А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет77/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95
Сырым. Сәулем, көлеңкем!.. Қайғылы, дертті қарлығашым!.. («Қарагөз», 149 б.).
Мұнда да поэтикалық номинацияларға жататын «сәулем, көлеңкем, қарлығашым» сөздері семантикалық құрылымда ассоциативті-эмоционалды бағалау коннатацияларының тұтас кешені болып табылады. Оны суреткер өте жағымды лирикалық кейіпкерінің аузына салып тұр. Демек, бұл мысалдардан байқағанымыз, эстетикалық парадигмалар құрамына кіретін сөз өнеріндегі бірліктерді автор лирикалық кейіпкерінің аузына сала отырып, оның сезімінің психологиялық қалтарысына дейін дәл көрсетуге күш салады.
Сонымен, драма тілінің көркемдік эстетикалық парадигмасының қызметі орасан зор. Ол халықтың тарихи-мәдени өмірінен хабардар ететін тілдік деректік ақпарат көздеріне ие. Драмалық шығармалар тілін зерттеу барысында суреткерлердің халықтың мәдени және рухани өмірін этномәдени жүйеде суреттегенін, оны мәдени мұра ретінде қалдырғанын байқаймыз.
Осы орайда зерттеуші Ш. Мәжітаеваның «Шындығында да, көркем әдебиет тіліне тән негізгі өзгешелік – оның эстетикалық функция атқаратындығында. Ал көркем шығарма тілінің эстетикалық функциясы жазушының идеялық көркемдік жоспарымен тығыз байланысты»,- [156, 69 б.] деген пікірі жоғарыдағы ойымызды қорытындылай түседі.



    1. Драмалық шығармалар тіліндегі поэтикалық метафоралар

Метафоралар – көркем әдебиет стилінде жиі кездеседі. Шығарманың көркемдік ерекшелігін тап басып тану үшін метафоралық тәсіл қолданылады. Метафораны қолдану суреткердің көркемдік құбылыстарға ерекше сезімталдығын танытады.


Көркем шығармалардағы, соның ішінде драма тіліндегі поэтикалық метафораның табиғатын талдап, таразылауда – оның өзіндік рөлін анықтау, қолданыстағы ерекшелігі мен номинативтік бірлік жасаудағы үлесін айқындау, яғни ойлаумен, таныммен байланысының коннатациялық мәнін қарастырудың қажеттігі даусыз. Өйткені, метафораларды дүние болмысын танып-білудің кілті ретінде қарастыру мүмкіндігі туған тұста, олардың концептуалдық жүйедегі орны мен маңызын айқындау қажет. Демек, осы уақытқа дейін метафораның тек бейнелеуіш, көркемдегіш қасиеттері зерттеліп келсе, бүгінгі таңда оның когнитивтік сипатын көрсетіп, ұлттың дүниетанымдық болмысын анықтаудағы негізгі құрал ретінде қарастырудың маңызы ерекше.
Қазақ тіл білімінде метафоралық құбылыстар біршама жақсы зерттелген деуге болады. Ал біз сахна тіліндегі метафоралардың поэтикалық табиғатын қарастырғалы отырмыз.
Болмыстағы құбылыстардың ұқсастығының болуынан атаулардың ауыспалы мағынада жұмсалуын метафора дейміз. Ерте дәуірге жүгінсек, Аристотель «Риторика» және «Поэтика» еңбектерінде метафора туралы көп айтқан. Демек, метафораларды әр дәуірдің суреткерлері әлемді танудың ұлттық ерекшеліктерін көрсететін тәсіл ретінде пайдаланғандығын байқауға болады. Метафоралар – көркем шығармалар тілінің айнасы. Бұған Аристотельдің «Метафора в наивысшей степени обладает и ясностью, и приятностью, и необычностью. Ее ни у кого нельзя позаимствовать» [157, 54 б.],- деген сөзі дәлел.
Одан беріде метафоралардың зерттелуі А. Байтұрсынов еңбектерінен бастау алады. А. Байтұрсынов: «Сөз өнері адам санасының үш негізіне 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге тіреледі. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял – ісі меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау,- деп көрсетеді [20, 83 б.]. Ғалымның осындағы қиял ісі деп меңзеп отырғаны метафоралар.
Драматургиялық мәтін сахнадағы тілдік жүйеде семантика-стилистикалық бірліктерді барлық мүмкіндіктерімен көрсететін бірден-бір шығарма. Авторлық мәтін, авторлық поэтикалық сөз актерлердің қойылымымен үндескенде ғана тілдік метафораның негізі болып табылады.
Сахнадағы автордың нақты мақсаты мен режиссердің тұжырымы осы метафоралардың есебінен ашылады. Демек, қойылымның образды құрылымындағы ең жоғарғы тапсырма да, ең мәнді мәтін де метафоралар арқылы жүзеге асырылады. Персонаждар тіліндегі аса мәнді мәтін авторлық ремаркалардың образды сөз саптауларынан, сөздерді ыммен, ишаратпен, түрлі дене қимылдарымен ауыстырулардан, тұтас картинадағы жеке репликаларды жан-жақты ашып көрсетуден, яғни, тілдік және ауызекі сөйлеудегі метафоралардың негізінде туады.
Метафора – актер ойынының қарым-қатынасын, драмалық шығармалар мен режиссураларды, спектакльдің поэтикалық лексикасын анықтайтын тұтас кешен. Поэтикалық драматургияда сөз өнеріндегі образ іріктелген тілдік құралдармен қаруланады. Мұндай тілдік құралдар мен қолданыстар драмалық шығармалар фабуласының жалпы образды, символикалық құрылымын анықтайды. Әсіресе мұндай тілдік бірліктер сахналық образды кеңістіктің ауқымына сәйкес келеді.
Образды кеңістіктің поэтикалық шарты метафоралар мен троптың басқа да түрлерінің әрекетін күшейтеді. Мұндай жағдайда метафоралар дыбыстардың жиынтығы ғана емес, белгілі интонациялық жүйесі бар, сөз өнеріндегі образды әрекетке айналады. Тілдік метафорада ассоциативті-психологиялық жағдайлардың өзара байланысы метафоралар мен троптардың драматургиялық тартыстардың ерекшелігімен де байланысатындығын көрсетеді.
Актер – сахналық сөз өнері әрекетіндегі субъект. Актер өзінің жүріс-тұрысымен, ым-ишаратымен, өзіндік дауыс ырғағымен сөз өнеріндегі тілдік құбылыстарды метафораландыра алады. Сахналық мәтінді меңгерген актер, метафоралардың эстетикалық шынайылығын тудырып, оларды образды тұтастыққа айналдырады. Актердің образды сөзге күшті эмоционалды мән беруі, оны көркем жеткізуі, көрермендерге метафоралық образды суреттеулердің мағынасын еркін түйсінулеріне жол ашады.
Метафора жеке тұрып жасалмайды, ол қолданыста пайда болып, ойдың мазмұндылығын, бейнелілігін арттырады. Ал көркем шығармалар тілінде сөз метафоралық қолданыстар арқылы түрленіп, ажарланып, бейнелі құралға айналады. Сондықтан да кейде метафоралар тілді безендіруші құбылыс ретінде нормалардан ауытқу тудырады, әйтсе де эстетикалық мәні мен экспрессивтілігі өте жоғары болғандықтан, олар стильдік әлеуметтілігі жоғары тілдік құрал болып саналады.
Көркем шығармаларда образды сөз ретінде қолданылатын метафоралар лингвистика, әдебиет, философия, психология, эстетика, логика, семасиология ғылымдарының да зерттеу нысаны бола алады.
Ғалым О.С. Ахманова метафораның гипербола, лексикалық, аралас, дәйекті түрлерін көрсете келіп, поэтикалық метафораға мынадай анықтама береді: «Метафора, входящая в числе экспрессивных средств поэтического произведения и выступающая как сложная разноплановая семантическая структура» [18, 232 б.).
Ұлы суреткерлеріміздің сөз ұстаханаларына үңілгенде, олардың қазақ сөзінің құдіреті арқылы оқырманның жүрегіне сөз мәдениетін игеруге, оның мәдени және рухани әсерін жеткізуге тырысқандықтарын көреміз. Қаншама уақыт өтсе де, ұлы суреткерлер шығармаларының мәнін жоймайтындығы сондықтан. Бұл қазақ ортологиясының әлі де зерттей түсетін мәселесі жеткілікті деген сөз.
Сонымен, сахна тілінде метафоралар тілдің эстетикалық қызметін атқарады. Риторика мен лексикология саласында метафоралар номинациялық құрал ретінде қарастырылады.
Тыңдаушыға тигізетін әсеріне қарай метафоралар эпифора мен диафораға бөлінеді.
Метафора – қазақ жазушыларының тілінде аса мол ұшырасады. Эпифораға экспрессивті (қиялға бағышталған) қызмет тән. Мәселен, М. Әуезовтің «Қарагөз» пьесасындағы Асанның аузымен айтылған мына өлең жолдарына назар аударайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет