А. Оралбекова кадастр негіздері 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығында оқитын студенттерге арналған дәрістік курс Өскемен, 2018 ОӘД 349. 414(075. 8)



бет4/5
Дата08.12.2023
өлшемі457 Kb.
#135233
1   2   3   4   5
Байланысты:
КЛ ОК

Жер учаскесінің базалық ставкасы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген, оларды мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн және мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жекеше сервитут белгілеу үшін төлемақының мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысымен белгіленген (кесте 1).
Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгiленедi. Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұл нормативтік құжат облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсан № 35/412-IV шешiмi және облыс әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 26 желтоқсан № 302 қаулысымен бекітілген (кесте 2).

Кесте 1
Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының


базалық ставкалары гектарына мың теңгемен

облыс

Ауыл шаруашылық алқаптары

| Топырақтың типтері мен шағын типтері



қара топырақты

Қою қызыл қоңыр

Қызыл қоңыр

Ашық қызыл қоңыр

қоңыр

Сұр қоңыр

Сұр қоңыр(күріш себу аймағы) 

құмдар
 

Сұр топырақты ашық және қарапайым 

Сұр топырақты (мақта шаруашылығы аймағы) 

Тауға жапсарлас, таулық ашық қызыл
 

Тауға жапсарлас, таулы қара топырақты және қызыл қоңыр

суб-
алпілік және
алпілік

Шайылған қарапайым

оңтүстік

Шығыс Қазақстан

Суарылмайтын
егістік

суармалы егістік


шабындық
жайылым

 
59,5
 
68,4
18,2
13,5

 
39,4
 
63,3
14,5
11,7

 
25,6
 
55,6
11,9
8,1

 
18,1
 
45,6
10,6
5,6

 
14,4
 
44,4
6,9
3,1

 
7,8
 
30,7
4,4
1,9

 
 
 
 
4,4
1,9

 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
1,9

 
14,5
 
66,0
10,6
5,6

 
 
 
 
 
 

 
26,8
 
 
11,9
8,1

 
49,4
 
 
14,4
9,4

 
 
 
 
10,6
8,1

















































Кесте 2
Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда,
облыстың кенттерi мен ауылдық елдi мекендерiнде жеке меншiкке
берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары



Р/с №

Облыстың
елдi мекендерi

Облыс орталығының ставкасынан алынған пайыз

1 шаршы метр үшiн төлем-ақының ставкасы (теңге)

1

2

3

4

1

Облыс орталығы

100

1304

2

Облыстық маңызы бар қалалар

85

1108,4

3

Аудандық маңызы бар қалалар

75

978

4

Мына аймақтарда орналасқан кенттер және ауылдық елдi мекендер:

кенттер

ауылдық елдi мекендер

кенттер

ауылдық елдi мекендер

далалық орманды, далалық және құрғақ далалық

25

15

326

195,6

шөлейт және жартылай шөлейт

18

10

234,72

130,4

тау бөктерiндегi-шөлейт -далалық, субтропикалық шөлейт және тау бөктерiндегi–шөлейт

30

18

391,2

234,72

Түзету коэффициенттері. Елді-мекен жерлеріне түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекаралары аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекендерде-аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қолаларда (Астана және Алматы қалаларында) облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органың ұсынысы бойынша облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкілді органның шешімімен бекітіледі. Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары бойынша түзету коэффициенттерін облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 3/33-III шешімімен бекітілген.
кесте 3
Өскемен қаласындағы жер телімдері үшін
төлемнің базалық ставкасына түзету коэффициенттері



Бағалау аймақтарының нөмірлері

Жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Бағалау аймақтарының нөмірлері

Жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкасына түзету коэффициенттері

1

0,54

5

1,31

2

0,78

6

1,47

3

0,91

7

1,69

4

1,10

8

1,94

Мемлекет ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн беретiн жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезiнде жер учаскесiнiң сапалық жай-күйiне, орналасуына, сумен қамтамасыз етiлуiне, қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығына байланысты түзету (арттыратын немесе кемiтетiн) коэффициенттерi қолданылады.


Алқаптардың түрi мен топырақтардың үлгiсi бойынша жер учаскесiнiң сапалық жай-күйi жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация және басқа зерттеу материалдары негiзiнде анықталады:
1) егiстiк құрамында пайдаланылатын жер учаскесiнiң құнын белгiлеу үшiн оның мелиорациялық жай-күйi мен жер бетiнiң еңiстiгiне қарай мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
жердiң мелиорациялық жай-күйi:
жақсы (топырағы тұзды емес және сортаң емес, тассыз, эрозияға ұшырамаған; жер асты суларының тереңдiгi: тұщы су - 3 метрден астам, минералды су - 6 метрден астам) - 1,2;
қанағаттанарлық (топырағы аздап тұзды, сортаңдау, тасы аз, аздап эрозияға ұшыраған; минералдануы төмен жер асты суларының тереңдiгі 3-6 м) - 0,9;
қанағаттанғысыз (топырағы орташа және аса тұзданған, орташа және аса сортаң, тастақ, орташа және күштi эрозияға ұшыраған; 1 г/л астам минералданған жер асты суларының тереңдiгi 3 метрден кем) - 0,6;
жер бетiнiң еңiстiгi:
1 градусқа дейiн - 1; 1-ден 3 градусқа дейiн - 0,98; 3-тен 5 градусқа дейiн - 0,96; 5-тен 7 градусқа дейiн - 0,93; 7 градустан астам 0,86;
2) табиғи жем-шөп алқаптары (шабындық, жайылым) құрамында пайдаланылатын жер учаскелерiнiң құнын айқындау үшiн учаскенiң сапалық жай-күйi мен жер бетiнiң еңiстiгiне қарай мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар:
көп жылдық шөп егiлiп, түбегейлi жақсартылған - 1,2;
өсiмдiк жамылғысының түр-құрамын өзгертпей, беткi қабаты жақсартылған - 1,1;
шабындық жердiң жай-күйi:
жақсы (ластанбаған, бұта-шiлiк баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсiмдiктердiң белгiлерi жақсы байқалатын жер учаскесi) - 1,2;
қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шiлiк басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiне дейiнгi алаңынан көрiнедi) - 0,9; қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шiлiк басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiнен астам алаңынан байқалады) - 0,7;
жер қабатының еңiстiгi:
3 градусқа дейiн - 1; 3,1-ден - 6 градусқа дейiн - 0,95; 6,1-ден 10 градусқа дейiн - 0,9; 10,1-ден - 20 градусқа дейiн - 0,85; 20 градустан астам - 0,5;
жайылымдық жердiң жай-күйi:
жақсы (ластанбаған, бұта-шiлiк (азыққа жарамайтын бұталар) баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсiмдiктердiң белгiлерi жақсы байқалатын жер учаскесi) - 1,2;
қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шiлiк (азыққа жарамайтын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiне дейiнгi алаңынан көрiнедi) - 0,9;
қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шiлiк (азыққа жарамайтын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiнен астам алаңынан байқалады) - 0,6;
жер қабатының еңiстiгi:
12 градусқа дейiн - 1; 13-тен - 20 градусқа дейiн - 0,8; 20 градустан жоғары - 0,6.
Жер учаскелерiнiң құнын анықтау үшiн жер учаскесiнiң суландырылуына, оның шаруашылық орталығына қарағанда орналасқан жерiне, қызмет көрсету саласының орталықтарынан қашықтығына байланысты мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
1) жер учаскесiнiң суландырылуы (сумен қамтамасыз етiлуi):
суландырылған - 1,2; суландырылмаған - 0,8;
2) жер учаскесiнiң шаруашылық орталығына қатысты орналасуы, километрмен:
беске дейiн - 1,2; 5-тен 10-ға дейiн - 1; 10-нан 20-ға дейiн - 0,9; 20-дан 30-ға дейiн - 0,8; 30-дан астам - 0,7;
3) жер учаскесiнiң қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы, жолдардың сапасына байланысты:
 



Қашықтығы, км

Тас жолдар

Қиыршық тас төселген жолдар

Жай жолдар

20-ға дейiн
21 - 40
41 - 60
61 - 80
81 - 100
100-ден астам

1,4
1,2
1,0
0,8
0,6
0,5

1,1
0,9
0,7
0,5

0,7
0,6
0,5

Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын арттыратын немесе кемiтетiн бiрнеше факторлар болған кезде коэффициенттер көбейтiледi.
Мемлекет ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беретін жер учаскелерін кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде жер учаскесінің сапалық жай-күйіне, орналасуына, сумен қамтамасыз етілуіне, қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығына байланысты түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерді қолданады.
Алқаптардың түрі мен топырақтардың үлгісі бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі жер кадастр карталары, тапырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация және басқа зерттеу материалдары негізінде анықталады:
1) егістік құрамында пайдаланылатын жер учаскесінің құнын белгілеу үшін оның мелиорациялық жай-күйі мен жер бетінің еңістігіне қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
жердің мелиорациялық жай-күйі:
жақсы (топырағы тұзды емес және сортаң емес, тассыз, эрозияға ұшырамаған; жер асты суларының тереңдігі:тұщы су-3метрден астам, минералды су -6метрден астам)-1,2;
қанағаттанарлық (топырағы аздап тұзды, сортаңдау, тасы аз, аздап эрозияға ұшыраған;минералдануы төмен жер асты суларының тереңдігі 3-6 метр)-0,9;
қанағатсыз (топырағы орташа және аса тұзданған, орташа және аса сортаң, тастақ, орташа және күшті эрозияға ұқшыраған; 1г/л астам минералданған жер асты суларының тереңдігі 3 метрден кем)-0,6;
жер бетінің еңістігі:
1 градусқа дейін-1; 1-ден 3 градусқа дейін-0,98; 3-тен-5 градусқа дейін-0,96, 5-тен 7 градусқа дейін -0,93; 7 градустан астам 0,86;
2) Табиғи жем – шөп алқаптары (шабындық, жайылым) құрамында пайдаланылатын жер учаскелерінің құнын айқындау үшін учаскенің сапалық жай-күйі мен жер бетінің еңістігіне қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар:
көп жылдық шөп егіліп, түбегейлі жақсартылған-1,2
өсімдік жамылғысының түр-құрамын өзгертпей,беткі қабаты жақсартылған-1,1;
шабындық жердің жай-күйі:
жақсы (ластанбаған, бұта-шілік баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсімдіктердің белгілері жақсы байқалатын жер учаскесі)-1,2;
қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шілік басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 процентіне дейінгі алаңынан көрінеді)-0,9;
қанағатсыз (ластанған, бұтшілік басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 процентінен астам алаңынан байқалады)-0,7;
жер қабатының еңістігі:
3 градусқа дейін-1; 3,1-ден-6 градусқа дейін -0,95; 6,1-ден 10градусқа дейін 0,9; 10,1-ден -20 градусқа дейін -0,85; 20 градустан астам -0,5;
жайылымдық жердің жай-күйі:
жақсы (ластанбаған, бұта-шілік (азыққа жарамайтын бұталар)баспаған,ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсімдіктердің белгілері жақсы байқалатын жер учаскесі)-1,2;
қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шілік(азыққа жарамайтын бұталар)басқан, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрлымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 процентіне дейінгі алаңынан көрінеді) -0,9;
қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шілік (азыққа жарамайтын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрлымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 процентінен астам алаңынан байқалады)-0,6;
жер қабатының еңістігі:
12 градусқа дейін-1; 13-тен-20 градусқа дейін -0,8; 20 градустан жоғары-0,6.
Жер учаскелерінің құнын анықтау үшін жер учаскесінің суландырылуына, оның шаруашылық орталығына қарағанда орналасқан жеріне, қызымет көрсету саласының орталықтарынан қашықтығына байланысты мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1) жер учаскесінің суландырылуы (сумен қамтамасыз етілуі):
суландырылған-1,2; суландырылмаған-0,8;
2) жер учаскесінің шаруашылық орталығына қатысты орналасуы, километрмен: беске дейін-1,2; 5-10-ға дейін-1; 10-нан-20-ға дейін -0,9; 20-дан 30-ға дейін -0,8; 30-дан астам -0,7;
3) жер учаскесінің қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы, жолдардың сапасына байланысты:



Қашықтығы

Тас жолдар

Қиыршық тас төселген жолдар

Жай жолдар

20-ға дейін
21-40
41-60
61-80
81-100
100-ден астам

1,4
1,2
1,0
0,8
0,6
0,5

1,1
0,9
0,7
0,5

0,74
0,6
0,5

9 ЖЕРЛЕРДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Жерді экономикалық бағалау – экономикалық көрсеткіштер бойынша экономикалық құнарлығын салыстырып бағалау.


Жерді экономикалық бағалау-жер кадастры жүйесінде экономикалық, өндірісе қолданылатын жердің құндылығын, табиғи және экономикалық жағдайларын есептеудегі экономикалық көрсеткіш көмегімен топырақтың әр-түрлілігімен өндірістік қабілеттілігін анықтаумен мінезделеді. Экономикалық бағалау мәліметтері келесі есептерді шешуге қажет:

  • Жерді пайдаланушылардың, жеке меншік иесінің, жалға алушының меншігіндегі жерлердің шаруашылық іс-әрекетін бағалауға;

  • Жер учаскесін бөлуге және беруге;

  • Жердің нормалық бағасын, жер салығын, жердің жалға беру бағасын бекітуге;

  • Мемлекеттік меншіктегі жер қорларын жеке және мемлекеттік меншікке беруге қажет.

Экономикалық бағалаудың ең басты мақсаты-көп жақтылы есептеу негізінде ауыл шаруашылығындағы әр-бір шаруашылық жерлерінің өнімділігін және оларды пайдаланудағы экономикалық тиімділігін және жер учаскенің әр-түрлілігін пайдаланудағы қоғамдық еңбекті анықтау болып табылады. Республикада ауыл шаруашылық жерлерін бағалау келесі мақсаттарға сәйкес жүргізіледі:

  • Нысаналы мақсатты ескере отырып, жер учаскелерін пайдалану тиімділігін анықтау;

  • Жер учсаскесін кепілдікке беру арқылы несие алу;

  • Салық салу, жерді жалға алу төлемдерін анықтау;

  • Мемлекеттік мүдделер үшін жер учаскелерін алып қою кезінде;

  • Жер учаскелерінің жемесе жерді пайдалану құқығын сату кезінде оның бағасын білу.

Жерді бағалау үшін жер бағалық аудандау өткізіледі. Содан кейін, сол жерлердің шекараларынада топырақ бонитировкасы және жердің экономикалық бағалау жүргізіледі. Жерді экономикалық бағалау 2-ге бөлінеді

  1. Жалпы бағалау-жалпы ауылшаруашылық дақылдары бойынша бағаланады;

  2. Жеке бағалау-жеке ауыспалы егістіктер бойынша бағаланады.

Бағалау көрсеткіштері: өнім құндылығы (ӨҚ), шығын қайтарымы (ШҚ), дифференциалдық табыс (ДТ)
Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар:

  1. дайындық жұмыстары, бастапқы ақпаратты жинау, өңдеу;

  2. топырақтарды бонитеттеу;

  3. жерлерді жалпы және жеке экономикалық бағалау;

  4. жерді бағалау мағлұматтарын қарау;

  5. жерді бағалау материалдарын жасап шығару, беру.

Дайындық жұмыстары 2 бөлінеді:



  1. камеральдық, дайындық жұмыс;

  2. далалық жұмыстар.

Камеральдық дайындық жұмыстары келесі мәліметтерді қамтиды

  1. жердің сапалық және сандық есепке алу мәліметтері;

  2. агро климаттық көрсеткіштері.

Жерді бағалау кезеңдері:
1кезең-Бастапқы құжаттарды жүйелі түрде жұмысқа дайындау.
2 кезең-Жер бағалаудағы аудандау.
3 кезең- Топырақты агроөндірістік топтастыру.
4 кезең- Өнімділік бойынша бағалау шкаласын құру.
5 кезең-Жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
6 кезең-Жер бағалаудағы құжаттарды дайындау және беру.
Жер бағалау жұмыстарын жүргізудегі құжаттар:
Есептік нормативтік құжаттама (коэффиценттік кестелер). Ішкі шаруашылық жерді бағалау жеке шаруашылықтар бойынша жүргізіледі. Жерді бағалау үшін жер жер бағалық аудандау өткізіледі. Содан кейін, сол жерлердің шекараларынада топырақ бонитировкасы және жердің экономикалық бағалау жүргізіледі. Жерді экономикалық бағалау 2-ге бөлінеді

  1. Жалпы бағалау-жалпы ауылшаруашылық дақылдары бойынша бағаланады;

  2. Жеке бағалау-жеке ауыспалы егістіктер бойынша бағаланады.

Бағалау көрсеткіштері: өнім құндылығы (ӨҚ), шығын қайтарымы (ШҚ), дифференциалдық табыс (ДТ).
Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар:

  1. дайындық жұмыстары, бастапқы ақпаратты жинау, өңдеу;

  2. топырақтарды бонитеттеу;

  3. жерлерді жалпы және жеке экономикалық бағалау;

  4. жерді бағалау мағлұматтарын қарау;

  5. жерді бағалау материалдарын жасап шығару, беру;

Бағалаудың есептік - конструктивтік әдісі. Шаруашылықтардың егістік жерлеріне бағалау шкаласын жасау төмендегі ретпен жүргізіледі:
Шаруашылықтың егістік жерлерінінің балл бонитеті әрбір топырақ түрлерінің балл бонитеттерінің орташа өлшемдері бойынша мына формуламен анықталады:
Бш =∑ К1-п∙Б1-п , бұндағы,
∑ К1-+п
Бш-шаруашылық егістігінің балл бонитеті,
К1-п-топырақ түрлері тармақтарының көлемі;
Б1-п-топырақ түрлері тармақтарының балл бонитеті.
Құрама (комплексті) топырақты жер участкелерінің балл бонитеті әр құрамның (комплекстің) компонентінің орташа өлшем мөлшеріне сәйкес біркелкі контурға негізделіп қайтадан есептеледі: әрбір топырақ түрлерінің сапалық баллдары ауыл шаруашылық дақылдардың көпжылдық орташа шығымдылығымен салыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет