А. Оралбекова кадастр негіздері 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығында оқитын студенттерге арналған дәрістік курс Өскемен, 2018 ОӘД 349. 414(075. 8)



бет2/5
Дата08.12.2023
өлшемі457 Kb.
#135233
1   2   3   4   5
Байланысты:
КЛ ОК

ОӘД 349.414(075.8)


Оралбекова А.О. Кадастр негіздері: 5В07110 «Геодезия және картография» мамандығында оқитын студенттерге арналған дәрістік курс /А.Оралбекова// ШҚМТУ, Өскемен, 2018.- 57 бет

Дәрістік курс Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің теориялық негіздерін қамтиды.


Жер туралы ғылымдар факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталды


№_______ хаттама ______ ________ 2018 ж.

© Д. Серікбаев


атындағы ШҚМТУ
баспаханасы 2018

МАЗМҰНЫ




1

Жер кадастры туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны




2

Мемлекеттік жер кадастры, түсінігі, функциялары, принциптері




3

Мемлекеттік жер кадастрының қызмет түрлері




4

Жерді есепке алудың міндеті және сипаты




5

Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшiн есепке алу.




6

Жердің сапасын есепке алу.Жер учаскесінің алқаптар түрлері мен топырақ түрлері бойынша сапалық жағдайы




7

Құнарлықтың түсінігі және мәні. топырақты бонитеттеу




8

Жердің кадастрлық бағасы




9

Жерлерді экономикалық бағалау




10

Жер кадастрын жүргізу тәртібі, ақпаратын пайдалану




11

Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі




12

Жер-кадастр құжаттамасы. Сәйкестендіру құжаттары




13

Жер-кадастрлық iстiң құрамы және мазмұны




14

Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ЖКААЖ




15

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн беру және ақпаратын пайдалану







Қолданылған әдебиеттер тізімі







  1. КАДАСТР НЕГІЗДЕРІ. ЖЕР КАДАСТРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР РЕФОРМАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ

Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағұлматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау кажеттігі пайда болды, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды.


«Кадастр» сөзі латынның «capitastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты(реестр) деп айтатын. Есепке , бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді.Сонымен бірге жақты түсінікте жер кадастры- жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте –жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттің жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастры өзінің объектісімен (жер-өндіріс туралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшеленеді. Жер кадастры әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшілігімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуының шарты. Бірақ оның рөлі қоғам өндірісінің әр түрлі салалы қорында бірдей емес. Өндеуші өнеркәсіпте және құрылыста,ол кеңістік іс орны (еңбек жасалатын орын) ретінде көрінеді.Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қор ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында ол тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің басты құралы болып табылады.
2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ауыстыра алмайды.Өндірістің басқа құралдары өндіріс күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстыра алады.
3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен ол орының тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан екінші орынға жылжытуға болады.
4. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте қолайлы және ерекше қасиетімен,құнарлылығымен пайдаланады. Жерді дұрыс пайдаланса,оның сапасы төмендемейді керісінше – жақсарады, сөйтіп оның сапасы жоғарылайды.
5. Жердің айрықша ерекшелігі – ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.
Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрынің, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала қарайық.Жалпы түрде жер кадастрына келесі әрекеттер тән:
1) жерлерді есепке алу;
2) жерлерді баяндау;
3) жерлерді бағалау.
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан(егіншілік пайда болғанда) туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты( жыртылатын жер жайылым), яғни алқаптардың түрлері бойынша есепке алуды талап етті.
Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдары табу табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуының және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.
Құлдық мемлекет шаруаларға көп салық салып, әр түрлі міндеттіліктерді орындауға мәжбүр етеді. Жердің көп ауданы мемлекет иелігінде болды. Сондықтан құлдық құрылыста жерлер және иеленген жерлер есепке алынып қайта саналды, жоспарлар құрастырылды, жерлердің және алқаптардың аудандары туралы мәліметтер көрсетіліп, арнайы құжаттар құрылды. Құлдық қоғамның тиісті дамуы сатысында жерлерді сапа бойынша есепке алу басталды. Жерлердің сапасын салыстырмалы бағалау қажеттілігі пайда болды. Сонымен, жерге жеке меншіктік пайда болуымен жерге салық салу үшін жерлерді есепке алу мәліметтердің қажеттілігі туынады.
Капиталистік құрылыс жағдайында жер кадастры күрделі шара ретінде арнайы жер кадастрлық қызметі арқылы жүзеге асырылады. Жер кадастрынің қазіргі түсініктегі негізгі түрлері капиталистік қоғамда қалыптасқан. Сондықтан салық салу мақсаты жерді бағалау мәні және тәсілдері бойынша айырылады.
Капиталистік мемлекеттерде жер кадастрымен қатар жерді заңды тіркеу жүргізіледі. Оның міндеті жерді иелену және меншіктеу құқығын рәсімдеу болып табылады. Жерді тіркеу жерге жеке меншік құқығын қорғауға көзделген.Оның мәліметтерінің құқықтық маңызы бар. Олар тұлғалық және мүліктік болып бөлінеді. Біріншісі жер иелері бойынша, екіншісі-пайдаланатын жерлер бойынша жүргізіледі. Заңды жерді тіркеуді жүзеге асыру нәтижесінде жер иесінің жерге құқығы рәсімделеді. Ол нотариалдық мекемелерде арнайы құжаттармен заңдастырылады.Көпшілік капиталистік елдерде жерді заңды тіркеу арнайы жер кітаптарында жүргізіледі. Көптеген мемлекеттерде жер кадастры мен заңды жер тіркеу арасында тығыз байланыс бар.
Жер-кадастрлық материалдарды жер-құқықтық мәселелерді шешуде кеңінен қолданылады.Олар тек қана салық салу мүддесіне ғана емес, басқа да қажеттіліктер үшін (жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топырақ эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау) пайдаланылады. Жер кадастрының негізгі қызметі жер иелерінің алатын пайданың бөлігін мемлекеттің алу мақсатымен тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді. Бұл капиталистік жер қатынастарының мәнімен есептеледі – әр елде және әр уақытта жүргізілген жер кадастрлық жұмыстарының мазмұны мен әдістемелерінің ерекшеліктері болса да, жалпы оларға жер туралы мәліметтерді алу тән болған.
Жерлерді тиімді пайдалануды қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасында жаңа мемлекеттік кадастры жүйесін енгізумен қатар, жаңа жер қатынастарын ескере отыра, жерді үйлестіру, жерлер мониторингісі, жерлерді пайдалануды қорғауды мемлекеттік бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстарға негізгі талаптар қойылған.


  1. МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫ: ТҮСІНІГІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ПРИНЦИПТЕРІ

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi.


Жер кадастрының құрамдас бөлiгi суармалы жер учаскелерiнiң мелиорациялық жай-күйi, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебi туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жердiң мелиорациялық кадастры болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды орталық уәкілетті орган жүзеге асырады – Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры (республиканың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер кадастры) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен белгіленеді.
Мемлекеттік жер кадастрының мәлiметтерi мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіру құжат дайындаумен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастрының деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекітілген жер учаскесi болып табылады.
Жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi мемлекеттік кадастрлық есепке алуға жатады.


  1. МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ



Мемлекеттiк жер кадастрын жүргізу мынадай қызмет түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуды;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) мыналарды: жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерінің есебін; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ысырапты анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды;
5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште және электрондық түрде жинақтауды, өңдеуді және жүргізуді;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді;
7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауды және жүргізуді;
8) жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуді;
9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауды;
10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді;
11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:
1) жергілікті жерде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгiлеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру жөнiндегi жобаларды, бүлiнген жерлердi қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жерден жер учаскелерiн беру кезінде жергілікті жерде олардың шекараларын белгiлеу;
3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшiн жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жатады.
4. ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МІНДЕТІ ЖӘНЕ СИПАТЫ

Біртұтас мемлекеттік жер қоры мемлекеттік меншіктің объектісі болғандықтан, жер учаскелерін пайдалану мен иеленуге мемлекеттік құқығы бар, олай болса, жерді пайдаланудың кез келген түрі рәсімделуі керек, ал жер учаскелерін өзі белгілі бір аумақ және жылжымайтын мүлік ретінде белгіленген тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметтерді жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу жүргізеді. Оның мәліметтерді қоғамның құқықты мүшесі немесе заңды тұлғаға белгілі бір жер алаңын пайдалану үшін негіз бола алады. Есепке алуда жер өлшемімен, кеңістіктегі орналасуымен, сапалы жайымен, пайдаға асуымен сипатталады. Есептегі тіркеу мәліметтері әрбір нақты пайдаланушы (жалгер) немесе меншік иесінің жер учаскесі мөлшерін жазу үшін негіз болады. Мемлекеттік қордағы бос жерлер бөлек орналасқан жер массивтері тәрізді тұрған орны бойынша есепке алынады.


Есепке алу барысында есептік көрсеткіштер ғана емес, өндіріс құралы және табиғи ресурс ретінде жердің сапалық көрсеткіштері де анықталып, белгіленеді. Алайда топырақтың табиғи құрамы бірдей мәнге ие болмағандықтан, олардың салыстырмалы бағасының қажеттілігі, яғни жер қыртысы сапасын бағалап айыруды жүргізу туындайды. Жерді есепке алу және тіркеу мәліметтері жеке учаскелердің жер қыртысы сапасын бағалап айыруда, олардың сапалы бағасы және есебін білуде негізгі ақпарат береді. Жер сапасы табиғи факторлармен қатар, экономикалық жағдайларға да байланысты болады, сондықтан экономикалық, ал жаңа жағдайда жердің ақшалай құнын қажет етеді.
Жер кадастры орындайтын жұмысының сипаты мен көлеміне қарай екі түрге - негізгі (бірінші) және ағымдағы (жалғастырушы) болып бөлінеді. Негізгі кадастрдың мақсаты - кадастрланған аумаққа (жер учаскесі, аудан, облыс) жататын жердің табиғаты, құқығы, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәлімет алу. Осындай мәліметтер негізде мемлекеттік жер кадастрының құжаттарында алғашқы жазба жүргізіледі. Осылайша негізгі кадастрды жүргізу нәтежесінде елдің жер қорының мөлшері, оның негізгі категорияларға бөлінуі және құны туралы ақпарат алады. Негізгі жер кадастры суретке түсіріп алу, тексеру, суреттеу жеке бағалау сияқты кең көлемді жұмыстарды жүргізумен байланысты. Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және күнделікті (келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:

  1. Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алуды жүйелеу және талдау жасау.

  2. Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажеті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу.

  3. Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.

  4. Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есептік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.

  5. Жер қорына жер санаттары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер (аудандар, облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.

Ағымдағы жер кадастрының міндеті және есепке алуы жер-кадастрлы құжаттарға өзгерістер, таратулар, жердің сапалық жайы мен пайдаланылуы және жаңа жер учаскелерінің пайда болуы туралы мәліметтерді анықтау және енгізу болып табылады. Жерді алу өз еркімен беру, бағалы пайдаланылатын жерлерді бағалауды төменге аудару түріндегі заңсыз әрекеттер жер-кадастрлық құжаттарда көрсетілмейді, оларды жою шаралары қолданылады. Олар болса, негізгі және ағымдағы жер кадастры елдің жер қоры туралы ақпарат беріп қана қоймай, жерді пайдалануға байланысты уақытымен бақылау жүргізеді, мемлекеттік және жеке жер меншігін қорғайды. Негізгі және ағымдағы кадастр арасында байланыс бар. Біріншісі жерге толық сипаттама береді, екіншіні жүргізуге негіз береді және оның қызметін анықтайды. Екіншісі біріншінің мәліметтерін жаңартып және толықтырып, қазіргі заман деңгейінде біріншісінің мәліметтерін жүйелі қолдайды.
Жер есебі жер кадастрының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып саналады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.
Жер учаскелерiн кадастрлық есепке алу олардың орналасқан жерiнде бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзiледi. Жердi сандық және сапалық есепке алу олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгерiстер олар жергiлiктi жерде болғаннан кейiн тiркеледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзiледi.
Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала бойынша қалыптастырылады. Бұл peттe ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi. Барлық санаттағы жерлер есепке алуға жатады және ол жер алқаптарының түрлерi бойынша жүргiзiледi.
Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:

  • жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;

  • жер учаскесiнiң алаңы;

  • жер учаскесiне меншiктiң нысаны;

  • жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;

  • жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;

  • жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;

  • жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi.

Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара болып есептелінеді. Сол үшін, оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін мемлекет анықтайды. Ол жерді есепке алу ақпараттарының мазмұны мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге бақылау тәртібін анықтайды.
Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық материалдары негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі. Жер есебіне барлық жер қоры әкімшілік-территориялық бірлікке бөлінген, жер санаттары мен жерді пайдаланушылар, жер пайдалану мен алаптар жатады. Алаптардың сапасы топырақ қабаты, топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз етілгендігі, жер бедері, жер оты құрамы қалындығы, мелиоративтік жағдайы және т.б. бойынша анықталады. Жер есебі бірыңғай әдіс бойынша, яғни жер санаттары мен бөлек аймақтар мәліметтерін салыстыруды қамтамасыз етіп жүргізіледі. Бұл мақсатта жер есебі ақпараттарын алудың, өңдеудің және топтастырудың бірыңғай жүйесі, бірыңғай жер кластары мен алаптар қолданылады.
Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:
1) жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар, уәкiлеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi (ауыл (село), кент, облыстық және аудандық маңызы бар қала) жергiлiктi атқарушы органдар eceптi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына тиiсiнше жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы, меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақ бiрлiктердiң (ауыл (село), кент, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң қарауындағы жерлердiң құрамында болып жатқан өзгерiстер туралы белгiленген нысан бойынша есептер ұсынады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы ұсынылған есептердi қарайды әрi бекiтедi және оларды болған өзгерiстердi жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзу үшiн Кадастр жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындарға жiбередi.
2) Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары жерлердiң бар-жоғы және олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар мен алқаптардың бөлiнуi туралы жыл сайынғы есептердi (жер балансын), сондай-ақ есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аудандары (облыстық маңызы бар қалалары), республикалық маңызы бар қаласы, астанасы, облыстары бойынша мемлекеттiң жер учаскелерiн меншiкке сатуы туралы мәлiметтердi жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және мемлекеттiк статистика саласындағы орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нысандар бойынша жасайды.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасайды.
Жердiң бар-жоғы, олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жердi пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлiнуi туралы есептердi (жер балансын) мыналар жасайды:
аудан және облыстық маңызы бар қала бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей жер қатынастары жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органға ұсынады;
облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың деректерi негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 20 қарашасынан кешiктiрмей жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтардан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы жерiнiң (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша) бар-жоғы, олардың сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептi алқада қарайды.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жиынтық талдамалы есептiң көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне, Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiне жолдайды



  1. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ТІРКЕУ МАҚСАТЫ ҮШIН ЕСЕПКЕ АЛУ

Жер учаскелерiн және онда орналасқан жылжымайтын мүлiктi тiркеу мақсатында есепке алу меншiк құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықты мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз ететiн қажеттi шарт болып табылады.


Жер учаскелерiн тiркеу мақсаты үшiн есепке алу жұмыстарын жүргiзу тапсырыс берушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жер кадастрының құрамды бөлігі болып, тиісті мемлекеттік құжаттарға жазуларды енгізу мен нақты жер учаскесіне меншік және пайдалану құқығын рәсімдеудің заңды шаралары ретінде қаралады. Қазақстан жағдайында ол мемлекеттік сипатқа ие.
Ол жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығы мен жер учаскесін пайдалану құқығын бекіту және қорғауға бағытталған. Жер тіркеу деректері заңды күшке ие. Оның міндетіне жердің құқықтық және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау, жүйелі сақтау және жаңалау кіреді.
Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу алдында заңды рәсімдеулер: жергілікті жерде учаскелердің белгіленген шекарасын бекіту, жер учаскелері ауданын анықтау және тиісті жоспарларды құру жүргізіледі. Бұл жұмыстар шаруашылық аралық жерге орналастыру тәртібімен орындалады. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жерді есепке алумен тығыз байланысты жүргізіледі.
Жерге меншік құқығын мен жер пайдалану құқығын тіркеу жер кадастрының құрамды бөлігі болып, тиісті мемлекеттік құжаттарға жазуларда енгізу мен нақты жер учаскесін меншік және пайдалану құқығын рәсімдеудің заңды шаралары ретінде қаралады. Қазақстан жағдайында ол мемлекеттік сипатқа ие.
Ол – жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығы мен жер учаскесін пайдалану құқығын бекіту және қорғауға бағытталған. Жер тіркеу деректері заңды күшке ие. Оның міндетіне жердің құқықтық және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау, жүйелі сақтау және жаңалау кіреді. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу алдында заңды рәсімдеулер: жергілікті жерде учаскелердің белгіленген шекарасын бекіту, жер учаскелері ауданын анықтау және тиісті жоспарларды құру жүргізіледі. Бұл жұмысты шаруашылықаралық жерге орналастыру тәртібімен орындалады. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жері есепке алумен тығыз байланыста жүргізіледі.
Жер қорын тиімді және ұтымды пайдаланудың маңызды шарты болып, жер пайдалану мен жер иеленудің олардың нысаналы мақсаттарына сәйкес қатаң қорғау және тұрақтылығын құқықтық қамтамасыз ету жатады. Жер иелену мен жер пайдаланудың тұрақтылығын мемлекет қамтамасыз етеді.
Жер учаскелері, заңға сәйкес, жер пайдаланушылар мен иеленүшілердің республика жер заңдарын бұзған жағдайда алып қойылуы мүмкін. Жер пайдалану мен жер иеленуді қорғауды жүзеге асыру үшін кімнің жер пайдаланушы немесе иеленуші екендігін және олардың пайдалану немесе иелену құқығы қандай нақты аумақта тарғандағы туралы мәлеметтер болуы керек. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу, нақты жер учаскелеріне мемлекеттік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу және жер туралы тиісті құжаттарға мәлеметтерді жазу мен байланысты көптеген мәселелерді қамтиды. Ол бәрінен бұрын жер учаскелердің құқықтық жағдайы туралы мағлұматтарды қамтамасыз етеді.
Жер пайдлануды тіркеу үшін тиісті мемелекеттік органның шешімі заңмен қарастырылған қажетті мақсаттардың негізінде тиісті мақсаттармен заңды немесе жеке тұлға жер учаскесін беру туралы және жерге орналастыру жобасының нақты мәнін шығару мен жергілікті жерде учаске шекарасын бекіту туралы қарастырылған құжаттар негіз болады.
Жер пайдаланушы немесе жер иеленушілерді мемлекеттік тіркелу рәсімделгеннен кейін жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалну құқығын беретін құжат пен бірге сол учаскенің жоспары беріледі. Жер учаскесін беру шешімінде қандай мақсат үшін бөліп берілетіні және жерді пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі. Пайдалануға жер бөліп беру барысында ауыл шаруашылық жер пайдаланушылардың басымдылығы қарастырылады .
Жер пайдалану немесе меншік құқығын беретін құжатта учаскенің нысыналы міндет атқарылуы бөлінетіні немсе бөлінбейтіндігі, сервитуттер мен басқа да ауыртпашылықтар мен шектеулер көрсетіледі.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануымен иеленуі болуы мүмкін жер учаскелері бір немесе бірнеше бөлек орналасқан, бірақ бірыңғай жер пайдаланушылықты береді, бір субъект соншалықты құқыққа ие, барлық бұл жерлерге ие ету, пайдалану бойынша міндеттері мен белгілі бір құқыққа ие.
Жер пайдалану немесе жер иелену нақты жер учаскесі түріндегі Мемлекеттік тіркеуде болады яғни кез келген жылжымайтын мүлік обектісі сияқты тек қана жер кадастрлық кітабына енгізіліп қоймай, тиісті роганлардың мемелекеттік тіркеуінен өтеді
Жер пайдаланушылар

  1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес;

  2. Ұлттық, шетелдік, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар;

  3. жеке және заңды тұлғалар

  4. Тұрақты және уақытша

  5. Бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.

6 ЖЕРДІҢ САПАСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ.
ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ АЛҚАПТАР ТҮРЛЕРІ МЕН ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САПАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры санаттары жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақтары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі. Сонымен, алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда ауылшаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық, жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі анықталады.


Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар 5 жылда бiр рет аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша жерлердiң сапалық жағдайы туралы есептер жасайды
Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады.
Егістік жерлерге - ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.
Тыңайған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді.
Тыңайған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті болып бөлінеді.
Көпжылдық екпе ағаштарына жеміс-жидек өнімдерін, техникалық немесе дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы көшеттер, иеленген жерлер жатады. Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік, жидектік, жемісті питомник плантация жатады.
Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.
Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.
Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.
Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі - ондағы өсімдіктердің өсіп-жетілуінің сапасы мен өзгешелігі болады. Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым басқан), желінбейтін (непоедаемыми) және улы өсімдікті болып бөлінеді.
Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тынайтқыш берілетін және күтім жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады.
Түпкілікті жақсартылған шабындық-бұл мерзіммен жаңартылып тұратын, жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу мақсатында түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді таза түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын егілген дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.
Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқтың қасы, оларға учаске ауданының 10% аз бөлігін жабатын учаскелер жатады.
Томарланған, бұталанған және орман аралас шабындықтар күшті және күшсіз болып бөлінеді. Егер оның ауданын 10%-дан 20%-ға дейін, ал томарлар 20%-дан көп жапқан болса күшті томарланған деп айтылады. Күшсіз бұталанған немесе әлсіз орман аралас шабындықтарға учаске ауданының 10%-ден 30%-ға дейін бұталар немесе ағаш өсімдіктері жапқан, ал күшті бұталанған немесе күшті орман араласқанда - ауданның 30%-дан 70%-ға дейін аумағын алып жатады.
Жайылымға - мал жайылымы үшін жарамды және жүйелі түрде пайдаланылатын көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған жерлер кірмейді. Жайылым да шабындық сияқты суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. Жайылымдар: түбегейлі жақсартылған жайылым, мәдени жайылым, отарлық жайылым, суландырылған жайылым болып бөлінеді.
Түбегейлі жақсартылған жайылым - шаруа малдары жайылатын жер оттарын көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген және сексеуіл мен бұталар пайда болған жер учаскелері.
Мәдени жайылым - түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уақытымен жайылымға мал айдайтын жайылымдар.
Орман аудандарына жататын жерлерге орманмен жабылған, егіс қорғайтын, су реттейтын, жыра-батпақ маңындағы орман жолақтары, жыралар мен сайлар бойындағы көшеттер, өзен бойындағы, суаттар, құмдар, қолайсыз жерлердегі орман саябақтары, орман питомниктері және кесіліп қалған ағаштар, ағаш кесетін жерлер мен қураған, күйген көшеттер, алаңдар (тоғай арасындағы ашық жер).
Орман белдеулеріне ауылшаруашылық алқаптарын эрозиядан, құрғақтану, желден қорғау мақсатымен және құрғату немесе суару тармақтарын қорғау үшін құрылған белдеу түріндегі орман көшеттері жатады.
Батпақтар - жер асты суларының көтерілуі және атмосфералық жауын-шашын нәтижесіне жер бетінің үстіңгі қабатының ылғалданып, суланып, шіріп кеткен, шымтезек түріндегі жерлерді батпақтар деп атайды. Олар өсімдігіне, су режиміне және шымтезек қатпары түріне байланысты ойпатты, төбелі және өтпелі болып бөлінеді.
Су асты жерлеріне жалпы су астындағы және өзендер мен жылғалар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да жасанды суаттар астындағы, каналдар, коллекторлар мен арықтар астындағы бөлек аудандар жатады.
Мал айдайтын жолдар, құрылыстар мен аулалар, көшелер мен аландар, құмдар, жарлар, мұздықтар, иеленген жерлер бөлек есептелінеді. Пайдалы қазбалары өндіру барысында бұзылған селдер, шөгінділер, ұсақ малта тастар, қиыршық тастар, саз балшықтар, ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын басқа иеленген жерлер де есепке алынады.
Суарылатын және құрғатылатын жерлер маңызды шаруашылықтық бағалы алқаптарға жатады. Бәрінен бұрын суарылатын жүйедегі жалпы аудандар есепке алынады.
Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастарын субъектілеріне бекітілген жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық есепке алу жатады.
Жердiң сапасын есепке алу және кадастрлық бағалау:

  • мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмдiлiгiн анықтау;

  • жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау;

  • салық салу;

  • жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi.

Жердiң сапасы және оның кадастрлық бағасы туралы мәлiметтер әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.

7 ҚҰНАРЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ. ТОПЫРАҚТЫ БОНИТЕТТЕУ




Бонитировка деген сөз латынша “bonitas” деген сөзден шыққан. Бұның аудармасы «сапалық, сапасы артушылық». Бонититеттеу дегеніміз топырақтың сапалылығын білдіреді. Топырақ бонитеті дегеніміз – оның сапасының көрсеткіші. Топырақтың сапасы, оның табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағаланады, ол ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығымен тығыз байланысты. Сондықтан топырақтың сапасын айыру дегеніміз, оларды ауылшаруашылық дақылдар шығымдылығымен өзара байланысты, табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағалау деп түсініледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет