайды. Сондай-ақ ғалым, Ф.М.Достоевскийдің полифониялық романын Л.Н. Толстойдың монологтық романдарымен салыстыра зерттегенде Толстойдың өз кейіпкерлерінің толық «қожайыны» екендігін байқаған.
Саналы түрдегі жанды қарым-қатынас барысында тілді бұлжымас, қозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны қоршаған тілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік көп дауыстылықтан, көп мағыналылықтан тұратындығы даусыз.
Полифония дауыстың тең құқылы гармониялық негізіне құрылады.
М.М. Бахтиннің пайымдауынша, ол әдеби романдардың стилін ғана көрсетпейді, танымның әдісін, әлем мен адамның концепциясын, адамдар арасындағы қарым-қатынастың тәсілін, мәдениет пен көзқарастарды білдіретін кең түрдегі философиялық, эстетикалық мағына береді.
Полифония – «диалог», «контрапункт», «полемика», «дискуссия» т.б. тығыз бірлікте ашылады.
Полифониялық диалогтың тұжырымдамасы бойынша, адам философиясында, яғни адамның өмірі, оның ақыл-ойы және айналамен қарым-қатынасы диалогтық табиғатқа ие.
Адамзат түсінігіне интерсубъективтілік, интериндивидуалдылық тән. Демек, екі адам өмір мен тұрмыстың кішкентай бөлшегін құрайды.
М.М. Бахтин адамдарды шынайы өмірдегі диалогқа түсетін қайталанбайтын жеке тұлға ретінде қарастырады.
Полифондық романның басты ерекшелігі әрбір жеке дауыс пен ойдың тоғыспайтын, толық шынайылығын көрсетеді. Мұнда дәстүрлі монологтық романдардан гөрі автор танымының жеке әлемі көрсетіледі.
Полифондық романда автор мен кейіпкерлерінің арасында өзгеше қарым-қатынас орнайды. Мұнда автор кейіпкерлерінің өзін барлық жағынан жарқырата көрсетуіне жағдай жасайды. Демек, полифондық стилде автор кейіпкер туралы айтпайды, оған барлық мүмкіндікті жасай отырып, оның жауап беруіне, қарсыласуына, нақты пайымдаулар мен тұжырымдар жасауына немесе ойын білдіруден бас тартуға толық құқық береді. Бұлардың барлығы кейіпкерлердің терең ойына құрылады.
М.М.Бахтиннің аталмыш еңбегінде лингвопоэтика мен лингвостилистиканың арақатынасын терең ашып көрсетудің алғышарттары жасалды. Ф.М. Достоевский шығармасының көркемдік әлемінің «диалогтық» болмысын ғалым былайша өте нақты сипаттайды: «Человек никогда не совпадает с самим собой. К нему нельзя применить формулу тождества: А есть А. По художественной мысли Достоевского, подлинная жизнь личности совершается как бы в точке несовпадения человека самим собою, в точке выхода его за пределы всего, что он есть как вечное бытие, которое можно подсмотреть, определить и предсказать помимо еге воли, «заочно». Подлинная жизнь личности доступна только диалогическому проникновению в нее, которому она сама ответно и свободно раскрывает себя» [24, 69 б.]. Мұнда
М.М. Бахтиннің көрсетуі бойынша «диалог» тілдік ұғымда емес, философиялық ұғымда көрсетіледі.
М.М. Бахтин стилді қарастырғанда, оның бұрынғы «стиль – бұл адам» деген анықтамасымен келіспейді. Диалогизмнің тұжырымдамасына сәйкес, стилді түсіну үшін кемінде екі адам керек деп есептейді. Ғалым индивидуалды өлшем тұрғысынан, экзистенциалды шындықты көздейді. Полифониялық роман әлемі көптеген тең құқылы ойлар мен көзқарастардың тоғысын жинақтайды. Диалогқа қатысушылардың «шындық көкжиегі» ешқашан аяқталған, абсолютті ақиқатты көрсетпейді. Себебі келісімнің өзінде диалогтық мінез жатады. Бұдан шығатын қорытынды, мәтінді зерттеушілер ең алдымен, оның авторын көруге тиіс, онымен диалогтық қатынасқа түсуі шарт.
Сонымен, көркем шығарманың барлығына ортақ басты міндеттерінің бірі – эстетикалық қызметі екендігі белгілі. Алайда, бұл қызметті барлық тілдік бірліктер атқара бермейтіндігі тағы анық. Тілдің эстетикалық қызметі тұрғысынан қарағанда, көркем туындыда функционалды қызметі басым элементтер мен формалды элементтер қатар жүреді. Демек, көркем драмалық шығарманың тілі біртектес болмайды, оған полифондық тілдік құрылым тән. Бұл әсіресе тілдік бірліктермен қатар паралингвистика, интонация, жеке адамның рөлі араласып барып, күрделі түрде көрініс табатын драмалық шығармалар тіліне айрықша тән құбылыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет